Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

Үйреніп, дағдылану кезеңі Жұмыс қаблетінің төмендеу кезеңі Жоғарғы өнімділік кезеңі

С ондықтан, әрбір тоқсанның және әрбір жылдың басында сабақ басталуы жеңіл болуы керек.

О қу жүктемесінің ең үлкен көлемі, көрсетілген циклдардың (сабақтың, күннің, аптаның, тоқсанның, жылдың) ортасына келуі керек.

Қызмет қаблеті төмендейтін кезінде де оқу жүктемесін жеңілдету керек.

Ж алпы білім беру мектептерінің құрылымдары мен мазмұны туралы санитарлық ережелерде апталық оқу жүктемесінің регламентациясы әрбір сыныптарға анықтап, көрсетілген.

Ж алпы білім беру мектептеріндегі сабақ ұзақтығы 45 мин.

Б ірақ, гигиеналық зерттеулер 1 сынып оқушылары үшін, бұндай уақыт ұзақтығы рационалды емес екенін көрсетті. Бұл кезеңде, балаларда, бала бақшада қалыптасқан динамикалық стереотип бұзылатындығы және сабаққа көніл қою ұзақтығы 30-35 минуттан аспайтындығы анықталды.

Осындай жағдайларға байланысты оқушылардың қызмет қаблеті төмендеп кететіндіктен оқу процесі тиімді болмайды. Сондықтан 1 сынып оқушылары үшін сабақ ұзақтығы 35 минуттан аспауы керек.

Қ азақстан халық ағарту министрлігі 10.09. № 387 «Он бір жылдық орта мектептің бірінші сыныбына қабылдау ережелерін бекітті, осы ереже бойынша бірінші сынып оқушыларының оқу процесіне келесі талаптар қойылады:

4 5 Минут оқу екінші сынып оқушыларында да үлкен жүктеме болып саналады, сондықтан сабақтың соңғы 10 минуты қажуды болғызбауға арналуы керек (столдағы ойындар, әдебиеттер оқу).

Барлық бастауыш сыныптарда, сабақ арасында, денешынықтыру үзілістері жүргізілуі керек.

Б арлық сыныптарға еңбек сабағы мен денешынықтыру сабағынан басқа екі еселенген сабақтарды жүргізуге болмайды.

С абақтың құрлысы барлық сыныптарға бірдей болуы керек - оқу жүктемесін сабақтың соңында ақырындап көбейтіп, соңынан ептеп азайта бастау керек.

Сабақтағы монотондылықты болғызбауға да жағдай жасау керек. Ол үшін техникалық оқу құралдарының көмегі қажет (кинофильмдер, слайдтар, диафильмдер көрсету т.с.с.) Бірақ олардың бұл түрлі жүйке-жүйесіне едәуір жүктеме түсіретіндіктен , әрбір сыныптарға қатал регламенттелуі керек.

Мектептегі сабақ кестесінің гигиенасы

Сабақ кестесін құрастырған кезде, балалардың сабақ оқитын күнгі және сабақ өткізілетін аптадағы қызмет қаблетінің динамикасы міндетті түрде есепке алынуы керек.

3 слайд.

Қиын сабақтар Жеңіл сабақтар Қиындығы орташа сабақтар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]