- •Өлшеу шкалалары
- •1.4 Өлшеу міндеттері
- •1.5 Объектінің математикалық моделі
- •1.6 Өлшеу принциптері мен әдістері
- •2.1 Физикалық шамалар мен олардың бірліктер жүйесі
- •2..2 Физикалық шамалардың бірліктер жүйесін құру принциптері
- •2.3 Өлшем бірліктері туралы түсініктемелер
- •3.2 Қателіктерді бағалау принциптері
- •3.3 Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •3.4 Кездейсоқ қателіктер. Сенімді ықтималдық пен сенімді интервал
- •4.2 Бөгеулердің түрлері
- •Сурет. 4.2 Үздіксіз (1) және уақыт бойынша үздіксіз бен өлшемі бойынша квантталған (2) сигналдар
- •5..2 Өлшеу құралдарының статикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.3 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.4 Қарапайым өлшеу құралдары
- •Сурет 6.1 Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
- •6..2 Өлшеу жүйелері
- •6.3 Өлшеп-есептеу кешендері
- •Сынау сигналдары
- •Сурет 7.1 Шунтты микроамперметрдің схемасы
- •7..2 Айнымалы ток тізбектеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу құралдары
- •7.3 Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу
- •8.2 Сандық өлшеу аспаптары жөнінде жалпы мағлұматтар
- •8.3 Сандық вольтметрлер
- •Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
- •Кедергі термотүрлендіргіштері
- •Термоэлектрлі түрлендіргіштер
- •Сурет 9.2 Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы
4.2 Бөгеулердің түрлері
Өлшеу сигналдары бөлек түрде өлшеу құралдарында сирек кездеседі. Оларға әрқашанда бөгеулер ілеседі. Бөгеу деп өлшеу сигналымен біртекті және олармен бір уақытта әрекет ететін сигналды айтамыз. Оның болуы өлшеу қателіктерін тудырады. Бөгеулерді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады.
Пайда болу орнына байланысты бөгеулер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы бөгеулердің пайда болу себебі болып табиғи процестер мен әртүрлі техникалық құралдарының жұмысы болып табылады. Соңғысы индустриялдық деп аталатын бөгеулер туғызады. Ішкі бөгеттер өлшеу қүралының жұмысы кезінде жүретін процестерден пайда болады.
Жеке спектрдің түріне байланысты бөгеулер ақ және қызғылт болып бөлінеді. Ақ шудың спектральді құрамалары барлық жеке диапазон бойымен біртекті таралған. Қызғылт шудың декада жиілігіне келетін спектральды қуаты тұрақты болады.
Негізгі қасиеттеріне байланысты бөгеулерді үш түрге бөлуге болады: флуктациялық, шоғырланған және импульсті.
Флуктациялық сигналдар өзінше өлшеу құралының кез-келген орнында өлшенетін сигналдың уақыт бойынша ретсіз, хаостикалық өзгеруін береді. Мұндай бөгеулерді көбінесе шу деп атайды. Мысалы –өлшенетін электронды күшейткіштердің ішкі шулары.
Шоғырланған қателіктер деп қуаттың басты бөлігі СИ-дің өткізу жолағынан кіші жиілік диапазонының жеке аймақтарына жинақталған қателіктерді айтады. СИ-дің өлшеу тізбегіндегі өнеркәсіптік күшті торабының 50 Гц жиілігіне келтірілетін бөгеулер шоғырланған болып табылады. Оларды басу тиімділігі едәуір мөлшерде жеке спектр жөніндегі априорлы мәліметтердің айғақтылығымен анықталады.
Импульсті бөгеулер деп өлшеу сигналдарымен біртекті импульстік сигналдардың жүйелі немесе хаостикалық тізбегін айтады. Мұндай бөгеулердің қорек көзі болып СИ жүйесінің санды және коммутациялы элементтері немесе олармен бірге жұмыс істейтін құрылғылар жатады. Импульсті бөгеулердің ерекше мысалы болып ішкі жану қозғалтқыштарының оталдыру құралдарынан туған бөгеулер жатады. Импульсті және шоғырланған бөгеулерді әдетте туралаушылар деп атайды.
Бөгеулердің негізгі әрекет салдарынан өлшеу қателіктері пайда болғандықтан, онда оларды жоюға, немесе бөгеулерді жою әсері мақсатқа сай мүмкін болса, олардың пайда болу себептерін болдырмауға тырысады. Бөгеулерге қарсы күрес тәсілдері едәуір мөлшерде олардың өлшеу сигналдары мен бөгеттер түріндегі спектралды құрамына тәуелді.
Ақпаратты параметрлерінің өзгеру сипаты бойынша сигналдар төрт топқа бөлінеді:
уақыт пен өлшемі бойынша үздіксіз;
өлшемі бойынша квантталған және уақыт бойынша үздіксіз;
уақыт бойынша дискреттелген және өлшемі бойынша үздіксіз;
уақыт бойынша дискреттелген және өлшемі бойынша квантталған.
Уақыт пен өлшемі бойынша үздіксіз сигналдар – кеңінен тараған сигналдар (сурет. 8.1, 1 қисық).
Олар өлшеу тәжірибесінде көп қолданылады., өйткені макроәлемнің барлық алғашқы табиғи сигналдары уақыт пен өлшемдері бойынша үздіксіз. Мұндай сигналдар сигналдың кез-келген уақыт моментінде анықталған және олардың өзгеру аралығының кез-келген мәнін қабылдайды.
Уақыт бойынша үздіксіз және өлшемі бойынша квантталған сигналдар уақыт пен өлшемі бойынша үздіксіз және олардың квантталуынан туған сигналдардан алынады. Кванттау – үздіксіз түрде өзгеретін шамаларды берілген саты өлшемі q – квантпен сатылы түрде өзгеретін шамаға өлшеп түрлендіру. Осы операцияны жүргізу нәтижесінде Ymn -нен Ymax-ге дейінгі аралықтағы Y(t) сигналы мәндерінің үздіксіз көпмүшесі Yкв(t) мәнінің дискретті көпмүшесіне түрленеді (сур. 8.1). Кванттау өлшеу техникасында кеңінен қолданылады. Табиғи квантталған физикалық шамалар бар. Оларға кванты электрон заряды болып табылатын электрлі заряд, кванты осы берілген денеден тұратын молекула немесе атом массасы болып табылатын дененің массасы және т. б. жатады.
