- •Бұрандалы, дөңгелекті, штангалы, тербелмелі (дірілдеуіш) және т.Б. Конвейерлерді жатқызады
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •6) Қозғалтқышты таңдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қалыптасқан қозғалыс кезіндегі тарту элементінің есептелген керілуі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
Бақылау сұрақтары:
Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері.
Роликті конвейердің есептеу тәсілдері.
14-тақырып. Гравитациялық өзі сырғымалы құрылымдар
Жалпы мәлiметтер және құрылымдары. Шанақ және көлiк қондырғыларында гравитациялық көлiк құралдары кең қолданылады. Гравитациялық өзі сырғымалы құрылғыда жеке қорапқа салынған немесе сусымалы материалдар өзінің салмақ күшінің әсерінен сырғып төмен қозғалады. Мұндай тасымалдауда еңісті құрылғы, сырғанау, роликті және бұрама еңісті, сусымалы жүктер үшін- науаша және құбыр қолданылады.
Төмен түсіру құрылғылары –болаттан немесе тақтайдан жасалған науа арқылы төмен сырғып түсуі үшін қолданылады. Пайдалануына байланысты олар үдеу қозғалысында , тұрақты жылдамдықпен немесе бәсеңдiкпен жұмыс iстей алады. Әртүрлі жылдамдықтағы қозғалыс еңістің қисық сызықты немесе құрама бетімен іске асады.
Науа және науаша қималарының iс жүзiнде көп қолданыс тапқандары 14.1-суретте көрсетiлген. Науаша ашық және жабық түрінде болады. Ашық науашалар (14.1,а...г-сурет ) шаңдануға бейім емес кесекті, дәнді және т.б. сусымалы материалды тасымалдауға арналады. Шаң шығаратын жүктерді, ластануға рұқсат етілмеген материалдарды, сондай –ақ денсаулыққа зиянды заттарды тасымалдауға еңісті құбыр және жабық науашаны қолданады (14.1, д...з-сурет). Болат науашалар мен құбырлар қалыңдығы 3...8мм қаңылтырдан, ал ағаш науашалар қалыңдығы 20...30мм тақтайшалардан жасалады.
Төмен түсiретiн науашалар мен құбырлардың көлiк құралы ретiнде артықшылығы оларда жетек құрылымы болмайды, яғни конструкциясы қарапайым, пайдалануда сенімді және арзан болып табылады.
Берілген жылдамдық бойынша сусымалы материалды вертикаль ағынды тасымалдау үшін, сондай-ақ сатылы және шиыршықты түсірулер қолданады.Сатылы түсіру (14.2,а-сурет) - нақты бір жүктің құлауына сынбай, бұзылмай қамтамасыз ететін арақашықтықта бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше сөрелерден құралады, сол кезде жүктер бір сөреден екіншісіне құлап беріледі, бұл кезде жүктер сынбайды.
14.1-сурет. Сырғытып өз салмағымен түсіру құрылғы қимасының сұлбасы:
а – болаттан жасалған ашық жартылай дөңгелек науаша; б- тік төртбұрышты науаша; в,г-ағаштан жасалған ашық науаша; д,е-болаттан жасалған дөңгелек және тік төртбұрышты құбыр; ж-төртбұрышты ағаш құбыр; з-болаттан жасалған тік төртбұрышты науаша
Дана жүктер үшін вертикальді, көлбеулік және шиыршықты түсірулер қолданылады. Көлбеулік түсіру ашық тік сызықты науашалы пішінді болады, оның көлденең еңкіш бұрышы дара жүктiң науа бетімен үйкелiс бұрышынан асуы керек, сонда ғана тасымалданатын жүк көлбеу науа бетімен сырғанайды. (14.2,в-сурет).
Жүктердің науадан шығар жерінде, қауіпсіздікті сақтау үшін жылдамдығын төмендетеді, сол үшін науаның көлбеулігін сынық сызықпен немесе доға ретінде азайтады (14.2,г- сурет).
Полиграфия өндірісінде жүктерді көп қабатты ғимараттарда немесе деңгейі әр түрлі технологиялық операцияларда, көліктік- қойма жүйелерінде, бір көліктен екінші көлік түріне жүктерді тиегенде көлбеу науалар қолданады. Көлбеу науалар жүктерді бір жерде жинақтау, содан кейін белгілі бір жобамен ары қарай тасымалдау жұмысын жалғастыру үшін қажет. Бұрандалы жүкті түсіру науалары көбінесе көп қабатты өндіріс орындарында жүктерді түсіруде қолданылады. Жүктердің көлбеу, әсіресе вертикаль түрде (14.2,г- сурет) науамен түсірілгенде науадан жүктің шығар жерінде әр түрлі тежегіштер қолданылады, олар жүктердің соғылып бұзылмауын қамтамасыз етеді.
14.2- сурет. Жүкті түсіру құрылғысының сұлбасы:
а – сөрелі сатылы; б-бұрамалы; в- қарапайым(көлбеу); г-құрамалы; д-роликті
Роликті түсіргіштер (14.2,д - сурет) әртүрлі бөлшектерді, жәшіктерді, тюктерді, дара заттарды төмен түсіру үшін жөндеу немесе технологиялық цехтарда, қоймаларда қолданылады. Олардың аз кедергісі жүктерді ұзақтау ұзындыққа тасымалдау мүмкіншілігі бар.
Арнайы бағыттаушы бойымен, домалау әдісімен өз салмағының әсерінен қозғалатын жүктерді тасымалдауда сырғанақтар кең қолданылады. Сырғанақтар екі түрге бөлінеді: 1) дөңгелек, цилиндрлі жүктерді домалатып түсіру үшін; 2) рельс бойымен қозғалатын арбалар. Осы жүктерді түсіру үшін сырғанақтардың орналасу бұрышы 20...250 жеткілікті, ал сусымалы материалдар үшін науаның орналасу бұрышы 450 асады.
Гравитациялық қондырғының есебі.Тоқыраусыз жүкті төмен түсіру әсерінің басты шарты- бастапқы жылдамдық о , науаның формасы мен материал бетінің жылтырлығы және орналасу бұрышын таңдау β.
Науаның көлбеу бұрышының шамадан тыс үлкеюі жүктерді тозаңдатуға және бұзылуға, сонымен бірге конструкция габаритінің үлкеюіне әкеп соғады.
Жылдамдық (12.2, в- сурет) қағылез күштердің теңдеулерінен түсірудің соңғы нүктесінде анықтайды:
,
Одан
.
(14.1)
Соңғы жылдамдықты азайту үшін сынық еңістің соңғы тармағын кіші бұрышпен орналастырады β2 (12.2,г-сурет) , түсірімді баяу қалыпта жүргізеді, соңында жылдамдықты азайту үшін үйкеліс коэффициенттері жоғары матералмен f2 еңістің соңғы бетін қаптауға болады. f2 / f1 = kf , h2 / h1 = kh белгісін енгізе отырып және формулаларды түрлендіреміз, содан
.
Бұл өрнек арқылы басты немесе соңғы жылдамдығын, түсірімнің еңкіш бұрышын және т.б. көрсеткішін таба аламыз.
Көлбеу науаның жалпы ұзындығын мына формула арқылы анықтаймыз, м:
Түсірімнің биіктігін азайту үшін оны роликті етіп жасайды (12.2,д-сурет). Аунақшадағы (ролик) жүктің орнықтылығы , адымы бойынша ℓр = (0,3…0,2)ℓг, деп алынады, мұндағы ℓг – тіректі жүк бетінің ұзындығы.
Роликті түсірімнің орналасу еңісін = 0 шарты бойынша мына формуламен анықтаймыз.
мұндағы z- ролик саны; mр ,mг - ролик пен жүктің сәйкес салмағы; fц = 0,001…0,004 және μ = 0,02 - үйкеліс коэффициентінің сәйкесінше цапфа мен жүктің роликте домалауы; dц және dр - цапфа мен ролик диаметрі, мм.
Жүктің роликтер үстімен тасымалдау жылдамдығы, м.
.
Q (кг/с) роликті көлбеумен жүкті түсірудің өткізгіштігі :
Q = mгυ/ℓр.
Спиральді түсірім даналы жүкті вертикаль жазықтықпен түсіруде қолданылады (12.2,б-сурет). Бұрамалы түсірудің спиралінің көтеру бұрышы жүктің үйкеліс бұрышынан көп болуы керек, яғни β0 › β.
Ортадан тепкiш және науа жиегiндегі үйкелiс кедергісін еске ала отырып, спиральді түсiру тәсілі бойынша жүктің өз салмақ күшінің әсерiнен сырғанау жылдамдығы мына теңдеуден анықтайды.
mgsinβ0 = fmgcosβ0 + fm2/r,
осыдан
.
Бұрандалы түсiру бойынша жүктің еркiн жылуы үшiн оның ең үлкен радиусын мына тәуелдiлiктен анықтау керек:
,
мұндағы ℓа және ℓб – жүк ауданының науаға жанасу өлшемдері; Δ- кепілді саңылау; rм – ең аз радиус.
Сусымалы материалдың науаға салынуының түрлері 12.3-суреттте көрсетілген. β › φв, болса, бастапқы жылдамдық v0 және биіктігі h0 болған жағдайда материалдың құлауы нольге тең немесе нольден үлкен болуы мүмкін. Негiзгi параметрлерiнiң байланыстарына байланысты v0,h0 ,ℓ, f, β және f0 науа үдеу немесе тоқтату тәртiптерiнде жұмыс iстей алады. Параметрлерін реттеу арқылы жүк жылдамдығын анықтауға болады
мұндағы kε = 1,5…1,65 – сыртқы күштер және үйкелiстiң iшкi күштерiнің қатынасы, сонымен бiрге көлденең қиманың формасын еске алатын коэффициент.
Сырғыма қондырғының өнімділігі Q ( кг/с )
,
мұндағы ψ- науа немесе құбыр қимасының толтыру коэффициенті; F- науа ауданының қимасы, м2; ρ -материалдың тығыздығы, кг/м3.
14.3- сурет. Науаның жұмыс істеу сұлбасы:
а- үдеуші науа болғанда h0 = 0, 0 = 0 и β0 › β › φ; б – тұрақты жылдамдықпен
болғанда β0 ≥β ≥ φ ; в - бәсеңдету болғанда h0 = 0, 0 › 0 и β0 ≤ β ≤ φ
Көп жағдайда бұл формуланы науаның, құбырдың, науашаның қима ауданы берілген өнімділігі бойынша анықтайды. Мысалы, көлбеулік бұрышы β =36° болғанда және құбыр диаметрі d = 0,2м болғанда, өнімділігі Q = 12,5кг/с ( 45 т/сағ ), ал дииаметрі d = 0,45м – 97,2кг/с (350 т/сағ).
Науаның көлденең қимасының өлшемдерi ірі кесекті төгiлмей жүк және тиiстi өткiзу қабiлетi өлшемдерден тәуелдi болады. Тiк төртбұрышты және жартылай дөңгелек науалары үшiн, майда кесекті материалдар үшiн ені кемiнде 8а құрауы керек, орта кесекті материал үшін науа ені кемiнде 5а, ал ірі кесекті үшін кемiнде 4а – болуы керек. Ашық науаның биiктiгiн оның енiнiң жартысындай етіп қабылдайды, жабулы - 2/3 енімен қабылданады.
Негізгі әдебиет: 5 нег. [180-184].
Қосымша әдебиет: 12 қос. [129-134].
