- •Өлшеу шкалалары
- •1.4 Өлшеу міндеттері
- •1.5 Объектінің математикалық моделі
- •1.6 Өлшеу принциптері мен әдістері
- •2.1 Физикалық шамалар мен олардың бірліктер жүйесі
- •2..2 Физикалық шамалардың бірліктер жүйесін құру принциптері
- •2.3 Өлшем бірліктері туралы түсініктемелер
- •3.2 Қателіктерді бағалау принциптері
- •3.3 Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •3.4 Кездейсоқ қателіктер. Сенімді ықтималдық пен сенімді интервал
- •4.2 Бөгеулердің түрлері
- •Сурет. 4.2 Үздіксіз (1) және уақыт бойынша үздіксіз бен өлшемі бойынша квантталған (2) сигналдар
- •5..2 Өлшеу құралдарының статикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.3 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.4 Қарапайым өлшеу құралдары
- •Сурет 6.1 Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
- •6..2 Өлшеу жүйелері
- •6.3 Өлшеп-есептеу кешендері
- •Сынау сигналдары
- •Сурет 7.1 Шунтты микроамперметрдің схемасы
- •7..2 Айнымалы ток тізбектеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу құралдары
- •7.3 Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу
- •8.2 Сандық өлшеу аспаптары жөнінде жалпы мағлұматтар
- •8.3 Сандық вольтметрлер
- •Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
- •Кедергі термотүрлендіргіштері
- •Термоэлектрлі түрлендіргіштер
- •Сурет 9.2 Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы
Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
Температураны өлшеу аспаптары әрекет ету принциптеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді.
Ұлғаю термометрлері, олардың әрекет принциптері сұйықтың (сұйықты) көлемі немесе қатты денелердің (биметталды және дилометриялық) сызықты өлшемдерін температура байланысты өзгертуге негізделген. Мұндай термометрлермен өлшеудің шектері –190-нан 600 0С-ға дейін. Манометрлік термометрлер, олардың тұйықталған көлемінде орналасқан сұйықтардың, булы сұйықты қоспалардың немесе газдардың қысымдары температураға байланысты өзгереді. Олар -5-тен +630 0С аралығындағы температураны өлшеуүшін пайдаланады.
Кедергінің термотүрлендіргіші, олар әртүрлі материалдардың электр кедергілері температураны өзгерту кезінде өзгертуге негізделген. Температураны өлшеу шектері бұл жағдайда 10-260-дан + 100 0С-ға дейін металды үшін және –100-ден +300 0С-ға дейін жартылай өткізгіш кедергі термометрлері (термистрлер) үшін құрайды.
Термоэлектрлі термометрлер (термоэлектрлі түрлендіргіштер), олардың әрекет принциптері әртекті термоэлектрод-өткізгіштерден немесе жартылай өткізгіштерден тұратын тұйықталған тізбектің спайларының біреуінің температурасын өзгерту кезіндегі электрқозғалтқыш күшінің пайда болуына негізделген. Олар –50-ден +2500 0С-ға дейінгі температураларды өлшеу үшін қолданылады. Жоғарыда келтірілген термометрлер температураны өлшеудің контактылы аспаптарына жатады.
Температураны өлшеудің контактасыз аспаптарына сәулелену пирометрлері жатады, оларға:
бөлшектеп сәулелену (оптикалық) пирометрлері, дененің монохроматикалық сәулеленуінің интенсивтігі температураға байланысты өзгеруіне негізделген. Өлшеу шектері 800-ден 6000 0С-ға дейін;
түрлі-түсті пирометрлері, олардың 200-ден3800 0С-ға дейінгі аралықтағы температураны өлшеу екі толқын ұзындығының сәулелену интенсивтігінің қатынасын өлшеу есебінен жүреді;
радиациялы пирометрлері, қыздырылған дененің сәулеленуінің толық қуатын өлшеуге негізделген. Өлшеу шектері 20-дан 2000 0С –ға дейін.
Ғылым мен техника салаларына байланысты температураны өлшеудің көптеген принциптері мен құралдары қолданылады. Кеңінен тарағаны қолданылатын термометрлік қасиет пен өлшеу диапазонына байланысты жіктемелері төмендегі 9.1-кестеде келтірілген температураны өлшеу құралдары жатады.
Кесте 9.1
-
Термометрлік
қасиеттері
Құралдың
аталуы
Өлшеу диапазоны, 0С
Жұмысшы заттың қысымының тұрақты көлемде өзгеруі
Манометрлік термометрлер:
газды
сұйықты
конденсациялы
-150600
-150600
-50350
Термоэлектрлік эффект (термоЭҚК)
Термоэлектрлік түрлендіргіштер
-2002200
Электр кедергісінің өзгеруі
Кедергінің металды термотүрлен-діргіштері
-2601100
Кедергінің жартылай өткізгішті термотүрлендіргіштері
-100300
Жылу сәулесі
Сәуле пирометрлері:
квазимонохроматикалық
спектралды қатысты
радиациялы
7006000
14002800
503500
