Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

78 Шу және дірілден қорғану шараларын атаңыз

Шу көзін төмендету шу шығармайтын технологиялық процестер мен жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға, мысалға: металл өңдеудегі электрфизикалық әдістер жатады, яғни соққысыз арнайы тойтарма көмегімен дәнекер, желімдеу, престеу қосылыстары, құйма өндірісіндегі тазалау және автоматизация түрлері, қысыммен құю, профильді өңдеу технологиясы, дірілді және соққылы тығыздықты престеу, гидравликалық жетектердің орнына пневматикалық жетекті қолдану, жіңішке темір құймасы және т.б. Шуды төмендету жолын таңдау үшін берілген өндірістік жабдықтың күйін білу қажет

79 Өндірістік шаңдар. Өнеркәсіптік шаңның түзілу себептері

Өндірістік шаң - ең кең таралған зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бірі. Шаң көптеген әр түрлі технологиялық үрдістер кезінде жұмыс зонасы ауасына бөлініп, өндірістердің басым көпшілігінде кездеседі.

Өндірістік шаңдар – бұл әртүрлі өндірістік процестер кезінде түзілетін ұсақ дисперсті бөлшектер. Бұл өндірістер – пайдалы кен қазбаларын алу, машина жасау және тау-кен-металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.с.с.

Өнеркәсіптік шаңның түзілуінің негізгі көздеріне келесі процестер жатады: қатты заттарды механикалық ұсату, уату; бөлшектеу, кесу; материал беттерін өңдеу – ажарлау, түзету және т.б.; уатылған материалдарды тасымалдау, араластыру, жинақтау. Одан басқа шаң отынның жануы және басқа да әртүрлі химиялық процестер кезінде түзіледі.

Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады, оның дисперсті фазасы - қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы – ауа болып табылад

84 Шаңның адам ағзасына әсері

Шаңның адам ағзасына әсер етуі оның қасиеттеріне: химиялық құрамына, физико-химиялық қасиеттеріне, қаттылығына, адсорбциялық қасиетіне байланысты болады. Шаңның химиялық құрамы оның ағзаға әсер етуінің сан алуандығын анықтайды. Өкпеде дәнекер тіннің өсіп кетуіне алып келетін басым фиброгенді әсер ететін және әсер ету сипаты басқа да – уландыратын, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы және т.с.с. шаңдарды ажыратады. Құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы, силикаттар, металлдар мен олардың тотықтары және т.б. бар шаңдар ең айқын фиброгенді қасиетке ие. Улы емес шаңның ерігіштігі оның өкпеден бөлінуін тездетеді және фиброз дамуын бәсеңдетеді, ал нашар еритін фиброгенді шаңдар өкпеде жиналып, фиброздың дамуына алып келеді. Егер шаң улы болса, онда оның ерігіштігі ағзаға тез түсуіне және улы әсерінің эффектілері дамуына ықпал етеді. Нашар еритін улы шаң өкпеде ұсталынып, уландыратын әсері аз болады.

Шаңның ауада қалқып жүру ұзақтығы мен тыныс жолдарына ену тереңдігі оның дисперстілігіне байланысты болады. Көрінетін шаң тез қонады, тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарында ұсталынып қалады және түшкіргенде және жөтелгенде сыртқа шығады. Көрінетін шаң жиі терең дем алумен жүретін ауыр жұмыстарды орындаған кезде фиброз дамуында елеулі роль атқаруы мүмкін. Микроскопиялық бөлшектер ауада қалқыған күйінде ұзақ уақыт болады және өкпеге терең енеді. Фиброгендік үрдістер дамуында оларға негізгі рол беріледі. Ультромикроскопиялық бөлшектер олардың жиынтық массасы аз болғандықтан спецификалық аурулардың дамуында айтарлықтай маңызды емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]