- •2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер
- •4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.
- •7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
- •8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •9.Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз.
- •10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.
- •13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.
- •14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
- •2. Сүйекті жеміс дақылдары
- •3. Жаңғақты жеміс дақылдары
- •4. Субтропикті жеміс дақылдары
- •5.Тропикті жемісті дақылдар
- •6. Жидекті дақылдар
- •15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.
- •17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
- •20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
- •21. Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз. VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұқым шаруашылығында дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.
Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары:
1) нектар; 2) тозаң; 3) клей (прополис).
Нектар. Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады. Аралар балмен тек қыс айларында қоректенеді.
Өсімдіктерде нектардың екі түрі болады: 1) гүлдік; 2) гүлден тыс пайда болатын нектарлар.
Гүлдік нектарлар гүлдің барлық мүшелерінде кездесуі мүмкін: тостағаншаларында, күлтелерінде, аталықтарында және аналықтарында.
Гүлден тыс пайда болған нектарлар: жапырақтарда, жапырақ сағақтарында, сабақтарда және гүл жапырақтарының болуы мүмкін.
Нектарлар өте қарқынды түрде таңертенгі 900 шамасында және түнде сағат 24-те бөлінетіндігі анықталған.
Нектардың дұрыс бөлінуі үшін өсімдіктің барлық бөліктері жақсы күйінде болуы керек. Яғни, тіршілікке қабілетті күйінде болуы керек және жеткілікті мөлшерде сулы болуы керек.
Тозаңданғаннан кейін гүлдік нектарлардың бөлуі тоқтайды. Гүл өзінің күлтелерінің түсін өзгертеді, қанттар жемістерді қоректендіруге жұмсалады.
Бөлінетін нектар мөлшері өсімдіктер түріне байланысты өзгереді. Мысалы, кәдімгі жөке ағашының (липа обыкновенная) бір гүлі 0,15-7,46мг нектар бөліп шығарады, ал жапырақты жөке ағашы 0,50-11,54 мг бөледі. Таңқурай (Rubus - малина) гүлі орташа 14мг нектар бөледі.
Кейде бір гүлдегі нектар мөлшері онша көп болмағанымен, мысалы, түйежоңышқаның бір гүлінде 0,16% мг нектар бар, ал өсімдіктің бір индивидінде гүлдің саны 1 гектарда 1,77 млн, сондықтан бал өндіру түйежоңышқадан 1 гектарға шаққанда 216кг, ал Salvia (шалфей) өсімдігінен 917кг бал жинауға болады. Нектардың химиялық құрамына келетін болсақ көптеген өсімдіктердің клеткаларында тек бір инвертацияланған қант болады, яғни глюкоза және фруктозаға айналған қант. Кейбір өсімдіктердің нектарлары құрамында инвертацияланған қантпен бірге қамыс қанты да болады. Қанттан басқа нектар құрамында аз да болса декстриндер, маннит қышқылдар, эфир майлары, азотты және минералды қосылыстар (минералды заттардың құрамы 60-98% шамасында) болады. Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы, таңқурайда (малина) - 25%, күнбағыста - 44,6%, ал аткаштанда (каштан конский) 74,5% шамасында болады.
Тозаң (пыльца).
Аралардың дұрыс тіршілік етуі үшін қанттан басқа оларға белок және май керек. Белокты, майды және қажетті витаминдер мен минералды тұздарды аралар тозаңнан алады. Аралар гүлдерден нектар алғанда тозаңдарды қосып алады. Аралар ұяларына алып келгенде нектар мен тозаңдарды кезек орналастырады да, сілекеймен ылғандандырады. Араның бір семьясы ұяларына бір сезонда 60 кг тозаң алып кетеді, ал оларға қажеттісі - 30 кг.
Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына тал (Salіх - ива), бақбақ (Taracsacum - одуванчик), ақ беде (Trigolium repens - белый клевер), эспарцет (Onobruchis - эспартет), көк гүлкекіре (Centaurea - cyans - василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.
Ара желімі (клей) немесе прополис.
Аралар өздерінің тұратын жерлерін – пәтерлерінің саңылауларын, тесіктерін ерекше затпен желіммен сылап қояды. Ол затты прополис деп атайды. Прополис - аралар үшін ремонт жасауға қолданылатын материал. Пәтерлерін жылыту үшін және ішінде әртүрлі шымылдықтар жасау үшін қолданады;
Прополистің екі түрін ажыратады:
1) аралар тозаңдарды қорыту кезінде бөліп шығарады, бұл бальзам заты. Сатыларын тұрғызуға пайдаланылады. Олардың еру температуралары - 102-103°С, оның құрамында бактерияларды өлтіретін абиет қышқылы болады. Мұндай прополис эфир майларында ериді.
2) аралар прополисті теректің жапырақтарынан, қайыңның қылқан жапырақтарынан, күнбағыстың және т.б өсімдіктердің бүршіктерінен және жапырақшаларынан жинап алып келеді.
Мұндай прополис аралар пәтерінің сызаттарын сылау үшін қолданылады.
Улы өсімдіктердің тозаңдарынан ғана емес, кәдімгі өсімдіктердің де тозаңдарынан аралардың өлетіні анықталған, егерде бұл өсімдіктерде микроорганизмдердің зеңі (плесень) болса, ал микроорганизмдер араларды өлтіретін улы заттар өндіреді.
11.Популяцияның сақталуының стратегиясы , гамеостазис ұғымын айтып беріңіз. Әр түр белгілі бір территорияда – ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтары бір-бірімен байланыса да алмайды, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқада себептерге байланысты. Популяция – тіршілік циклдері, морфологиялық белгілері ұқсас, гегефондары ортақ особьтар жиынтығы.
«Популяция» ұғымы латынша populous – халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В. Л. Иогансен қолданды.
«Популяция» ұғымы –биялогияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволютциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа – популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Бір популяцияға жататын организмдер бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралық қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар анық байқалады. Популяциядағы өзіндік түріші қарым-қатынастары – бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы жіне ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.
Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті – олар үнемі өзгерісте, қозғалыста долады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшеліктеріне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.
Бір жағынан, популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм – популяция – биоценоз – биогеоценоз – биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады.
Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалыү байланысын: организм – популяция – түр – туыс – тұқымдас – отряд – класс – патшалықты көрсететін гнетикалық – эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық белгілері.
Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.[1]
Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады.
