- •Өлшеу шкалалары
- •1.4 Өлшеу міндеттері
- •1.5 Объектінің математикалық моделі
- •1.6 Өлшеу принциптері мен әдістері
- •2.1 Физикалық шамалар мен олардың бірліктер жүйесі
- •2..2 Физикалық шамалардың бірліктер жүйесін құру принциптері
- •2.3 Өлшем бірліктері туралы түсініктемелер
- •3.2 Қателіктерді бағалау принциптері
- •3.3 Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •3.4 Кездейсоқ қателіктер. Сенімді ықтималдық пен сенімді интервал
- •4.2 Бөгеулердің түрлері
- •Сурет. 4.2 Үздіксіз (1) және уақыт бойынша үздіксіз бен өлшемі бойынша квантталған (2) сигналдар
- •5..2 Өлшеу құралдарының статикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.3 Өлшеу құралдарының динамикалық сипаттамалары мен параметрлері
- •5.4 Қарапайым өлшеу құралдары
- •Сурет 6.1 Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
- •6..2 Өлшеу жүйелері
- •6.3 Өлшеп-есептеу кешендері
- •Сынау сигналдары
- •Сурет 7.1 Шунтты микроамперметрдің схемасы
- •7..2 Айнымалы ток тізбектеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу құралдары
- •7.3 Тұрақты және айнымалы ток тізбектеріндегі қуатты өлшеу
- •8.2 Сандық өлшеу аспаптары жөнінде жалпы мағлұматтар
- •8.3 Сандық вольтметрлер
- •Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
- •Кедергі термотүрлендіргіштері
- •Термоэлектрлі түрлендіргіштер
- •Сурет 9.2 Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы
Сурет 6.1 Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
Өлшенетін ФШ алғашқы өлшеу түрлендіргіші мен қарапайым өлшеу құралдарының жиынтығынан тұратын түрлендіру құрылғысына әсер етеді. Алғашқы түрлендіргіш өлшенетін ФШ-ны өзіне біртекті немесе біртекті емес басқа шамаға түрлендіреді. Сигнал түрлендіргіштің шығысынан қарапайым ӨЖ жиынтығы арқылы өтеді. Қарапайым өлшеу аспаптарында мұндай жиынтық болмауы да мүмкін. Мысалы, аналогты вольтметрлерде өлшенетін кернеу алғашқы электромеханикалық ӨТ көмегімен тілшенің бұрылу бұрышына өзгереді.
Түрлендіру құрылғысының шығысында параметрлері санағыш құрылғысының кіріс сипаттамаларына сәйкес келетін сигнал пайда болады.
Өлшеу аспаптарының жіктемелері. Әр түрлі өлшеу аспаптарының ерекшеліктерін есептеу үшін оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктейді. Индикациялау түріне байланысты өлшеу аспаптарын мына түрлерге бөледі:
көрсетуші, өлшенетін шаманың көрсеткішін ғана санайды, мысалы тілшелі немесе сандық вольтметр;
тіркеуші, көрсеткіштердің осы немесе басқа ақпараттарды сақтаушыда тіркелуін алдын ала қарастырады, мысалы қағаз лентасында. Тіркеме аналогты немесе санды түрде болуы мүмкін. Оларды өзінше жазатын және жазып шығарушы деп ажыратады.
Өлшенетін шаманы түрлендіру әдістеріне байланысты аспаптарды тура, компенсациялы (теңестірілген) және аралас түрлендіргіштер деп бөледі.
Тағайындалуына байланысты өлшеу аспаптары амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер, термометрлер, гигрометрлер және т. б. болып бөлінеді.
Қолданылатын өлшеу сигналдарын түрлендіру түріне байланысты аспаптар аналогты және сандық болып жіктеледі.
Аналогты аспаптар – бұл көрсеткіштері мен шығыс сигналдары өлшенетін шаманың өзгеру функциясында үздіксіз болып келетін аспаптар. Сызықты аналогты және өлшеу аспаптарының идеалданған түрлендіру теңдеуі мына түрде болады
Y = KX,
мұндағы Х - өлшенетін шама; Y, К – аспаптың сәйкес түрлендіру көрсеткіші мен коэффициенті. Көптеген өлшеу аспаптары сызықты болатынын айта кеткен жөн.
Сандық аспаптар – бұл әрекет принципі өлшенетін немесе оған пропорционалды шамаларды квнттауға негізделген аспаптар. Мұндай аспаптардың көрсеткіштері сандық түрде беріледі. Кванттау операциясының бар болуы сандық аспаптарда аналогты аспаптармен салыстырғанда метрологиялық сипаттамаларын таңдап алу әдісі, талдау, бейнелеу және мөлшерлеу сияқты елеулі айырмашылықтарын тудыратын ерекше қасиеттерінің пайда болуына алып келеді.
Өлшеу қондырғысы. Бұл - өлшеу құралдары (өлшем, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері) мен өлшеу ақпаратының сигналдарын бақылаушыға тікелей қолайлы етіп өңдеу үшін арналған және бір жерде орналасқан көмекші қондырғымен функционалды түрде біріккен жиынтығы.
Қандай да бір бұйымды сынауға арналған өлшеу қондырғысын сынақ қабырғасы (мысалы, электрлі материалдардың үлесті кедергісін өлшеу үшін, магнитті материалдарды сынау үшін) деп атайды.
ӨЖ-ні салыстырып тексеру үшін арналған эталондармен қосылған өлшеу қондырғысын салыстырып тексеру қондырығысы (мысалы, вольтметрлерді салыстырып тексеру қондырғысы) деп атайды. Негізінде машинажасауда қолданылатын кейбір үлкен өлшеу қондырғыларды өлшеу машиналары (мысалы, күш өлшейтін машина, бөлгіш машина) деп те атайды.
