Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ФАКУЛЬТЕТ: Қоғамдық денсаулық сақтау.

КУРС: 4

4 ДӘРІС

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі оқыту және тәрбиелеу. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздері.

Мемлекеттік тілде құрастырған:

доцент Уважанова А.С.

2010 – 2011 ж.

2 кредит

4 – дәріс

1. ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі оқу, тәрбиелеу және еңбекке оқытудың гигиеналық негізі.

2. Мақсаты:

Студенттерді мектептегі оқу, тәрбиелеу және еңбекке оқытудың гигиеналық негіздерімен

таныстыру .

3. Дәріс тезистері:

  1. Оқу процесінің физиологиялық аспектілері.

  2. Мектептегі қатты қажу.

  3. Балаларды 6 жастан мектепте оқыту.

  4. Мектептегі сабақ кестесінің гигиенасы.

  5. Емтихан кезіндегі стресс.

  6. Ауырушаң, әлсіз балаларды мектепте оқыту.

  7. Арнаулы оқу орындары..

4. Илююстрациялы материалдар:

№1 слайд - Оқу процесінің физиологиялық аспектілері

№2 слайд - Мектептегі қатты қажу.

№3 слайд - Мектептегі сабақ кестесінің гигиенасы

№4 слайд - Арнаулы оқу орындары..

№1 слайд.

Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер өмірі бұдан 10-20 жыл бұрынғы өмірден едәуір басқаша жағдайда жүріп жатыр.

Үздіксіз өтіп жатқан әртүрлі хабарлардың барысы және оқу жүктемелердің жоғарлауы балалардың организміне жоғары талаптар қояды.

Қ имыл-қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі және таза ауада өте аз уақыт болуы балалардың физикалық және психикалық денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Бұндай жағдайлар, оқу тәрбие жұмыстарының сапасына әсер етеді, қажу және қатты қажудың уақытынан ертерек басталуына әкеліп соғады.

Оқу процесті жақсарту бағыттары:

Бірінші бағыты

Оқу бағдарламасын жетілдіру және мектеп пен жанұяда гигиеналық шараларды жақсарту.

Екінші бағыты.

Өте перспективті және бұл бағытқа күн тәртібі, апталық, жылдық тәртіптерді жақсарту, демалысты дұрыс ұйымдастыру және қолайлы тұрмыс жағдайлары жатады.

Оқу жұмыстарының өнімділігін 5 негізгі шараларды орындау арқылы арттыруға болады:

Көрсетілген физиологиялық принциптер, оқу процессін дұрыстауға арналған барлық гигиеналық шаралардың негізіне жатады. Н.Е. Введенскийдің көз қарасы бойынша «Көп жұмыс істегеннен ғана шаршамай, дұрыс (жаман) жұмыс істегеннен шаршайды».

Мектептегі қатты қажу

Б алалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері төмен болады және үлкен оқу жүктемесі ол мүмкіндіктердің жойылып кетуіне де қажу және қатты қажу басталуына әкеліп соғуы мүмкін.

А .Г. Сухаревтің (1986), түсінігі бойынша қажу тек көп еңбектенудің салдарынан ғана емес, сонымен қатар, сол жұмысты орындау кезіндегі жағдайлардың дұрыс болмауына да байланысты болады.

2 слайд.

Мектеп оқушыларын қатты қажуға ұшырататын факторлар

Мектептегі оқу процестерінің дұрыс ұйымдастырылмауы

Оқу жағдайларына, оқу тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптардың сақталмауы

Оқу жүктемесі оқушылардың функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі

Жұмыс қаблетінің кезеңдері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]