- •2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер
- •4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.
- •7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
- •8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •9.Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз.
- •10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.
- •13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.
- •14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
- •2. Сүйекті жеміс дақылдары
- •3. Жаңғақты жеміс дақылдары
- •4. Субтропикті жеміс дақылдары
- •5.Тропикті жемісті дақылдар
- •6. Жидекті дақылдар
- •15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.
- •17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
- •20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
- •21. Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз. VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық, систематикалық, экологиялық, фитохимиялық, фармакологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді зерттеуді мақсат етеді.
Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер ресурстарын бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс зерттеу объектісінің географиясын, экологиясын және күйін бағалауға мүмкіншілік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтарын зерттегенде оларға қосымша биохимиялық анализ жасалуы қажет. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері бар, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаник - ресурстанушы систематиканы, флораны, геоботаниканы, экологияны, өсімдіктер химиясын, интродукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және экономикалық түсінігі болуы керек. Шынын айтқанда, ботаник - ресурстанушы шектес ғылым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы керек.
Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.
Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет, Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты. Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтер дәрілік және хош иісті өсімдіктерге байланысты екендігіне әдебиеттегі мәліметтер айқын көрсетеді.
Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болды, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында көксағызды (каучук) илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды.
Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді.
Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі дәлелденген деп санауға болады. «Өсімдіктер ресурсы» деген терминді А.Федоров (1966) былайша түсіну керек деп санайды. «Өсімдіктер ресурсы дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар потенциалдық байлық».
Д.С. Ивашиннін (1969) анықтамасы бойынша «Өсімдіктер ресурсы» - ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы бар байлықты қамтиды.
Әрине, А. Федоровтың (1966) өсімдіктер ресурсына берген анықтамасы Д.Р. Ивашиннің (1969) анықтамасымен салыстырғанда анықтау, айқын және қысқаша, сондықтан қолайлылау. «Ресурстар» деген терминді (өсімдіктер ресурстары емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады. Мысалы, «дәрілік өсімдіктер ресурстары». «Ресурс» деген терминді «Қоры» деген түсінікпен шатастыруға болмайды. Яғни, «Ресурс», «Қоры» синонимдер емес. «Ресурс» термині кеңірек, толығырақ, ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.
Ал Федоров (1968) ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама береді. Ботаникалық ресурстану:
1) халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі-өсімдіктерді тауып айкындайды;
2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды, қосылыстарды зерттейді;
3) пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын (массивті) зерттейді;
4) мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды. «Ботаникалық ресурстану» - өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы, молекулалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік популяциялық, түрлік, ценотикалық, биогеографиялық. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.
Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі.
Мүшелер деңгейінде - морфология көмегімен, организм деңгейінде - физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде – тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде - систематика және филогения көмегімен, ценогенетикалық деңгейде - фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.
Бұл жоғарыда айтылғаңдардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айкын көруге болады.
Гидробионттардың көптүрлілігін және шикізаттық маңызын қарастырыңыз.
Гидробионт(гидро... және грек. bіon – тіршілік ететін) – суда тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің ғылымдағы ортақ атауы.
Гидробионттар:
─ Бентос ( bentos - тереңдік) актиниялар,балдырлар,губкалар,кальмар,сегізаяқ балықтар.
─ Су ағысымен қалқып жүзетін ағзалар- планктон (planktos – қанғыма).
─ Суда жүзетіндер – нектон (nektos – жузіші) балықтар, дельфиндер.
Қазақстаңда балықтардың шамамен 100 түрі кездеседі деп жоғарыда айтылды.
1) қортпа (Huso Brandt, 1862* - белуга);
2) бекіре (Acipenser Linne, 1758 - осетр);
3) лосось (Salmo Linee, 1758);
4) плотва (Rutilus Raginesgue, 1820);
5) ақмарқа (Aspius - жерех);
6) қаяз (Barbus Cuvier, 1817 - усач);
7) табан балық (Abramis Cuvier, 1817 - лещ);
8) сазан (Cyprinus, 1758 - сазан);
9) алабұға (Регса Linne, 1758 - окунь);
10) көксерке (Stizostedion Rafinesquer 1820 - судак) және тағы басқа туыстар өкілдері қарастырылады.
Бұл жерде шаруашылықта маңызы зор бір туыс балықтарын мысал ретінде сипаттап өтейік.
Сазан - Cyprinus туысы.
Сазан Cyprinidae - карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады. Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік. Бұрынғы КСРО территориясында 3 түрде, ал Қазақстанда 2 түрде кездеседі. Оның бірі: Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov - Арал сазаны. Таралуы - Қазақстан (Батыс Қазақстаннан басқа) су қоймаларында кең таралған. Ұзындығы - 40-45 (80) см, салмағы - 2-2,5 (22,5) кг. Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий және Ембіден басқа барлық су алаптарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Ембі су алаптарында европалық сазан мекендейді.
Саны және шаруашылықтағы маңызы.
Қазақстанда сазан балығы бекіре және лосось балықтарынан кейін ең бағалы кәсіптік балық болып саналады. Тамаққа, негізінен, жаңа ауланған кезінде пайдаланылады, сазан спорттық балық аулау объектісі. Ыстық қақталған немесе сүрленген сазан жақсы гастрономиялық сапасымен ерекшеленеді.
Орал, Ембі және Каспий теңізі акваториясында балықтардың 63 түрі мекендейді. Каспий су қоймасына қатысты ерекше көңіл аударуды қажет ететін балықтар, ол бекіреге (осетр) жататын 5 балық түрі:
1) қортпа (белуга);
2) бекіре (осетр);
3) шоқыр (севрюга);
4) сүйрік (стерлядь);
5) пілмай мекіре (шип).
Губкалар(Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі. Олардың теңіз түбіне немесе су түбіндегі заттарға бекініп қозғалмай тіршілік ететін 5000-нан астам түрі белгілі (1 түрі – Каспий т-нде кездеседі). Губкалар 3 класқа бөлінеді: ізбесті губкалар(Calcarea), шынылы губкалар (Hyalospongіa) және кәдімгі губкалар (Demospongіa).
Губкалардың қаңқасынан дене жуатын ысқылауыш дайындайды. Тұщы су Губкалары (мыс., бадяга) кептіріліп, ұнтақталған күйде медицинада ревматизмді емдеуге пайдаланылады. Шынылы Губкалардан сәндік бұйымдар жасалынады. Губкалардың қазба қалдықтары протерозой шөгінді жыныстарынан табылған.
Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасындамитохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофиттіБалдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae),криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі,Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.
Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағандапланктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.
ҚР өсімдік шаруашылығының бүгінгі бейнесін айтып беріңіз.
Өсімдік өсіру, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығыныңның халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру – ауыл шаруашылығы өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым. Өсімдік өсіру ғылым ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетация дәуірінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, құрғақ зат жиналуын, зат алмасуын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін, т.б. зерттейді. Өсімдіктің биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай түр, сорт, гибридтерді аудандастыру, жерсіндіру, т.б. мәселелерді шешеді. Ғылыми тұрғыдан егіншілік, топырақтану, биохимия, генетика, селекция, микробиология, агрофизика, агрохимия, өсімдіктерді қорғау, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Ежелгі ғасырларда-ақ адам жерді өңдеп, егіншілікпен айналыса бастағаннан пайдалы өсімдіктердің ең жақсы түрін, сортын іріктеп, оларды өсіру әдістерін жақсартып отырған. Өсімдік өсіру туралы жалпы деректер ежелгі Рим кезінен белгілі. Қазақстанда бұл саладағы зерттеулер тұңғыш Темір (1907), Львов (1908),Красноводопад (1910), Семей (1911) егіс танаптарында басталды. Өсімдік өсіру мәселелерімен республикада әр жылдары құрылған мемлекеттік селекция және ауыл шаруашылығы станцияларылары шұғылданды. 1934 жылы ашылған Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты республикада осы бағытта жүргізілетін зерттеулерді үйлестіріп отыратын ірі ғылыми орталыққа айналды. Зерттеу жұмыстарымен ВАСХНИЛ-дің Шығыс бөлімшесі қарамағындағы бірнеше ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу, ауыл шаруашылығы институттары, 18 облыстыңауыл шаруашылығы және 2 мемлекеттік селекция станциялары шұғылданды. Қазақстанда Өсімдік өсіру ғылымының дамуына Александр Иванович Бараев,Кузьмин Валентин Петрович, Зыков Дмитрий Андреевич, К.Иманғазиев,Бияшев Ғакаш Закиевич, А.И. Бабаев, А.Жанғалиев, Н.Л. Удольская,А.К. Гольбек,А.И. Кацейка, т.б. үлкен үлес қосты. К.А. Тимирязев,Д.Н. Прянишников, В.Р. Вильямс, Н.И. Вавилов, И.В. Мичурин, т.б. еңбектерінің үлкен маңызы болды. Екпе дақылдарды қандай мақсатта егілетініне және күту әдісіне қарай 7 топқа және өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне, химиялық құрамына, т.б. қарай бірнеше классификациялық топқа бөледі (қ. Кесте). Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы мен өнім өндірудегі негізгі тәсілдер: жергілікті климат пен топыраққа бейімделген, бағалы шаруашылық және биологиялық қасиетімен ерекшеленетін сорттарды таңдап алу; ауыспалы егіс жүйесінде алғы дақылдарды дұрыс таңдау; топырақты өңдеу шараларын жүргізу және тыңайтқыштарды қолдану; тұқым себуге дайындалу; тұқым себу (мерзімі, себілетін тұқым мөлшері, себу әдісі және тереңдігі агротех. талаптарға сай болуы керек); егісті талапқа сай күтіп-баптау (топырақты өңдеу, үстеп қоректендіру, арам шөптерін жұлу, өсімдіктерді зиянкестерден және аурудан қорғау, пәлегін және жапырағын түсіру тәсілдерін қолдану); егінді, шыққан өнімді ысырапсыз жинау (негізгі және қосалқы өнімді шығынсыз жинауды мерзімінде ұйымдастыру, егіс даласын аңыздық қалдықтардан тазарту, өнімді жинағаннан кейін топырақты өңдеуді ұйымдастыру), т.б. Өсімдік өсірудегі басты мақсат – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ең тиімді тәсілдерін қолданып, ғылымның кейінгі жетістіктері мен қарқынды технологияға сүйене отырып, астықтың, көкөністің және технология дақылдардың өнімділігін жоғарылату және өнім сапасын арттыру. Өсімдік өсірудегідегі ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде егістікке тәжірибе танаптарын белгілеу, лабаратория және вегетация тәсілдерді қолдану арқылы тұқымның, өсімдіктердің және топырақтың физика, химия, биология және микробиология қасиеттерінің өзгеруіне талдау жасалынады. Сонымен қатар, ғылым жетістіктерін, ұсынылған жаңа әдістерді және егістік дақылдардың жаңа сорттарын (гибридтерін) сынау мақсатында және олардың агротехникалық, экономикалық құндылығын анықтау үшін шаруашылықтарда өндірістік тәжірибелер жүргізіледі. Қазақстанда І.Әбуғалиев, Л.Бобров,П.Ажигоев, А.Алманиязов, Б.Бәсібеков, В.Жигайлов, М.Ерлепесов, И.Сүлейменов, М.Сүлейменов, С.Чаянов, т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде ауыл шаруашылығы және мал азықтық дақылдар өсірудің агротехникалық тәсілдері, аймақтық технологиялары, республиканың әр өңіріне арналған егіншілік жүйелері табылып, өндіріске енгізілді, селекция және тұқым өсіру мәселелері зерделенді. Р.Оразалиев, Т.Зусманович, П.Федоров, Ғ.Мейірман, В.Жигайлов, О.Төрешев, Б.Сариев,А.Әбуғалиева, Д.Ізбасаров, К.Шалбаев, С.Бабаев, С.Кененбаев, І.Бәкірұлы, С.Сәдуақасов, К.Аяпов, т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде өсімдіктер түрлерінің бірнеше сорттары шығарылған. Қазақстанда өсімдік өсіруге байланысты ғылыми зерттеулерді Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты, т.б. мекемелер, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары жүргізеді.
Қазақстан фаунасын зерттеудің қысқаша тарихын жазыңыз.
ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік топтарының (тип, класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді (мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың Фаунасы әр түрлі Фауналық жануарлар кешенінен құралады. Мысалы, дала белдемінің Фаунасында негізінен далалық Фауна кешені, космополиттік түрлер, шөлейт аймақтың Фауналық кешенінің басымдығы байқалады. Әрбір Фаунада мекендейтін жануарлардың шығу тегі де әр түрлі, атап айтқанда автохтондар, аллохтондар (алғаш пайда болған аймақтан осы мекенге ауысып келген кірме жануарлар), иммигранттар (дамыған жануарлардың басқа аумақта пайда болып, кейіннен соңғы мекен етіп отырған орынға келуі). Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шөлейт,шөл, палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен келген түрлер де көп. Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан. Республика жерінің:
6%-ын орманды дала
28%-ын дала
58%-ын шөл және шөлейтті жерлер
8%-ын таулы аудандар алып жатыр
Әр аймақтың өзіне тән Фаунасы бар. Орманды далада: қоян, бұлан, елік, құр, кекілік, т.б.; далада: суыр, дала шақылдағы, саршұнақ, дуадақ, безгелдек, қараторғай, т.б.; шөл мен шөлейтте: ақ бөкен, қарақұйрық, қосаяқ, құмтышқан, жылан, улы өрмекші, қарақұрт, т.б.; тауда: арқар, таутеке, марал, құну, қоңыр аю, барыс, ұлар, жылқышы, т.б. мекендейді. Табиғи факторлар мен адам әрекеті салдарынан республика Фаунасы да елеулі өзгерістерге ұшырады. Тек төрттік кезеңнің өзінде ғана Қазақстан жерінде түйеқұс, орман пілі, Мосбах жылқысы, жабайы есек, Мерке мүйізтұмсығы, алып түйе, байырғы елік, жалпақ маңдайлы бұлан, Шетензаки бизоны, Хозар мамонты, тарпан, мамонт, семсер тісті жолбарыс, жүндес мүйізтұмсық, тур (жабайы сиыр), үңгір аюы, үңгір арыстаны, т.б. жойылып кетті. Сирек кездесетін, саны өте аз жануарлар қорғауға алынған; “Қазақстанның қызыл кітабы”. Қазіргі кезде Жер бетінде жануарлардың 1,5 млн-нан астам түрі белгілі, жыл сайын 10 мыңға жуық жануарлар түрі анықталады. Фаунаны зерттеудің тәжірибелік маңызы өте зор. Фаунаны зерттеумен зоогеографияның фаунистика саласы шұғылданады.
19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасы н зерттеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері географиялық тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).
Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазақстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әр түрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физикалық-географиялық заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физикалық-географиялық бөлінуінің негізі Бергтің “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфологиялық аймақтарға бөлу тәжірибесі”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфологиялық облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін ғыл. маңызы күшті
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биология жүйесіндегі ролін сипаттаңыз.
Қыналар ерекше құрылымды тірі ағза. Денесі екі құрамдас бөліктерден құралған (балдыр және саңырауқұлақ). Сондықтан соңғы кезде оларды төменгі сатыдағы өсімдіктер тобына жатқызбастан, саңырауқұлақтар дүниесінің жеке бөлімі ретінде өз алдына қарастырады.
Қынаның денесі сырттай тұтас өсімдік болып байқалғанымен балдыр мен саңырауқұлақтың бір-бірімен селбесуінен құралған. Саңырауқұлақтың жіпшұмағы (шицелий) көк-жасыл балдырды орап жатады және жіпшелерімен (гифтар) қынаны төсемікке орнықтырады.
Күні бүгінде қынаның 26 мыңға жуық түрі белгілі. Оларды зерттейтін сала лихенология (грекше: Linen-қына) деп аталады. Қыналар кез келген жерлерде (тастың үстінде, шөлді, шөлейтті аймақтарды, тундрада және орманды) алқаптарда кездеседі. Бұлай таралу себебі: қолайсыз жағдайда қыналар уақытша анабиоз күйге түседі, кейіннен қалпына келіп тіршілігін қайта жалғастырады.
Сыртқы пішініне қарай қыналар 3 топқа бөлінеді:
Қабық (қаспақ) тәрізді қыналар. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып, жұқа қабыққа ұқсас болып өседі.
Жапырақ тәрізді қыналар. Жапырақ пішініне ұқсас, ағаш түбіріне жабысып өседі.
Бұта тәрізді қыналар. Қарағайлы орманда төсемікте бұталанып. Жайылып өседі. Негізгі түрлері (құрттәрізді қына, пелтигера, бұғықына, цетририя, кладония)
Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, симбиоздың арқасында тіршілік етуінен пайда болады. Яғни саңырауқұлақтың жіпшелері (гифтер) балдырларға су және минералды заттарды жеткізіп береді. Өздері балдырлардың көмегімен фотосинтез нәтижесінде түзілген пайдалы заттармен қоректенеді. Қына құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынада ғана жасай алады, балдырлар болса жеке өз бетінше тіршілік ете береді.
Ғалымдардың қорытындысы бойынша қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар балдырлармен паразиттік арақатынаста болуға бейімделген. Өйткені жеке өсірілген жағдайда балдыр еркін дамып көбейген болса саңырауқұлақтар спора түзбеген.
Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Денесіндегі қабықшасында жарықтар пайда болып одан түскен жіпшелеудің бөліктерінен жаңа қына өсіп жетіледі. Қыналар тек жары жерде өседі. Ластанған ортаға өте төзімсіз (орта тазалығының индикаторы есебінде пайдаланады)
Ерте заманда тау жыныстардың, тастардың, суыған жанартау қалдықтарының бетіне алғаш қонысталған ағзалардың бірі осы қыналар. Өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп тасты үгітеді, кейін сол жерде топырақтың қалыптасуына, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің орнығуына мүмкіндік туғызады.
Микроскопиялық балдырларға жалпы сипаттама. Балдырлар биоценозы.
Балдырлар кез келген жерде кездеседі. Біржасушалы, көпжасушалы және шоғырлы (колониялы) түрлері бар. Балдырлардың денесі таллом беп аталады. Құрамындағы хромотофорларының түстері әр түрлі болғандықтан жасыл, сары, қызыл, қоңыр балдырла кездеседі. Балдырлар талшықты, жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олардың сыртын тікелей сілекейлі қабық қаптайды (қозғалуына, бекінуіне көмектеседі) 3 жолмен көбейеді.
Топырақта кездесетін балдырлар 3 топқа жіктеледі:
Жер бетіндегі балдырлар –эфемерлік тәртіппен ылғалдылығы мол жерлерде жаппай қаптап өседі.
Топырақтық балдырлар – топырақтың ішкі құрамының беткі қабаттарында өседі. (ылғалдылығы мол жағдайда)
Бұрғылаушы балдырлар –тау-тасты жыныстарды бұрғылап енеді немесе топырақтың түтіктерінде, қуыстарында мекендейді.
Негізгі түрлері:
1. Көк-жасыл балдыр – Gyanophyta. Қарастырылып жатқан топтың ең примитивті (қарапайым) өкілі. Жасушаның қабықшасы пектиннен құралған, бір немесе көп ядролы болып келеді. Хлорофилдан басқа көк пигмент фикоциан хромотофордың құрамында емес таспа, білезік, астауша тәрізді болып бүкіл цитоплазмада шашырап қызмет атқарады. Талшықты жеке жасуша және шоғырлар күйінде кездеседі, топтың көбінесе талшықты формаларын анықталған. Олар Nostos, Anabacha, Gylindrospermum, Oscillatoria туыстардың өкілдері. Бұлар атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруге қабілеті бар болғандықтан топырақты құнарландырады.
2. Жасыл балдырлар –Chlorophyta. Жасушалары целлюлоза немесе пектинмен қапталған, бір немесе көп ядролы болып келеді. Хлорофил –пішіні әр түрлі хромотофордың құрамында анықталған. Вегетативтік денесі 3 түрлі болуы мүмкін. Топырақ құрамында бір клеткалы ағзалардан көбінесе Chlamydomonas, Chlorella, Hormidium, Vaucheria туыстардың өкілдері кездеседі.
3. Сары жасыл балдырлар –Xauthophyta жасыл балдырларға өте ұқсас. Сарыжасыл балдырлардың хромотофорлары тек диск тәрізді формада кездеседі. Айырмашылығы сонда топырақ құрамында бірклеткалы ағзалардан pleurochloris туыстарының өкілі, ал көп клеткалардан Heterothnаx Tribonema туыстарының өкілдері кездеседі.
4. Диатомды балдырлар –Bacillariophyta Жасуша қабықшасының құрылысыерекше. Ол екі қабаттан құралған, ішкі қабат пектиннен құралған. Сыртқы қаталған қабат (панцирь) Жынысты көбеюі кезінде екі клетканың бір-бірімен қосылып аукоспоралар түзілуінің арқасында құралады. Топырақ құрамында тек бір клеткалы ағзалар тіркелген Олар Navicula, Pinnularia, Hanthzschia, Nitzschia туыстарының өкілдері
5. Эвгленалық балдырлар –Euglenophyta Денесінде 1-2 талшықтың болуымен ерекшеленеді (қозғалуына көмектеседі) жасушаның формасы- дөңгелекше немесе сопақ дене болып келген. Құрамында ядросы мен хромотофорлар жайғасқан. Кейбір түрлердің хлорофилі жоқ болған соң сапрофиттік жолмен қызмет атқарады. Топырақ құрамында көбінесе Chlamydomonаs, Euglene сияқты туыстардың өкілдері кездеседі.
Саңырауқұлақтардың – ерекше белгілеріне қарай (Өсімдіктерге және жануарларға тән ұқсастықтар) табиғи тәуелсіз тобын құрастырады . Олардың қалдықтары ежелгі геологиялық қабаттарынан табылып отыр. Жүз мыңнан астам түрлер белгілі. Кез-келген жерлерде кеңінен таралған.
Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән ерекшелктері:
өсімді (вегетативті) денесі бір орыннан қозғалмайды, өсу барысында тарамдалады, жасушасы қалың қабықшамен қапталған қоректік затты денесімен сорады.
Саңырауқұлақтардың жануарларға тән ерекшеліктері:
Хлоропластары жоқ, қоректік затты өз жасушасында түзе алмайды, бунақ денелілерге ұқсас жасушасы ақуызды –хитинді қабықшамен қапталған. Қоректік қор заты жасушасында гликоген түрінде жиналады (грек. Гликис – тәтті, инос шығу тегі, яғни тәтті зат)
Топырақта үнемі әртүрлі саңырауқұлақтардың ағзалар көп мөлшерде кездеседі. Бір жағынан олар микроскопиялық ашытқы немесе зең саңырауқұлақтар. Екінші жағынан үлкен денелі қалпақшалы саңырауқұлақтармен білінеді. Сонымен бірге олардың барлығына ортақ, ұқсас ерекшеліктер тән. Өсімдік түссіз әрі тарамдалған лицейден (жіпшелерден) тұрады. Ол жіңішке жіпшелерден түзілген (гифтер) және солар арқылы тарамдалып өседі.
Саңырауқұлақтарды 2 топқа бөледі:
Төменгі сатыдағы –мицелий бір жасушалы (ашытқы зең саңырауқұлақтар)
Жоғары сатыдағы- мицелий көп жасушалы (қалпақша саңырауқұлақтар)
Бактерия мен актиномициттерге қарағанда с-р жоғары дамыған. Мұнда ядросы қалыптасқан және ол ядролық қабықшамен қапталған. Жоғарыда айтылғандай мицелий құрылысында ортақ ұқсастықтар мицелий болғанымен, көбею тәсілдерінде әр типке жататын саңырауқұлақтарда түрлі ерекшеліктер орын аладын
Саңырауқұлақтар 1) өсімді (вегетативті); 2) жыныссыз; 3) жынысты жолмен көбейеді
Вегетативті- Жіпшелері (гифтер) үзіліп, әрқайсысынан мицейде (жіпшумақта) бүртіктер пайда болады (ашытқы саңырауқұлақтар) кейін олар бөлініп өз алдына тіршілік етеді.
Жыныссыз- зооспора, спора, конилдий арқылы өтеді.
Жынысты- екі гамета (жыныс жасуша) қосылуынан ерекше жасуша (зигота-грек. бірге қосылу) түзілу арқылы жүреді.
Барлық саңырауқұлақтар аэробты ағзаларға жатады. 5°-40°С аралығында жақсы өседі. (25°-30°С). Бірақ арасында психрофил (-)мен термофилдар (+) кездеседі. С-дың көпшілігі топырақтың қышқыл реакциясын қалайды. Сонымен бірге бейтарап реакциясы бар топырақтарда жақсы өсе береді.
Барлық саңырауқұлақтардың ағзалар 2 типке жіктеледі
І. Нағыз саңырауқұлақтар (тип Eumycophyta)
ІІ. Слекейлі зеңдер (тип Myxomycophyta)
Нағыз саңырауқұлақтар 5 кл бөлінеді
Саңырауқұлақты –балдырлар (Phycomycetes)
Мицелий бір клеткалы көп ядролы перделенген, жынысты жолмен көбейеді. Топырақта кездесетін ағзалардың көпшілігі Mucor, Rhizopus, Moptiepella, Phutophopa ТУЫСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes)
Мицелий көпклеткалы көбею тәсілі – жынысты жыныссыз. Топырақта кең тараған Penicillum, Aspergilus, Chaetomium туыстардың өкілдері. Қалталы саңырауқұлақтарға ашытқыларда жатады. Бұд ағзалар бірклеткалы және вегетативті жолмен көбейеді.
Пеницилдің 2 түрінен пеницилин дәрісі ал аспергилдің бір түрінен лимон қышқылы алынады. Бұлар табиғатта тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Зең саңырауқұлақтар тобына жатқан соң зияны да бар. Жеміс жидек, дәнді дақылдарды бақша дақылдарды шірітеді.
Ашытқы саңырауқұлақтар қымыз, сүт, шарап, сүрлем, нан ашытуға пайдаланады (қантты саңырауқұлақтар немесе сахаромициттер) Кейде зияны да байқалады. Мысалы Мукордың кейбір түрлері ауыл шаруаш-ды дақылдарды шірітеді адам мен малдың арасында ауру туғызады.
3. Базидиалдық саңырауқұлақтар (Basidiomyctes) Қаралып жатқан топтың жоғары ұйымдасқан ағзалар мицел көпклеткалы. Жынысты көбеюі базидио споралардың көмегімен жүзеге асады. Дене тұрқы әр түрлі (микроскоп көлемде және ірі көлемде қалпақшалы саңырауқұлақтар)Базид саңырауқұлақтар-белсенді түрде клеткалы ыдыратуға көмегі бар. Соның арқасында кейде ірі көлемдегі ағаштар түбімен жасалады.
Мысалыған «үйлі саңырауқұлақ» немесе Meculius lacrimans. Кейбір түрлері дәнді дақылдардың арасында қауіпті аурулардың қоздыртқышы ретінде білінеді.
4. Толық дамымаған (несовершенные) саңырауқұлақтар (fungi) Жыныссыз жолмен конидиялары арқылы көбейеді. Топырақта кең тараған негізгі өкілдері Cephalospopium Trichoderma, Cladospofium, Alternaric туыстары жатады. Бұл ағзалар органикалық заттарды ыдыратушыларға және ұсақ жұмыр құрттардың антогонистер ретінде қызмет атқарады.
5. Залалсыз саңырауқұлақтар (Mucelia Stepilis) мицелийдің үзінділері арқылы яғни вегетативтік жолмен көбейеді. Споралар мен гаметалар анықталмаған.
ІІ. Миксомицеттер немесе слекейле зеңдер (Myxomycophyta) Сілекейлі дене ретінде тіршілік етеді. Амебалар ұқсап жалған аяқтармен қозғалады. Жыныссыз жолмен споралар арқылы көбейеді. Негізгі өкілі Rhizophyctis rosea mon құрамында жиі кездеседі клетканы ыдыратушы ретінде білінеді, және өсімдіктердің арасында түрлі ауруларды қоздырады (кила капуста)
Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерінің сақтау жолдарын табыңыз.
Қорықтар - бұл табиғат объектілерін қорғаудың еңжоғарыформасы.Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен кұрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-кұс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. . Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу - Жабағылы» 1926, «Алматы» 1934, «Наурызым» 1959, «Барсакелмес» 1939, «Қорғалжын» 1968 және «Марқакөл» 1976, «Үстірт» 1984, «Батыс Алтай» 1992, «Ала көл» 1998, Қаратау 2003 қорықтары бар.
Ақсу Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14 маусымында ұйымдастырылды. Қорық тероториясының ауданы 30000 га шамасында болса, қазіргі оның оның алып жатқан жер көлемі 74416 га Ақсу Жабағылы қорығы Шымкент облысының оңтүстік шығыс бөлігінде Жамбыл облысының көршілес Өзбек және Қырғыз республикаларының шекараларымен түйісетін жерінде орналасқан. Мұнда, қанаттылардың 238 түрі сүтқоректілердің 42 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, қосмекенділердің 2 түрі және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар - арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезеді. Жемтігін аңдыған жыртқыштар: барыс немесе ібліс, аю, түлкі, борсықтар да жайлы қоныс тапқан. Аса сиреп кеткен көк суыр, бүркіт, ұлар сияқты аң құстар өсіп өнуі үшін қорық өмірі өте қолайлы.
Қаратау мемлекеттік қорығы 2004 жылдың 1-ші наурызда Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы құрылды,жалпы көлемі 34300 гектар болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының ежелгі,әрі әсем табиғи көріністерінің бірі Қаратау жотасы. Қаратау жотасының солтүстік батыс бағытындагы жалпы ұзындыгы 420 шақырым.
Қаратау тауы ең алдымен өзінің флорасы мен фаунасының алуан түрлілігімен бағалы. Бұл жердегі эндемді және сирек кезесесетін өсімдіктердің мол болуы Қазақстанныц басқа аймақтарынан ерекшелендіріледі.Қорық аумагындағы өсімдіктердің 370 түрі,оның арасында 35 эндемді,45-і цызыл кітаща енгізілген,57-і дәрілік өсімдіктер санатына жатады.
Қорық аумагында сүтқоректілердің 16 түрі кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына жануарлардың 3 түрі (қаратау арқары, үнді айрасы, сас сусары) енгізілген. Қорықта құстың түрі 55 анықталды. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген 7 түрі (бүркіт, ителгі, жылан жегіш, үкі, қара дегелек, бақалтақ қыран, жорға дуадақ немесе жек) кездеседі.
Ұлттық парктер - табиғи қорғаудың бір түрі. Әр мемлекеттің табиғаты сұлу, көрікті жерлері, ерекше тарихи ерекшеліктері, бағалы өсімдіктер мен жануарлар жайлаған, ақшаға сатылмайтын, халықтың мақтанышы болған жерлер бар. Осындай жерлерде ұлттық парктер ұйымдастырылып, олар тарапынан қорғауға алынады. Онда өндірістік немесе ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізілмейді. Табиғат қорғаумен қатар халықтың демалуына, туристер жүруге толық жағдай жасалады. Жер жүзінде қазір 170 ұлттық парктер бар. Олардың ішінде ең ірілері Гренландия ұлттық паркі, жер көлемі 7 миллион га, Ботсвандағы орталық Калахар резерваты - 5,3 миллион гектар, Канададағы Вуд-Буфалло - 4,5 млн. га, Монғолиядағы үлкен Гоби - 4 млн. га.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағы 2000 жылы оның жерінде халық демалысын ұйымдастыру, саяхатты реттеу және көл-тау-орман ландшафтын қорғау мақсатында құрылды. Бақ көлемі 83511 га, Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Мұнда 757 өсімдік түрі бар. оның ішінде 95 сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерге жатады. Ағаш тұқымдастары ішіндегі көп бөлігін қарағай алып жатыр. Құстар фаунасы құрамында 200-ден аса түр бар. Жыртқыш құстардан бүркіт, қарақұс, шаңқылдақ қыран, қаршыға, қырғи, тұз және саз құладындары. Күйкентай, жағалтай, бөктергі, үкі, ақ және құлақты жапалақтар кездеседі. Ақтұмсық қарға, сауысқан, тұз жауторғайы, кәдімгі түркептер, көкек, көкқарға, мысықторғай, орман жадырағы, бақ санжуғашы, орман бозторғайы, жағал шақшақ, қарабас сарыторғай, сайрауыұтар, тоқылдақтар, көк шымшықтар және басқалар әдеттегі түрлер. Көлдерде сүрқаз, маңырауық үйрек, қылқұйрық, қасқалдақ, көкқұтан, қызыл жемсаулы маймаққаз, сұқсыр үйректер, шағалалар шалшықшылар ұялайды.
“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
балықтың 4,
қосмекенділердің 1,
бауырымен жорғалаушылардың 8,
құстардың 43,
сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.
“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Флорамен фаунаның сақтау жолындағы Европалық елдердің қосар үлесі. Флора (лат. flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; лат. florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.
Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б.
Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет. қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 — Флораның ежелгі ядросы, өткен геология дәуірлерден осы аумақта өсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 — мигранттар (шығу тегі бойынша басқа өңірлерде пайда болып, осы аумаққа әр түрлі себептермен көшіп келген түрлер); f4 — автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1), миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бөлуге болады.
Пайда болу орны мен таралуының тарихи жолдары жақын түрлерді де кейбір ғалымдар генет. элементтерге жатқызады. Кейде мұның география-генетикалық элементтер (мыс., ортаазиялық, шығыс-сібірлік, сарыарқалық, т.б.) деп те атайды. Қазіргі Флораның шығу тегі мен таралуын білу үшін өткен геол. дәуірлер мен кезеңдердің Флорасын зерттеу маңызды болып саналады. Мыс., Гренландияның, Шпицбергеннің қазба Флорасын (троходендроидес, емен, жаңғақ, терек, ал қылқан жапырақтылардан — таксодиум, т.б.) зерттеу нәтижесінде қазіргі Арктиканың аумағындағы палеогендік Флора. арктик. болмай, қоңыржай-субтропик. болғанын көруге болады. Өсу ортасы ұқсас түрлердің тобы Флораның экология элементін құраса, тіршілік формалары бойынша ұқсас түрлер Флораның биол. элементтері болып табылады.
Эндемиктік тұқымдастар мен туыстар кешені бойынша Флораның бір-біріне бағынышты аумақтық бөліктері ажыратылады. Олардың ішіндегі ең ірісі флористик. патшалық (Голарктик., Палеотропик., Неотропик., Австралиялық, Каптық және Голантарктик.) болып табылады. Кез келген Жер аумағындағы анықталған өсімдік түрлері мен туыстары әдетте арнайы тізімге тіркеледі (конспект, кадастр, т.б.). Түрлердің таралуы, өсу ортасы, биол. сипаттамалары келтірілген мұндай тізімдер “Қазақстан флорасы” деген 9 томдық кітап болып жарық көрді (1956 — 66). Онда республикада өсетін 5 мыңнан астам өсімдік түріне сипаттама берілген. Флораға кең таралған мәдени өсімдіктерді де енгізеді, бірақ ботан. бақтардағы, табиғи бақтардағы, питомниктердегі мәдени өсімдіктер енгізілмейді. Кейбір жұмыстарда “Флора” термині “өсімдіктер” терминінің орнына қолданылады, бұл дұрыс емес (мыс. мәдени Флора деудің орнына мәдени өсімдіктер деген жөн).[1]
ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік топтарының (тип, класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді (мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың Фаунасы әр түрлі Фауналық жануарлар кешенінен құралады. Мысалы, дала белдемінің Фаунасында негізінен далалық Фауна кешені, космополиттік түрлер, шөлейт аймақтың Фауналық кешенінің басымдығы байқалады. Әрбір Фаунада мекендейтін жануарлардың шығу тегі де әр түрлі, атап айтқанда автохтондар, аллохтондар (алғаш пайда болған аймақтан осы мекенге ауысып келген кірме жануарлар), иммигранттар (дамыған жануарлардың басқа аумақта пайда болып, кейіннен соңғы мекен етіп отырған орынға келуі). Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга, орман, дала, шөлейт,шөл, палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен келген түрлер де көп. Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды. Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан. Республика жерінің:
6%-ын орманды дала
28%-ын дала
58%-ын шөл және шөлейтті жерлер
8%-ын таулы аудандар алып жатыр
Әр аймақтың өзіне тән Фаунасы бар. Орманды далада: қоян, бұлан, елік, құр, кекілік, т.б.; далада: суыр, дала шақылдағы, саршұнақ, дуадақ, безгелдек, қараторғай, т.б.; шөл мен шөлейтте: ақ бөкен, қарақұйрық, қосаяқ, құмтышқан, жылан, улы өрмекші, қарақұрт, т.б.; тауда: арқар, таутеке, марал, құну, қоңыр аю, барыс, ұлар, жылқышы, т.б. мекендейді. Табиғи факторлар мен адам әрекеті салдарынан республика Фаунасы да елеулі өзгерістерге ұшырады. Тек төрттік кезеңнің өзінде ғана Қазақстан жерінде түйеқұс, орман пілі, Мосбах жылқысы, жабайы есек, Мерке мүйізтұмсығы, алып түйе, байырғы елік, жалпақ маңдайлы бұлан, Шетензаки бизоны, Хозар мамонты, тарпан, мамонт, семсер тісті жолбарыс, жүндес мүйізтұмсық, тур (жабайы сиыр), үңгір аюы, үңгір арыстаны, т.б. жойылып кетті. Сирек кездесетін, саны өте аз жануарлар қорғауға алынған; “Қазақстанның қызыл кітабы”. Қазіргі кезде Жер бетінде жануарлардың 1,5 млн-нан астам түрі белгілі, жыл сайын 10 мыңға жуық жануарлар түрі анықталады. Фаунаны зерттеудің тәжірибелік маңызы өте зор. Фаунаны зерттеумен зоогеографияның фаунистика саласы шұғылданады.
Дамыған индустрия жағдайында өсімдіктер қорын жаңарту мен байытудың жолдарын көрсетіңіз.
Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.
Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырганақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.
Өсімдіктер әлемін қорғау.
Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.
Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.
Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.
Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер.
Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болып:
1. Ағаш беретін сүректі өсімдіктер /отын, баға, тал, тіреу ағаш материалдары, фанера т.б./.
2. Өндіріс салалары мен медицинада түрлі заттар алу үшін пайдалантын өсімдіктер.
3. Тағамдық заттар беретін өсімдік /консервілеуге/.
4. Мал азығы ретінде пайдалантын өсімдіктер.
5. Көгалдандыру мен безендендіру мақсатында және эрозиядан қорғау үшін пайдалантын өсімдіктер.
6. Өзіндік ерекшелігімен қасиетіне байланысты комплекстік түрде пайдалантын өсімдіктер.
Үрі арша алқабы шығаратын фитонцидтермен үлкен бір қаланың барлық көшелерін микробтарын тазартуға болатындығын анықталған.
Жасыл өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған, олар түрімен қоры жағынан бір-біріне табиғат белдеулері бойынша ажыратылады.
Бүгінде Республика территориясында өсімдіктердің 5 600 түрі өсетіндігі белгілі, оның 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер.
Сонымен қатар, өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі. Мәселен, ¬аратауда реликті тобылғасы, Шу-Үлетауында, Жетісу инкавиллиясы өседі.
Қазақстан флорасының 312 түрі ағаштар мен бұталар, олар жинақталып, тоғайлар мен орман алқаптарын құрайды. Республика орман алқаптарының 19%қылқан жапырақтар,
13% жалпақ қылқан жапырақтар,
54% сексеулдер,
қалғаны 14% бұталар.
Республика территориясында мал азығына жарамды 400 ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайлымдықтар мен шабындықтар да баршылық. Сол сияқты шипалы өсімдіктердің түрлері 500ге таяу.Қазіргі медицина өнеркәсібінде соның тек 30дан астамы ғана пайдаланылады. Дермене, қылша, қырық буын, қара аңыз киік оты, шайқурай сиқяты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс. Жылдан-жылға артып отыр.
Керісінше, Республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның 20сы жойылып кету қауіпі бар.
Қазіргі кезде өсімдіктердің дүниесінен 20 мыңға жуық түрлі заттар алынады газ балансына ықпал етіп жер үсті және жер асты суларынан деңгейін реттейді, топырақ қабатын түзіп қалыптастырады, оны шайылудан, жел ықпалынан қорғайды.
Орман 1 жыл ішінде ауаға 3 тоннаға дейін О2 бөліп шығаратындығы есептелінген. Сол себепті де ормандар планетамыздың ”өкпесі” деп аталуы да тегін емес.
ªалымдар 1 га самырсын орманның 32 тоннадай түрлі шаң-тозаңдарды тұтып қалатындығының анықтаған. ¬арағаш терекке қарағанда шаңды 6 есе көп мөлшерде ұстап қалатын. Шаң сорғыш мықты қондырғының өзі 97%ке ғана тазарта алады екен.
Көптеген орман ағаштары /арша, самырсын, шырша/қарағай, емен, терек ағаштары/ ауаға түрлі зиянды микроорганизмдерді жоятын заттарды фитоциатарды бөліп шығарады.
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 млрд.тоннадай органикалық зат түзеді. Демек, жасыл өсімдік-күнмен тіршіліктің арасындағы дәнекер, яғни тұңғыш рет К.А.Тимерязев қалыптастырған өсімдіктің қосылыстық маңызы осында.
1. Жасыл өсімдіктер амосфералық ауаны бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен қамтамасыз етеді.
2. Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде анорганикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар керекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі.
3. Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда, күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және адамның өндірістік қажетіне қолданылатын энергия қоры жинақталады. (Мысалы, көмір мұнай, торф және т.б.).
Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерде жүреді.
Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді.
Кез келген өсімдіктің құрамында С, О, Н2, N, 45%, 42%, 6.5%, 1.5%. 5%-Mg, Ca, B, Sі, Cl, J, Mz, Zn, Na т.б. кездеседі.
Бұл элементтер өсімдікке негізінен топырақ пен ауадан келеді. Олардың табиғатта айналымы өсімдік арқылы жүреді.
Барлық минералды заттардың айналымы әлемдегі тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. Осы процессте өсімдік басты роль атқарады. Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті, жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басқарушы орын алады. Ол климаттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді.
Зат алмасудың негізін құрайтын химиялық құбылыстар 2 топқа бөлінеді: ассимиляция және диссимиляция.
Ассимиляция (лат.сіңіру, игеру) сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру барысында, жай құрамды қосындылардан организмде күрделі заттардың есептелуі. Энергия сіңіріледі.
Диссимляция (лат.ұқсамайтын) зат алмасудың кейбір соңғы өнімдерін организмнің сыртқы ортаға бөліп шығаруы және олардың күрделі құрамдардан жай қосындыларға бөлшектенуі. Энергия бөлінеді. Осы 2 қарама-қарсы процестер тек өсімдіктер қатысуымен жүзеге асады.
Қорғау шаралары:
1. Қорықтар Ұйымдастыру
2. Ұлттық бақтар Ұйымдастыру
3. Қызыл кітапқа енгізу
4. Зерттеу, бақылау орталықтарын көптеп ашу
5. Заңды түрде қорғау
Галофитті өсімдіктердің фитомелиоратиытік маңызын көрсетіңіз.Галофит өсімдіктер тұзды сортаң жерлерге бейімделген өсімдіктер. Олардың бейімделу ерекшеліктеріне ағзадан тұзды шығарып тастау немесе тұзды клеткада жинақталуы және тұзды сіңірмеуі жатады. Семей өңірінде жүргізілген дала аймақтары мен сортаң жерлерде өсетін галофит өсімдіктері қарстырылды.Өсімдіктердің формация түрлерін, экологиялық және биологиялық зерттеу жұмыстары жүгізілген аймақтң жалпы көлемі 600-700 гектар. 15 тұқымдасқа жататын галофит өсімдік түрлерімен танысып анықтадық. Экологиялық тұрғыда 3 топты құрайды. Олар эфгалофиттер, криногалофиттер, гликогалофиттер. Табиғи климаттық жағдайда гүлдеу уақыты көктемене жазғы дейін аралықты қамтиды. Олар ерте көктемде гүлдейтін эфирмайды және жазда гулдейтін топ құрайды. Галофиттердің халық шаруашылығында маңызы өте зор. Олар мол азықты, дәрлік өсімдік және әсемдік немесе өндірістікте маңызы зор.
Қазақстанда бұл тұқымдастыратын 47 туысқа біріккен, 218 түрі кездеседі. Солардың ішінде кең тарағыны Ақсора туысы оының 17 түрі Қазақстанда кездеседі. Бұл тұқымдастың ішінде сортаң жерде кездесетін галофитті өсімдіктер. Алабұталар – Маревые - (Chehopodiaceae ) туысы, Көкбек - Лебеда - (Atriplex) туысы, Ебелек – Рогач – (Certacarpus), Қараматау – Камфоросма – (Camphorosma) туысы, Cарқаңқабақ – Поташник – (Kaildim) туысы, Cортан шөп – Соровник – (Halocnemum ) туысы, Бұзаубас сораң -(Salicornia) туысы, Ақ сора – Сведа – (Snaeda), Бұйырғын – Ежовник – (Anadasis) туыстары жатады.
Түзсүйгіш өсімдіктер (Галофиты; гр. hals— туз, phiton — өсімдік ) — сортаңданған топырақта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер (мысалы, жусанның кейбір турлері, жыңғыл, солерос, тағы басқа). Түзсүйгіш өсімдіктер шөлдерде және шолейттерде, мұхиттың кейбір жағалауларында кең таралған. Түзсүйгіш өсімдіктер сортаңданған топырақта тіршілік етуге арнайы физиологиялық бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы жоғары тұзға төзу өсімдіктің су режимімен байланысты және төзгіштер стратегиясын көрсетеді. Тұздың концентрациясы жоғары ерітіндіден суды сіңіру үшін өсімдік клетка шырынының осмостық қысымын көтеруі мүмкін немесе су тұтынуды шырын есебінен (яғни, шырынды жапырақтарда және сабақтарда ылғалдық жиналуы, мысалы, солерос) тұздың артық мөлшерін арнайы лептесіктер арқылы жапырақ бетіне шығарып, азайтуы мүмкін. Түзсүйгіш өсімдіктер түрлері далалық белдемде қара топырақты жерді суарудан немесе жолдағы қарды еріту үшін үнемі тұз пайдаланудан болатын топырақтың сортандану процесінің көрсеткіші ретінде қолданылады [19].
Галофиттер-тұзды топырақтарда тіршілік ететін жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер. Галофитті тұқымдастар- алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар. Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады.
Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.)
Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б.
Криногалофиттер (тұз шығарушылар). Бұл өсімдіктер тұзда ерітінді ретінде арнайы жапырақтарындағы бездері арқылы артық тұзды сыртқа шығаруға қабілетті.
Гликогалофиттер бұған ксерофильді өсімдіктер жатады (мысалы, дала мен жартылай далада тіршілік ететін көпшілігі ермендер). Гликогалофиттер тұқым жүйесі тұздарды өткізбейді. Сондықтан қатты тұзды топырақта өсетін өсімдіктер ұлпаларында тұз жиналмайды. Бұл «тамыр кедергісі (барьері)» жұмысы белгісіз.
Терең тамыр жүйесі арқасында тұздалудан қашатын өсімдіктер топтарын еске салуға болады. Бірақ олар қатты тұздалған жерде тіршілік етеді, олардың сору тамырлары терең аз тұздалған деңгейде орналасады. Мысалы: тростник, Сырдарья қойнауларында өсетін тростниктің химиялық сараптамасы тұздалуды әртүрлі дәрежелі және құрамды болуы жер асты мүшелері мен тамырларының құрамының біртектілігін көрсетеді. Сол кезде осы жерде өсетін біржылдық сораң (солянка) онша терең емес тамырымен жоғары деңгейдегі тұздалған ерекшелігіне байланысты. Қамысқа ұқсас сібір кендірі т.б. түрлер. Бұларды кейде псевдогалофиттер деп те атайды.
Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады.
Ауылшаруашылық дақылдарында фитомелиоранттарды сортаңдалған жерлерді игеруге қолданады. Топырақтың су өткізгіш қасиетін жоғарлатады, көмір қышқылын шығарып, көлеу арқысында жел эрозиясына қарсы тұра алады.
Тұздыланған топырақты арнайы мелиорация арқылы жақсартады.(дренажбен, шаюмен, сіңген натрийді химиялық жолмен кетіру). Өсімдіктерді қолдануға да болады, ол фитомелиорация оның әсерінен жер асты суларының тұздылығы азайып, топырақ тұзсызданады.
Жануарлар қорын сақтаудың негізгі бағыттарын болжамдаңыз.
Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады — бүкіл халықтың игілігі. Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері. «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар. Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры — жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді). Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік маңызы бар жануарлардың қорын пайдалану үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда «Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар. Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде де шек койылады. Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған. Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп, оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет есебіне алады.
Саңырауқұлақтардың шикізаттық қызметі.Жағымды және жағымсыз түрлерін ажыратып түсіндіріңіз.
Саңырауқұлақтардың – ерекше белгілеріне қарай (Өсімдіктерге және жануарларға тән ұқсастықтар) табиғи тәуелсіз тобын құрастырады . Олардың қалдықтары ежелгі геологиялық қабаттарынан табылып отыр. Жүз мыңнан астам түрлер белгілі. Кез-келген жерлерде кеңінен таралған.
Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән ерекшелктері:
өсімді (вегетативті) денесі бір орыннан қозғалмайды, өсу барысында тарамдалады, жасушасы қалың қабықшамен қапталған қоректік затты денесімен сорады.
Саңырауқұлақтардың жануарларға тән ерекшеліктері:
Хлоропластары жоқ, қоректік затты өз жасушасында түзе алмайды, бунақ денелілерге ұқсас жасушасы ақуызды –хитинді қабықшамен қапталған. Қоректік қор заты жасушасында гликоген түрінде жиналады (грек. Гликис – тәтті, инос шығу тегі, яғни тәтті зат)
Топырақта үнемі әртүрлі саңырауқұлақтардың ағзалар көп мөлшерде кездеседі. Бір жағынан олар микроскопиялық ашытқы немесе зең саңырауқұлақтар. Екінші жағынан үлкен денелі қалпақшалы саңырауқұлақтармен білінеді. Сонымен бірге олардың барлығына ортақ, ұқсас ерекшеліктер тән. Өсімдік түссіз әрі тарамдалған лицейден (жіпшелерден) тұрады. Ол жіңішке жіпшелерден түзілген (гифтер) және солар арқылы тарамдалып өседі.
Саңырауқұлақтарды 2 топқа бөледі:
Төменгі сатыдағы –мицелий бір жасушалы (ашытқы зең саңырауқұлақтар)
Жоғары сатыдағы- мицелий көп жасушалы (қалпақша саңырауқұлақтар)
Бактерия мен актиномициттерге қарағанда с-р жоғары дамыған. Мұнда ядросы қалыптасқан және ол ядролық қабықшамен қапталған. Жоғарыда айтылғандай мицелий құрылысында ортақ ұқсастықтар мицелий болғанымен, көбею тәсілдерінде әр типке жататын саңырауқұлақтарда түрлі ерекшеліктер орын аладын
Саңырауқұлақтар 1) өсімді (вегетативті); 2) жыныссыз; 3) жынысты жолмен көбейеді
Вегетативті- Жіпшелері (гифтер) үзіліп, әрқайсысынан мицейде (жіпшумақта) бүртіктер пайда болады (ашытқы саңырауқұлақтар) кейін олар бөлініп өз алдына тіршілік етеді.
Жыныссыз- зооспора, спора, конилдий арқылы өтеді.
Жынысты- екі гамета (жыныс жасуша) қосылуынан ерекше жасуша (зигота-грек. бірге қосылу) түзілу арқылы жүреді.
Барлық саңырауқұлақтар аэробты ағзаларға жатады. 5°-40°С аралығында жақсы өседі. (25°-30°С). Бірақ арасында психрофил (-)мен термофилдар (+) кездеседі. С-дың көпшілігі топырақтың қышқыл реакциясын қалайды. Сонымен бірге бейтарап реакциясы бар топырақтарда жақсы өсе береді.
Барлық саңырауқұлақтардың ағзалар 2 типке жіктеледі
І. Нағыз саңырауқұлақтар (тип Eumycophyta)
ІІ. Слекейлі зеңдер (тип Myxomycophyta)
Нағыз саңырауқұлақтар 5 кл бөлінеді
Саңырауқұлақты –балдырлар (Phycomycetes)
Мицелий бір клеткалы көп ядролы перделенген, жынысты жолмен көбейеді. Топырақта кездесетін ағзалардың көпшілігі Mucor, Rhizopus, Moptiepella, Phutophopa ТУЫСТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes)
Мицелий көпклеткалы көбею тәсілі – жынысты жыныссыз. Топырақта кең тараған Penicillum, Aspergilus, Chaetomium туыстардың өкілдері. Қалталы саңырауқұлақтарға ашытқыларда жатады. Бұд ағзалар бірклеткалы және вегетативті жолмен көбейеді.
Пеницилдің 2 түрінен пеницилин дәрісі ал аспергилдің бір түрінен лимон қышқылы алынады. Бұлар табиғатта тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Зең саңырауқұлақтар тобына жатқан соң зияны да бар. Жеміс жидек, дәнді дақылдарды бақша дақылдарды шірітеді.
Ашытқы саңырауқұлақтар қымыз, сүт, шарап, сүрлем, нан ашытуға пайдаланады (қантты саңырауқұлақтар немесе сахаромициттер) Кейде зияны да байқалады. Мысалы Мукордың кейбір түрлері ауыл шаруаш-ды дақылдарды шірітеді адам мен малдың арасында ауру туғызады.
3. Базидиалдық саңырауқұлақтар (Basidiomyctes) Қаралып жатқан топтың жоғары ұйымдасқан ағзалар мицел көпклеткалы. Жынысты көбеюі базидио споралардың көмегімен жүзеге асады. Дене тұрқы әр түрлі (микроскоп көлемде және ірі көлемде қалпақшалы саңырауқұлақтар)Базид саңырауқұлақтар-белсенді түрде клеткалы ыдыратуға көмегі бар. Соның арқасында кейде ірі көлемдегі ағаштар түбімен жасалады.
Мысалыған «үйлі саңырауқұлақ» немесе Meculius lacrimans. Кейбір түрлері дәнді дақылдардың арасында қауіпті аурулардың қоздыртқышы ретінде білінеді.
4. Толық дамымаған (несовершенные) саңырауқұлақтар (fungi) Жыныссыз жолмен конидиялары арқылы көбейеді. Топырақта кең тараған негізгі өкілдері Cephalospopium Trichoderma, Cladospofium, Alternaric туыстары жатады. Бұл ағзалар органикалық заттарды ыдыратушыларға және ұсақ жұмыр құрттардың антогонистер ретінде қызмет атқарады.
5. Залалсыз саңырауқұлақтар (Mucelia Stepilis) мицелийдің үзінділері арқылы яғни вегетативтік жолмен көбейеді. Споралар мен гаметалар анықталмаған.
ІІ. Миксомицеттер немесе слекейле зеңдер (Myxomycophyta) Сілекейлі дене ретінде тіршілік етеді. Амебалар ұқсап жалған аяқтармен қозғалады. Жыныссыз жолмен споралар арқылы көбейеді. Негізгі өкілі Rhizophyctis rosea mon құрамында жиі кездеседі клетканы ыдыратушы ретінде білінеді, және өсімдіктердің арасында түрлі ауруларды қоздырады (кила капуста)
Биоресурстарды қорғауға арналған ҚР заңдарын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының конституциясының 31 бабында "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы етіп қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды", ал 38 бабында "Айналадағы ортаны қорғау мәселесі жөнінде негізгі заң шығару билігін парламентке жүктелген" деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар 38 бабтың бірінші тармағында "Қазақстан Реслубликасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына уқыпты қарауға міндетті" деп айтылған. Мұнсыз халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы, әлеуметтік жағдайының дамуы, әл-ауқаттың артуы мүмкін емес. Экологиялық карым қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделер; үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді. Сонымен қатар, бұл заң экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылык және өзге де қызметін табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. "Экологиялық сараптама туралы" заң (1997 ж) әр түрлі қызметін коршаған ортаға азаматтарының өмірі мен әсер етуіне жол бермеу мақсатында экологиялық сараптама саласы қатынастарды реттейді.
"Авариялық қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" заң (1997 ж) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құралған авариялық құтқару мен ұйымдастырылуы қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Құтқарушылардың мәртебесін белгілейді.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заң (1997 ж) қорғалатын табиғи территорияның құқыктық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздерін белгілейді.
"Халықтың радиациялық, қауіпсіздігі туралы" заң (1998 ж) иондаушы сәуледен қорғау мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейді.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы"'заң (1996 ж) төтенше жағдайларды алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Қорғау туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жауапты болады.
Әлеуметтік (латынша: социалис — коғамдык) даму бағыты дегеніміз айналадағы жағдай және адамдар ыкпалынан адамның жеке басының калыптасуы. Адамның әдеуметтік мәні адамгершілік, ар-ождан, борыш, патриотизм, білім, мәдениет секілді касиеттерден кұралады. Әлеуметтік бағыт адамзат коғамының бүкіл коғамдык-тарихи дамуы барысында әзірленген және ол тұкым куаламайды.Әрбір адам біртіндеп өзі секілді адамдар арасында, яғни адам коғамында өмір сүре отырып, әлеуметтік бағытты өмір бойы меңгереді. Әрбір аға буын өзінен кейінгі кіші ұрпактың жеке басын калыптастыруға катысады. Бұл процестің барысында адамныц ішкі және оныц сырткы жағдай әсеріне катысы да калыптасады. Адамның жеке басын калыптастыруда коғамдык пайдалы еңбекке қатысу шешуші роль аткарады.
Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені сау, творчестволык, рухани жан дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру — ұзак әрі күрделі процесс.
Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамының ерекшк биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтылып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз ұзақ уақыттық бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олаодың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге » аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, сол қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады: Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған ( ҚР-ның Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға , қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қателіктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мединалық биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың бір тұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсіресе ұшыраған Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімінің артуы байқалып тоыр. Қазақстан Республикасын «экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады.
19.Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының бағыттары. Ресурстану - ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады.
Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады:
1) Бірінші кезеңге Ресейдің Европа бөлігінен келген (Петербург, Мәскеу жэне т.б.) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады;
2) Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің. әсіресе КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын жатқызуға болады.
1917 жылға дейін Ресейде өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз пайдаланылды. Ол кезеңде Ресейде белгілі дәрежеде тек орман өндірісі дамыған еді.
Ресейде табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен зерттелді және іргелі еңбектер жарияланды. Мысалы, бұл саладағы іргелі еңбектерден «Шабындық және жайылымдық» деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды. Авторлары - И.В. Ларин. И.В. Цаценкин, Т.А Работнов. Басқа топтардың өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенімен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе жағдайда өсіріледі.
1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, 1921-1962 жылдары химия-технология анықтамасының 12 томы баспадан шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ленинград) алғаш peт «Өсімдіктер ресурстары» деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б.Н.Кропотов басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен айналысты, ол үшін арнайы технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, содан кейін лабораториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда А.А. Гросгеим және т.б., Түрікменстанда О.А. Эндем, В.Н. Минервин, Л. В. Вегезин және т.б., Өзбекстанда В.С.Титов, Ф.И. Русаков және 7.6., Қырғызстанда И.В. Выходцев, М.М. Советкина, Е.В. Аикитина, Қазақстанда Н.В. Павлов, В.П. Михайлова, Сібірде В.В. Реиердатто және т.б., Украинада М.И. Котов және т.б. ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып. ботаникалық ресурстану саласында әртүлі мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді.
1935 жылы Ташкент қаласында ғылыми - зерттеу конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер классификациясы туралы жоғарыда айтылды.
1938 жылдан бастан КСРО Ғылым академиясының (Ботаника институтының) өсімдіктер шикізаты бөлімі «Растительное сырья» деген атпен ғылыми еңбектер сериясы шығарыла бастады.
1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер, негізінен пайдалы өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударылды.
Көксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир майлары, шипалы-майлы, талшықты, бояулы, целлюлоза-қағазды, сүректі, дәрілік,-инсектицидті және т.б. барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың жаңа ұрпағы өмірге келді.
Әсіресе, атақты ғалымдар Н.И. Вавилов, П.М. Жуковский. М.Г. Попов басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты үлкен үлес қосты.
Шикізатты зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге тікелей байланысты.
Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы, 1948 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің қызметкерлері «Методика полевого исследования сырьевых растении» деген әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген.
1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі - ірі экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен:
1) тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл жұмыстарды, мысалы Өзбекстанда -В.П. Дробоков, X. Чеврениди, К.З.Закировтар, Қазақстанда -В.П. Михайлова және т.б., Украинада - А.И.Закордонец, С.С.Харкович, Белоруссияда - Н.В.Смолзско, Литвада -И.А.Титинс, Сібірде В.И.Кузьмин жүргізді.
2) дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе, шипалық қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы, алкалойдтарды, флавоноидтарды, кумариндерді, сесквитерпенді, лактондарды және т.б. Бұл жұмыстар, негізінен, Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер институтында А.Г.Кондратенко, И.А.Губанов, В.Б.Куваев, А.И. Шретер, М.Г.Пименов және т.б., Харьков фармацевтикалық институтында М.А. Антарсков, Л.И. Хаджай, Д.Г.Колесников, И.Г.Зоз, И.Ф. Комиссаренко және т.б., Өзбекстанда Ғылым академиясының өсімдік заттарының химиясы институтында Н.С.Абубакиров, Ю.Юнусов және т.б., КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында Г. В. Пигелевский, Н.П. Кирьяков, И.С. Катина және т.б. Армения ботаника институтында Г.З.Золотинцкая, Әзірбайжан ботаника институтында И.М.Исмайлов, Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника институтында Л.К. Клышев, А.С. Алюкина және т.б. Ленинград химия-фармацевтика институтында А.Ф.Гаммерман жүргізді. Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында, жоғары оқу орындарында жүргізілді.
3) көптеген жұмыстар мияның (Glycyzzhiza) глициризинді түрлерін зерттеуге арналады. Мысалы, Т.П. Надеждина (Ботаника институты, Санкт-Петербург), М.М. Михаилов (Әзірбайжан ботаника институты), А.И. Исембаев, Э.В. Кузьмин, Б.Н. Сауранбаев, Д.К. Абдрахманов (Қазақстан ботаника институты), К.З. Закиров, С.Х. Нугманов, А.Б. Бахиев, О.А. Ашурметов (Өзбекстан ботаника институты).
4) 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компоненттік құрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы: 1) М.И. Горяев 1952 жылы «Эфирные масла флоры СССР» деген еңбегін жариялады (Алматы, 312 бет); 2)Н.Л. Гурвич 1960 жылы «Опыт классификации эфирно-масличных растении» деген еңбегін жариялады (БИНАН СССР).
5) малазықтық және сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді. 3958 жылы Ленинградта Бүкілодактық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардын қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру туралы мәселелер талқыланды.
