- •2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер
- •4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.
- •7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
- •8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •9.Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз.
- •10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.
- •13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.
- •14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
- •2. Сүйекті жеміс дақылдары
- •3. Жаңғақты жеміс дақылдары
- •4. Субтропикті жеміс дақылдары
- •5.Тропикті жемісті дақылдар
- •6. Жидекті дақылдар
- •15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.
- •17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
- •20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
- •21. Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз. VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
Жеміс-жидекті дақылдары
1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
(айва, алма, алмұрт, долана)
2. Сүйекті жеміс дақылдары
(шие, өрік, шабдалы)
3. Жаңғақты жеміс дақылдары
(талшын, исаңғат, бадам)
4.Субтропикті жеміс дақылдары
(апельсин, мандарин, лимон)
5. Тропикті жеміс дақылдары
(банан,ананас)
6.Жидекті дақылдар
(таңқұрай, қарақат, жүзім)
Жеміс дақылдары — жемісі, жидегі, жаңғағы үшін қолдан өсірілетін өсімдіктер тобы. 32 ботаникалық тұқымдастан 200-ге жуық жеміс дақылдар белгілі. Олар биологиялық (ботаникалық тегі) формалары жағынан мынадай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.).
Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Жеміс дақылдары әр түрлі ботаникалық тұқымдасқа жатады.
Қазақстанда жеміс дақылдарының 95%-ін раушан гүлділер тұқымдасы құрайды. Еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жеміс дақылдарынан алма, алмұрт, жүзім, шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б. өсіріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда қарақат, тұшала, долана, т.б. өседі.
1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
АЛМА АҒАШЫ
(ЯБЛОНЯ — MALUS)
Алма (яблоня-Malus). Туыстың құрамында солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін отыздай түрі бар.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бұталардың 10 түрі, ал, мемлекеттердің Қазақстанда 6 түрі кездеседі.Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлер мыналар : орман алмасы (яблоня лесная-M.sylvestris). Ол бұрынғы одақтас европалық бөліктеріндегі жалпақ жапырақты ормандарда, Шығыс алмасы (яблоня восточная-M.orientalis) Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарында,
Сиверси алмасы (яблоня сиверси-M.siversi) –Орта Азиямен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарында өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларында өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар7
АЛМҰРТ НЕМЕСЕ НӘК (ГРУША —PYRUS)
Алмадан кейінгі кең тараған жеміс ағашы алмұрт. Оны Қырымда, Кавказда, Украинада, Өзбекстан меп Қазақстанда және Ресейде, Молдавияда, Грузия мен Әзірбайжанда едәуір өсіреді. Алмұрт Батыс Европаға, Америкаға кең тараған өсімдік.
Алмұрт жемісінде 7—13% қант және аздаған органикалық қышқылдар бар. Органикалық қышқылдардың аздығынан алмұрт алмадан тәттілеу болады. Алманы қалай пайдаға асырса, алмұртты да дәл солай пайдаланады. Алмұрттың да шипалық қасиеттері мол. Алмұрт ағашынан кейбір музыкалық аспаптар жасағуа болады.
БЕЖЕ (АЙВА-CYDONIA)
Мәденилендірілген беже көбінде бұта (2 м), немесе ағаш (8 м) болып келеді. Жемісі сары түсті, жұмыр. Жаңа жиналған жемістік шырыны аз, қышқыл, ауызды уылдырады. Бұл жемістегі әр-түрлі органккалық қышқылдардың көптігінен осылай болады. Онда әсіресе, лимон қышқылы өте көп (0,2—0,3%). Қанттың мөлшері 8—12%-ке жетеді. Жемісті ұзақ сақтағанда, ол жұмсарып шырыны артады.
Жабайы беже Каспий теңізінің Әзірбайжан мен Дағыстанға қарасты жағалауларында көптеп кездеседі. Беженің мәденилендірілген түрлері Жерорта теңізі жағалаулары мен Батыс Европа елдерінде, Америкада, Қытай мен Жапонияда кең тараған. Сондай-ақ бежені Кавказда, Кіндік Азияда, Ресей мен Украинаның оңтүстік аудандарында да едәуір мөлшерде өсіреді.
Беже жемісінен өте дәмді қайнатпа (варенье), компот, мармелад т.б. тағамдар жасайды. Соңғы кезде бежеден лимон қышқылын өнеркәсіптік жолмен алу көзделуде.
