Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать
  1. Металлизация дегеніміз не?

Электр тоғы адам ағзасына әртүрлі электрлік жарақаттар (электрлік күйік, тері металлизациясы, электрлі белгі, электроофтальмия) және электрлі соққыға алып келуі мүмкін.

Металлизация - механикалық және химиялық әсерлер нәтижесінде пайда болады, яғни терінің терең қабатына бу тәрізді және балқытылған металды бөлшектер енген кезде зақымдалған жердің беткі қабаты қатты қызарып кетеді.

  1. Электроофтальмияның себептерін түсіндіріңіз

Электроофтальмия – электрлі доғаның ультракүлгін сәулелерінің күшті қуаты кезінде көздің қабынуы.

Көздің дәнекерлеу кезінде күюі- медицинада оны электроофтальмия деп атайды. Бұл кезде зақымдаушы фактор күшті ультракүлгін сәуле болып келеді. Осыған ұқсас күйік альпинистерде қатты жарқыраған күн сәулесінен немесе қарға шағылысқан сәуледен, медицина қызметкерлерінде кварцтау кезінде болады. Табиғи, күннің ультракүлгін сәулесі атмосфераның озон қабатынан өткенде сәуле спектрінің қатаң бөлігін жоғалтады да, көзге зақым етпейді. Бірақ биік тау басында атмосфера қабаты аз болғандықтан, ол жердегі сәуленің көзге зияны мол.

Дәнекерлеу кезінде және соған ұқсас күйіктер кезінде күю симптомдары мардымсыз болса да, көзде қатты ауырсыну болады. 8 сағат ішінде белгілері күшейеді. Жас ағу, жарықтан қорқукөз алдында дақтар болуы, блефароспазм болады. Конъюнктива ісінген, қызарған, қасаң қабық зақымдалмаған. Дәнекерлеумен күю кезінде өзгерістер қайтымды, бірнеше күннің ішінде жазылады.

  1. Адам денесінің электр тоғына деген кедергісін түсіндіріңіз

Адам денесінің кедергісі – терінің, ішкі ағзаның кедергісімен сипатталады. Дені сау, терісі таза, құрғақ адамда ол 3000-100000 Омға дейін болады. Ауырғанда, терінің ылғал кезінде ол 500-700 Омға дейін төмендейді. Сондықтан да адам денесінің кедергісі 1000 Ом деп есептелінеді.

Айнымалы тоқ 25–30 мА қауіптілік тудырады; 50 мА жоғары тоқ зақымдауға, кейде өлімге әкеледі; 100 мА жоғары тоқ өлімге әкеледі.

Зақымдаушы тоқ шамасы тоқ кернеуіне байланысты болады. Кернеу жоғарылаған сайын тоқ шамасы да арта түседі.

  1. Қоршаған ортада электр құрылғыларының зақымдалуына әсер етуші факторлар

Өндіріс орындарында, технологиялық процестерде металдарды балқыту үшін, металдарды термиялық өңдеу үшін, диэлектриктер мен жартылай өткізгіштерде, ғылыми зерттеулерде, медицинада жоғары жиілікті диэлектрикті қыздыру үшін – ультра жоғары жиілікті тоқтар, ал радиотехникада ультра жоғары және өте жоғары жиілікті тоқтар пайдаланылады. Жоғары жиілікті тоқты қолдану кезінде пайда болатын әртүрлі диапазондағы электромагниттік өрістер қандай да бір кәсіби зияндылық алып келеді Сондықтан электромагнитті өрістерден қорғану шараларын қолдану керек.

  1. Электр тоғының шамасы бойынша адам ағзасына әсері

Тоқ, мА

Айнымалы тоқ, 50-60 Гц

Тұрақты тоқ

0,6–1,5

Жеңіл тітіркену, саусақтардың қалтырауы

Сезілмейді

2–3

Қол саусақтарының қатты қалтырауы, дірілдеуі

Сезілмейді

5–10

Қолдың тартылуы

Қызуды сезіну

12–15

Электр желісінен қолды тарту қиын болады. Қолдың қатты ауыруы

Қызудың жоғарылауы

20–25

Қолдың тосыннан жұмыс істемей қалуы, электродтардан қолды тартып алу мүмкін емес, өте қатты әсерлер, тыныс алудың қиындауы

Қызудың өте қатты жоғарылауы.

Қол бұлшықеттерінің тартылуы

50–80

Тыныс жолдарының тартылуы. Жүректің қысылуы

Қызуды қатты сезіну

Қолдың, бұлшықеттердің тартылуы. Тыныс алу қиындығы

90–110

Тыныс алу мен жүрек соғуының тоқтауы

Тыныс алудың тоқтауы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]