- •2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер
- •4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.
- •7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
- •8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •9.Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз.
- •10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.
- •13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.
- •14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
- •2. Сүйекті жеміс дақылдары
- •3. Жаңғақты жеміс дақылдары
- •4. Субтропикті жеміс дақылдары
- •5.Тропикті жемісті дақылдар
- •6. Жидекті дақылдар
- •15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.
- •17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
- •20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
- •21. Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз. VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикі зат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. * Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсі.
Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады. Дәрілік өсімдіктердің Емдік топтарының Түрлері. 1. Жүрек-тамыр жүйесіне арналған долана, сасық шөп, қазоты, шүйін шөп (валериана), жалбыз 2. Жарақатты жазатын және тері ауруларына арналған Жалбыз, түймедақ, жөке, қалақай, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ 3. Зәр айдайтындар қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр 4. Өтке арналған шашыратқы, қырықбуын, шайқурай, мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай, жалбыз 5. Қақырық түсіретіндер емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен 6. Паразит құрттарды түсіретіндер дермене, сарымсақ з, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
Өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөніндегі ақпараттар ең алғаш қытай кітаптарында кездеседі. Сонымен бірге өсімдіктерді дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді – еуропалық, қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени естеліктерінен табуға болады [1].
Қызылорда облысының флорасында өсімдіктердің шамамен 819 түрі кездеседі, оның ішінде 50 – ге жуығы дәрілік өсімдіктер болып табылады. Ондай өсімдіктерге: итсигек бұйырғын, қызыл мия, ұсақ жапырақты ақсора, кәдімгі адыраспан, кәдімгі жантақ, кәдімгі болатжапырақ, ақмия, далалық шырмауық, жатаған бидайық, түктіаталықты тікенбұта, орыс тікенбұта т.б. жатады [2].
Топырақтың сипаты мен климаты өсімдіктер құрамында түрлі химиялық заттардың болуына әсер етді. Көп жағдайда олар өсіидіктердің улылығын туғызады, ал өсімдіктердің улылығы олардағы химиялық заттардың құрамына байланысты. Көпшілік жағдайда өсімдіктердің құрамында: алкалоидтар, гликозидтер, органикалық қышқылдар т.б. кездеседі.
Алкалоидтар өсімдік организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азот құрамды қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сілтілік қасиетіне байланысты (арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас) деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Мейсньер алғашқы рет енгізіп, XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиин құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оны ұйықтататын әсерін байқады. 1810 жылы ол морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.
Алкалоидтардың ашылуымен медицина және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.
Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтаудың XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г.Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Бірақ XIX ғасырдың 80-ші жылдарына дейін алкалоидтардың құрылысы белгісіз болған. А.М. Бутлеров органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау арқылы оларды синтездеу мүмкін болды. Ресей елінде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.
Құрамында азот бар қарапайым қосылыстар метиламин, үшметиламин, және басқа жай аминдер, сондай-ақ аминоқышқылдары және олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына жатпайды.
Алкалоидтар құрамына көміртек, сутек, азот, оттек атомдары да кіреді. Жай алкалоидтар құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтар құрамында 50-ден астам көміртек атомдары болады.
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетінде қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай». Мемлекеттік фармакопеяда 738 мақалалардың ішінде 83 мақаласы 11% алкалоидтарға арналған.
Қазіргі кезде өндірістік масштабта 100-ден астам алкалоидтар өндіріледі. Синтез арқылы кейбір алкалоидтар алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б.
Алкалоидтардың көп санының ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан бөлініп алынған заттар ғалымдарға дәл классификациясын беруге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық классификациясын ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б. Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.
Көп авторлар алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына қарай яғни химиялық жіктеуді ұсынады. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртек - азот қаңқасы құрылысына қарай төмендегідей бөледі.
1. Пиридин және пиперидин туындылары.
2. Пирролизидин және пиперидин туындылары.
3. Хинолин туындылары.
4. Изохинолин алкалоидтар. Изохинолин және оның тетрагидротуындылары көптеген табиғи қосылыстардың құрамында болады.
5. Индол туындылары.
6. Пурин туындылары.
7. Дитерпенді алкалоидтар.
8. Стероидты алкалоидтар (гликоалкалоидтар).
9. Ациклді және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар.
Қазіргі кезде алкалоидтардың 5 мыңға жуығы анықталған. Әсіресе алкалоидтарға Алқа, Сағалдақтар, Бұршақтар, Кендірлер, Түйетабандар, Көкнәрлер тұқымдасының өсімдіктері бай келеді. Және бұл өсімдіктер тұқымдастары Қызылорда өңірінде жиі кездеседі.
