Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Биоресурстары ЛОЛА БН РУЯБЗАААААААА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.56 Кб
Скачать

20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.

Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі 2 жолын көрсетуге болады:

1) шетелдерден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды Қазақстанда табу;

2) зерттелуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа заттарды ашу.

Бірінші жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабораторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып шетелден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден де табуға бағытталған. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, мысалы, КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда көк сағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО-ға көксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын заттарды тез арада өзімізден табу керек болды. Қазақстанда көксағызы бар өсімдік Scorzonera (таусағыз) Asteraceae тұқымдасынан табылды.

Илік заттарды іздеуде өз нәтижесін берді, табиғи флорадағы өсімдіктер ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік заттарға айналған тарауда айтылады.

Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажеттілігін ескере отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді. Бұған жатқызуға болады, мысалы:

1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы мәліметтерді жинап, анализ жасау;

2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. өйткені ол өсімдіктерде сондай биологиялық белсенді заттарды синтездеуі мүмкін.

Кез-келген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынадай мәліметтерді қамту керек.

1) ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксаномиясы анықталады.

2) өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы, фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады;

3) өсімдік түрінің экология-фитоценологиялық ерекшеліктері туралы, географиясы туралы мәліметтер жиналады;

4) табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері алынып олардың құрамындағы шипалық қасиеттері бар заттарға химиялық анализ жасалады;

5) фармакологиялық сынақтан өткізіп, препарат өндірудің технологиясы жасалады;

6) табиғи фитоценоздар жағдайында өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері жан-жақты зерттеледі, әсіресе өсімдіктің экология-фитоценотикалық бейімдеушілігіне көңіл аударылады;

7) табиғаттағы фитоценоздарда қажетті өсімдіктің доминант екендігі анықталып, фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық құрамына сипаттама беріледі. Экологиялық және фитоценотикалық оптимумдары анықталады.

8) биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.

9) табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады. Негізгі үш категориялар бар:

1) Зерттелуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса сор3 (пайдалануға ыңғайлы жерде); 2) 5-14 % болса сор2 (пайдалануға №1 қарағанда ыңғайсыздау); 3) 1-4 % болса сор1 ( жинауға өте қиын жерде).

Өте жиі медицинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр жерде біреуі жинауға қолайсыз жерлерде өседі. Мұндай жағдайларда ол өсімдіктерді екпе жағдайда өсірумен айналысу керек. Екпе жағдайда өсіру де оңай емес, ол үшін тұқымды себу нормасын, кезеңін және алғашқы агротехникасын игеріп білу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму ерекшеліктерін зерттегеннен кейін, оның шикізатының және тұқымының химиялық құрамы табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайында салыстырмалы зерттеліп, оның таза жағдайда бейімдеушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң мәлімет алынса, өндірістік плантациялар жасауға, көшуге болады. Сонымен, өндірістік плантациялар жасау - көпжылдық еңбек сіңіруді қажет ететін процесс.

Жалпы, Қазақстандағы шикізаттық өсімдіктерді зерттеуді проф. М.Қ. Кукенов (1999) мәліметтері бойынша 5 кезеңге бөлуге болады:

1 -кезең (1920-1950 жылдары).

2-кезең ( 1950-1970 жылдары).

3-кезең (1960-1980 жылдары).

Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның таулық экожүйелерының дәрілік өсімдіктерін жүйелі зерттеудің басталуы. Құрамында флавоноидтар, алкалойдтар, эфир майлары бар өсімдіктерді бағалау. Перспективалы өсімдіктерді интродукциялау.

4-кезең (1980-1990 жылдары).

Жеке ботаника-географиялық региондарды (жоталарды) ресурстық-инвентаризациялық зерттеулер. Дәрілік, хош иісті, тағамдық ресми қабылданған өсімдіктерді фитохимиялық зерттеулер.

5-кезең (1990-2000 жылдары).

Флорадағы дәрілік өсімдіктердің әралуандылығын, әртүрлілігін тікелей зерттеп, кейбір ерекше шипалыларын тереңірек зерттеу.

Практика жүзінде өте бағалы түрлерді егіп, онтоморфогенездік тұрғыдан сипаттап, технологиясын жасау, структуралық диагностикалық белгілерін анықтау. Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер туралы далалық, эксперименталдық және этноботаникалық мәліметтерді талдап қорытынды жасау. Зерттелген региондардың ресурстық популяцияларына жан-жақты баға беру.