Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

59. Өндірістік ауа алмасу дегеніміз не?

Ауа алмасу кезінде ауа қозғалысының әсерінен қысым шамасы өзгереді.

Ауаның қозғалыс жылдамдығын ауа өткізгіштердің бастапқы және орталық учаскелерінде 8–12 м/с, шекті 14–18 м/с, соңғы учаскелерінде 4 – 6 м/с деп қабылдаймыз.

Ауаны қыздыруға арналған калориферлер екі түрде дайындалады: бір жолдық (жылу тасымалдауыш – бу немесе су) көп жолдық (жылу тасымалдауыш – су). Калориферлер моделі және нөмірі бойынша бөлінеді (өлшемі, қыздыру қабаты, қимасы бойынша). Калориферлер ауаны қыздыру санымен (кг/сағ), оны қыздырудағы жылу шығыны (кДж/сағ) алынады.

Жабдықтарда ауаны жіберу үшін әдетте сыртқы қабырғалардағы ағын камераларының ішіне ауа айдалады.

Сығылған ауа өндірістік ғимараттардың жұмыс зонасына түседі (жалпы ауа алмасу кезінде, желдетуде және жылу мен газдың бірігіп бөлінуінде, максималды шаң концентрацияларына ие жұмыс зонасында) немесе ғимараттың жоғарғы бөлігіне (шаң мен газдың жергілікті сорғыштары кезінде немесе нақты жылудың жоғалуында, сонымен қатар ұшқыш ерітінділердің бу және шаңының жергілікті сораптарында) немесе бір бөлігі жұмыс зонасының жоғарғы немесе төменгі бөліктеріне (ылғал кезінде) түседі.

Ауаны жою жоғарғы немесе төменгі зоналарда қарастырылады. Атмосфераға ластанған ауаны шығару ғимараттың жоғары бетіндегі арнайы құбырлар арқылы жүргізіледі

60. Желдеткіш жұмысының тиімділігін және бөлмедегі көмірқышқылды, зиянды газдарды, буларды, шаңдарды, артық ылғалды, сонымен қатар жылуды жоюдың есептеу жолдарын түсіндіріңіз

Желдету қондырғылары ауаны жинайтын шахтадан, ауа өткізгіштен, шаң тазартқыштан, ылғалдандырғыштан, калориферлерден, ауаны тарататын құрылғылардан, олардың ең негізгісі болып саналатын желдеткіштен тұрады. Олар толық қысыммен Н, өнімділігімен L, қуатымен N, пайдалы әсер коэффициентімен (ПӘК) сипатталады. Желдету мен артық жылуды жоюды есептеу жолдары. Ауаның көлемі бөлмедегі көмірқышқылдың жойылуын талап етеді, м/сағ:

мұндағы: G – бөлмеде бөлінетін көмірқышқылдың мөлшері, г/сағ немесе л/сағ; x2 – жұмыс аймағы ауасындағы көмірқышқылдың шоғырлануы, г/м3 немесе л/м3; x1 – сыртқы ауадағы көмірқышқылдың шоғырлануы, г/м3 немесе л/м3

61. Шу дегеніміз не? Акустикалық шу

Шу – бұл есту мүшесіне және адам денсаулығына әсер ететін зиянды немесе қауіпті дыбыс. Өндіріс орындарында шудың негізгі көзіне машиналар мен механизмдер, электромагнитті құрылғылар, ауаны желдету және кондиционерлеу жүйелері, металды уату-ұсату қондығылары, білдектер және т.б. жатады. Адам әр жиіліктегі шуды бірдей сезінбейді. Сол себептен шудың негізгі сипаттамаларының бірі f жиілік болып табылады, жиілік - герцпен (Гц) өлшенеді. Шу дыбыстық толқындардың көрсеткішімен сипатталынатын физикалық құбылыс. Оларға: жиілік (f) және тербеліс жылдамдығы (w), дыбыс қысымы (p), дыбыс қарқындылығы (J), дыбыстың қуаты (N), дыбыстық энергияның тығыздығы (E) жатады Акустикалық шу – ағзаға ерекше қасиетімен әсер ететін және күрделі уақыттық құрылымымен ерекшеленетін, үндестігі жоқ (гармониялық емес) дыбыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]