Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

6.Жұмыс берушінің актілерін атаңыз

Жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері.

7.Өндірістегі жазатайым оқиға дегеніміз не?

Өндірістегі жазатайым оқиға – еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе өлімге әкеп соқтырған қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсер етуі.

8.Үстеме жұмыс дегеніміз не?

Үстеме жұмыс – қызметкердің жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс.

9.Қауіпті өндірістік фактор дегеніміз не?

Қауіпті өндірістік фактор – жұмысшының еңбек қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты түрде айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

10.Зиянды өндірістік фактор дегеніміз не?

Зиянды өндірістік фактор – қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор

17.Еңбек қорғауды басқару дегеніміз не?

Еңбек қорғауды басқарубұл өндіріс үрдісіндегі адамдардың еңбектік қызметін реттеу жайлы және қолайлы еңбек шарттарын қалыптастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сол жердегі қызметтегі тұлғалардың, жалпы ұйымдардың және мемлекеттік, шаруашылық әрекеттегі мақсатқа сай, жоспарлы тұрақты жағдайларын қалыптастыру болып табылады. Ол өндірістегі басқарудың бірден-бір ажырамайтын бөлігі. Кез-келген өндірістік басқару әрекеттері немесе шешімдері, сонымен бірге кез-келген жобалар мен өндірістегі басқарудың құжаттары әрқашанда еңбек қорғау бойынша шараларды қарастырып отыруы қажет.

18.Өндірістегі еңбек қорғауды басқару (біріктіру) қандай қызметтерден тұрады?

19.Еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықтық актілерге қандай актілер қатары жатады?

Еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықтық актілерге:

1) Жұмыскерлердің денсаулығы туралы мәліметтер;

2) Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге қажетті рұқсат етілген құжаттамалар (наряд-рұқсаты);

3) Өндірістік жабдықтар, көліктер, көтеру құрылғылары, қосымша жабдықтар, құралдар, аспаптарды дайындауға арналған құралдарды сынауға рұқсат етілген актілер;

4) Жазатайым оқиғаларды және өндірістегі кәсіби ауруларды тексеру мен зерттеуге қажетті актілер;

5) Еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижелері;

6) Еңбек қорғауды жоғары басшылардың басқару жүйесінің талдау және аудит, сәйкес бақылау, ағымды бақылау нәтижелері жатады.

20.Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттылығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп объектілерінің жалпы қауіптілік деңгейі ҚР 2014 жылдың 11 сәуірінде бекітілген «Азаматтық қорғау туралы» заңы бойынша анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]