Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Биоресурстары ЛОЛА БН РУЯБЗАААААААА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.56 Кб
Скачать

6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]

Айыр;

Алоэ;

Аралия;

Арша;

Асқабақ;

Ақшайыр;

Аюқұлақ;

Бақалақ;

Бәрпі;

Валериана;

Дәрмене;

Дермене;

Диоcкорея;

Долана;

Жалбыз;

Жалбызтікен;

Жалынгүл;

Женьшень;

Жерқонақ;

Жолжелкен;

Жөке;

Жуа;

Жусан;

Жүгері;

Итбүлдірген;

Итжидек;

Итжүзім;

Итмұрын;

Итошаған;

Көкшегүл;

Қаражоңышқа;

Қалақай;

Қаражидек;

Қасқыржидек;

Қырықбуын;

Қырыққұлақ;

Қыша;

Лапыз;

Ламинария;

Левзея;

Меруертгүл;

Мия;

Наперстянка;

Ойраншөп;

Олеандр;

Өгейшөп;

Раувольфия;

Рауғаш;

Сарыағаш;

Секуринега;

Сенна;

Скумпия;

Таңқурай;

Томағашөп;

Шай;

Шайқурай;

Шалфей;

Шәңкіш;

Шөпшай;

Шытыр;

Эвкалипт;

Элеутерококк т.б.

Республика тереториясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар. Аюбұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді. Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі. Алтын тамыр – ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті. Кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Шашыратқы – биіктігі 1, 5 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры - жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3-тен орналасқан. Шілде - қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған. Жалбыз – биіктігі 20 - 60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді. Елімізде Украина, Молдова, Краснодар өлкесінде Қиыр Шығыс, Беларусия, Прибалтика, Қазақстанда өседі. Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі. Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жапырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді. Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі. Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. Тасшөп – биіктігі 3 - 10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан уақ, ұзындығы 15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыраңқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы, С витамині емдік заттары бар. Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдемі иісті болады. Мамыр - шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады. Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір - қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.