- •1. Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес құрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
- •Диаграмма 1 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың саны
- •2. Шағын және орта бизнесте экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандар
- •Диаграмма 2- Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •Диаграмма 3- Аудандар бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •7% ,Өнеркәсіп 16%, құрылыс 29% , көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу 16% , Кәсіби және техникалық қызмет 9% , басқалары 23% ие болып отыр .
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1. Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес құрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіруі» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 1.03.2014
2. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 6.02.2013
3. «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 6.03.2012
4. Абдикулова П.Ж. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру. // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы: № 2 (42), 2012. 119 – 121 беттер.
5. Жамбыл обылсының статистикалық жиынтығы.
Жоспар
Кіріспе
1. Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес құрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
2. Шағын және орта бизнесте экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Үкіметінің мемлекет басшысы мақылдап бекіткен «2006-2008 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы іс-шаралар жоспары туралы» шағын және орта бизнестің нарықтық экономикада алатын орны ерекше. Ол экономиканың маңызды құрылымының бірі, сонымен қатар, жаппай негізгі және интегралды бөлігі болып табылады. Шағын және орта бизнессіз нарықтық экономиканың жұмыс істеуі және дамуы мүмкін емес.
Осыдан келесіні шығаруға болады, шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы, әрине, орта және ірі кәсіпкерлікпен бірге, экомикалықалық саясаттың стратегиялық мәселесі болып табылады. Осыған сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің рөлін бағаламау, оның негізгі техника - өндірістік және әлеуметтік экономикалық мүмкіндігін елемеу, үлкен көлемдегі қателік болып табылады.
Нарық конъюктурасының өзгеруіне шапшаң әсер ететін шағын кәсіпкерлік, нарықтық экономикаға кажетті икемділік береді. Шағын және орта бизнестің осы қасиеті ғылыми – техникалық прогресстің жылдамдығы, сонымен қатар, өндірілетін өнім мен қызмет көрсетулер түрінің көбеюіне әсер етеді.
Шағын және орта кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы жалпыға мәлім: бұл нарық жағдайына тез үйрену, салықтардың көп жиналымдылығының, өндірістің тоқталуының ең төмен деңгейі болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте ерекше орынды қызмет көрсету және сауда – саттық алады. Біздің елемізде де осындай жағдай орын алуда. Сондықтан да өкіметтің негізгі мақсаты, кәсіпкерліктің дамуына инновациялық бағыт беру, және осы арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдеріне және қызмет көрсетулеріне бәсекелестік қабілет беру. [2]
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес бәсекелестік ортаның құрылуына елеулі үлес қосады. Бұл біздің жоғары монополиялық экономикамызға аса маңызды. Шағын және орта бизнес өзінің табиғаты бойынша монополиялы емес, бұл оның құрамдас бөлшектерінің көптүрлілігінен және динамикасы жоғары болғандықтан, олар өте сирек
монополизация ықпалына түседі. Екінші жағынан, тар мамандықта және соңғы техника – технологияны пайдалану кезінде, шағын және орта кәсіпкерлік монополоьды ірі корпорациялардың бірден – бір күшті бәсекелесіне айналуы мүмкін. Жұмысбастылық мәселесін шешу бағытында, шағын және орта бизнестің қосқан үлесі аз емес.
