Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Биоресурстары ЛОЛА БН РУЯБЗАААААААА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.56 Кб
Скачать

12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.

Абиотикалық факторлардың жануарлар мен өсiмдiктердін тiршiлiк әрекеттерi даралар популяциясы түр және экожүйе денгейiнде әсер етедi

Даралар ағзалар денгейi

Даралар абиотикалық факторлар алдымен мiнез құлқын трофикалық, метоболизмның сипатын өзгертедi. Көбеюiне өсуi мен дамуына ықпал етедi.

Яғни эволюция барысында абиотикалық факторларға сәйкес (адекватты) жауабын беру арқасында кез келген ағзаларда бейiмделгiштер пайда болды.

Мысалы: Өсiмдiктердiң бейiмделу механиздерi әр түрлi (филогенез, морфогенез, биохимиялык кұрамы ) т.б.

“Жарыктық, және “ көленкелiк’’деп аталатын жапырактар бiр қатары көрсеткiштерi бойынша ерекшелiнедi (жапырақ тақтасы, жүйкеленуi, күрделенуi)

Факторлар саналуан болған соң кез-келген ағза ортаға жан-жақты бейiмделедi.

Адаптацияның осындай (шоқ жұлдыздары) адаптивтiк кешен немесе оптималды композиция деп аталады.

Популяциялық деңгей.

Популяциялык деңгейде абиотикалык факторлар көбiнесе оның динамикасы мен даралардын кенiстiкте таралуын аныктаймыз.

Ареалдың түр популяция иеленген және экологиялык жағдаймен сиппатталатын бөлiгi Стация деп аталады. Стация белгiлi бip факторларға байланысты таңдап алынады (қышқылдык, тұздылық, ылғадық т.б)

Өсiмдiктердiң жамылғысы микроклимат, ылғалдылық бойынша ксерофиттi, мезофитті, гигрофиттi болып үшке бөлген.

Оңтүстiкке қарай жылжыған сайын түр популациясының құрылымы ылғалдау стацияларға ығысуы қиғаш сызықпен көрсетiлген .

Мұндай жағдайда ылғал сүйгiш популяция Оңтүстiк аудандарға таралу мүмкiндiгiнен айырылады.

Түрлік деңгей

Түр деңгейiнде абиотикалық факторлар көбiне

1) географиялык таралуды анықтайды

2)түрлердiн өзгергiштiгiне әкеп соқтырады

Солтустiк====>Онтүстiк

Ағаштар – буталар—шөптесiн өсiмдiкер.

Карл Бергман ережесi Ыстык климатта жылуды шашырату, ал суық климатта керiсiнше унемдеу тиiмдi. Сондыктан суык жерлерде мекендеушi жануарлар үшiн iрi болуы ал жылы жерлерде ұсак болуы тиiмдi.

Мысалы: Ак аю – коныр аю—гималай аюы.

Экожуйелер денгейi

Бұл әсердiн мынадай себептермен тусiндiруге болады:

1)Абиотикалык факторлар экожүйенiң климаттық режимін түзедi және соның аясында турлердiн әсерлесулері қалыптасады.

2)Барлык даралар климатқа тап болады

3)Климаттық жағымсыз әсерiнен даралар апатқа ұшырап популяциялық тығыздылығы кемуi мүмкiн.

13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.

популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.

Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдеріне байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәулік немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға жатады.

Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып, микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар болады.

Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әртекті болады. Тіпті субстратқа бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде кеңістікте үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су түбінде бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жануарлар) өсіп келе жатқан колонияларының шеті басқа түрдің колонияларына жанасқан соң, олардың үстіне орай өсіп, оны көміп тастайды. Егер бір түрге жататын колониялар кездессе, оның әрқайссысы көршісінің өсуін тоқтатып, басқа бағытқа қарай өсе бастайды.

Популяциядағы жекелеген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау жасайтын инстинктер құстарда, сүтқоректілерде, кейбір балықтарда және амфибияларда, сондай-ақ жүйке жүйесінің құрылысы күрделі кейбір насекомдарда, өрмекшілерде, сегізаяқтарда және т.б. кездеседі.

Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузды) орналасуы көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда тұрақталуға мүмкіндік береді.

Кеңістікте пайдалануына байланыстықозғалатын барлық жануарларды екі топқа бөледі: бір орнында тіршілік ететін және көшіп-қонып жүретіндер.

Бір орында тіршілік ететін түрлердің кеңістікте орналасуын негізгі 4 типке жатқызуға болады: диффузды, мозайкалық, ауыспалы және циклді.

Популяцияның диффузды (кездейсоқ) орналасу типінде жануарлар кеңістікте топтанбай, кездейсоқ орналасады. Бұл территорияда қорек, көбею және қорғану орындары бірқалыпты болған жағдайда жүзеге асады. Мұндай орналасу далалы ашық кеңістіктердегі майда сүтқоректілерде – құмды жерлерде тіршілік ететін құмтышқанда, жусанды және қарағанда далалардағы даур шықылдығында, шөлейтті аймақтағы кіші саршұнақтың орналасуы құмдар арсындар арал сияқты кездесетін далалық өсімдіктер жабынына негізделген. Шөлейттегі кәдімгі аламан тек көлдердің қамысты жерлерінде және көл қазан шұңқырларының бөктерінде ғана тіршілік етеді.

Популяцияның кеңістікте ауыспалы орналасуы саны күрт өзгеріп тұратын популяцияларға тән. Саны азайған жылдары популяциялар жекелеген топтардан тұрады. Ал саны көбейген жылдары мозайкалық типтегі орналасу диффузды типке ауысады. Саны күрт азайған кезде жануарлар «уақытша күту стациялары » деп аталатын қолайлы тіршілік ортасына жинақталады. Мысалы, орманды-далалы жердегі су тоқалтісі (полевка-экономка) құрғақшылық жылдары тек қайыңды-көктеректі шоғыр ормандарда және көлдердің батпақты жерлеріне қоныстанады. Ылғалды жылдары биотоптардың барлық жерінде, тіпті егістік жерлерінде де уақытша қоныстар пайда болады. Әдетте мұндай уақытша қоныстар келесі құрғақшылыққа дейін сақталады.

Бір орында тіршілік ететін жануарлар популяциясының жыл бойы территорияны ауыспалы пайдалануын циклді орналасу деп атайды.Мысалы, Врангель аралындағы тұяқты лемминг жағалаудағы құрғақ қыраттарда мекендейді. Жазда аңдар інін тундраның әртүрлі шөптесінді-қоңырбасты-қынала қауымдастарда салады. Жануарлар осылай қысқы және жазғы қоныстарын ауыстырып отырады. Тіршілік орнын ауыстырып отырудың бейімдеушілік маңызы зор, өйткені тундра жағдайында бұзылған жайылымдардың орнына қайта келу процесі өте баяу жүреді.Ал бір орында тіршілік ете берсе, сол жердің азықтық қоры көпке жетпей таусылған болар еді.Ауыспалы орналасуда кеңістікті пайдалану мен азықты пайдалану және қайта орнына келу арасында тепе-теңдік болады.

Бір орында тіршілік ететін организмдерде өмірінің барлық кезеңі немесе негізгі кезеңдері ортаның белгілі бір бөлігінде ғана өтеді. Мұндай жануарлар өзінің тіршілік етіп жатқан жерін тастап кетпейді. Егер қандай да бір жағдайлармен сол жерге қайтып оралады. Көптеген түрлер ұзақ та алыс миграциялардан кейін өздері көбейетін жерге қайтып келеді. Мұндай «үйін сезінуді» экологияда «хоминг» (ағыл.home – үй) деп атайды. Мысалы, қараторғайдың бір жұбы жыл сайын өзінің ұясына келіп қонатыны белгілі.