Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Биоресурстары ЛОЛА БН РУЯБЗАААААААА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
220.56 Кб
Скачать

1.Популяцияның тіршілікке қабілеттілігінің шектері.Толеранттық шек заңының қысқаша мазмұнын жазыңыз. Популяцияның тіршілікке қабілеттілігін анықтау жолында алғашқы кезде тек олардың санының динамикасы алынды немесе басқаша айтқанда особьтардан жаңа ұрпақ пайда болу және өлу процестері алынды (Feller 1939, Richter-Dyn Cool 1972). Бұл процеске әртүрлі факторлардың әсерлерін бағалау күшейе түсті. Бұл факторлар - қоршаған орта жағдайының тұрақсыздығы (Leigh 1981, Shaffer 1983), катастрофалар (Shaffer 1981) жеке бөліктерге бөлінуі және метопопуляциялық структура (Shaffer, 1985). Биологияның табиғатты қорғау саласында «Минимальная жизнеспособная популяция» (МЖГТ) деген термин жиі қолданылады, яғни популяцияның тіршілікке қабілеті ең аз мөлшері. Бұл термин, жалпы айтқанда, табиғатта белгілі бір түрдің популяциясын сақтап қалу үшін ең аз дегенде олардың саны немесе ареалы қанша және қандай болу керек деген мәселеге байланысты. Soule және Simberloff (1985) ойынша өте қиын жағдайдағы немесе кілттік түрлердің тіршілікке қабілеттілігіне талдау жасау бүкіл экологиялық жүйенің тіршілікке қабілеттілігін анықтаудағы алғашқы шешуші қадам бола алады. Мұндай тәсіл қорықтардың тіршілікке қабілетті ең аз территориясы мөлшерін анықтаудағы ең қолайлы тәсіл. Бірақ та осы уақытқа дейін қорықтар территориясының тіршілікке қабілетті ең аз территориясы мөлшерін анықтауды бүкіл экожүйеге қатысты ешқандай тәсілдері ұсынылған жоқ. Өйткені кейбір экологтар жүздеген және мыңдаған түрлердің немесе бүкіл экожүйенің тіршілікке қабілеттілігін индикаторлық немесе кілттік түрлердің жауапкершілігіне жүктеу өте қарапайым экологиялық амал емес деп санайды. Бірақ әзірге басқа жолы жоқ. Сонымен бірге экологияның ескі принциптерінің бірі - ол Либихтің минимум заңы. Ол заң бойынша биологиялық жүйенің тіршілік әрекет мұқтаждығы ең аз мөлшерде қанағаттандыратын факторлармен шектеледі. L.E. Gilber (1980) және J.Terborgh (1986) бойынша кілттік түрлер экологиялық жүйелерде шектеуші факторлар рөлін атқарады. Демек, популяцияның тіршілікке қабілетті ең аз мөлшері негізінде экожүйелер тіршілігін қамтамасыз етуге әрекет жасау - нағыз экологиялық тәсіл. Тіршілікке қабілетті популяцияның ең аз мөлшері принциптері алға қойылған мәселені талдауға мүмкіншілік береді.

Жоғарыда популяцияның тіршілікке қабілеттілігіне талдау жасау үшін индикаторлық немесе кілттік түрлердің рөлі туралы айтылды. Сол түрлердің кейбір категорияларын Майкл Е. Сулей (1989) бойынша атап көрсетейік:

1. Басқа түрлерге жататын организмдерге өздерінің тіршілік әрекеті нәтижесінде қажетті жағдай жасайтын түрлер.

2. Басқа түрлердің ұрпақ шығаруына немесе таралуына өздерінің тіршілік әрекетімен мүмкіншілік туғызатын түрлер - мутуалистер.

3. Басқа түрлер популяциялары санын өздерінің тіршілік әрекетінде реттейтін жыртқыштар немесе паразиттер.

Әртүрлі мекен-жайлардың кейде бүкіл экожүйелердің аудандары бірте-бірте азаюда, соның нәтижесінде кейбір түрлердің жоғалып кету қаупі тууда. Ол түрлердің кейбіреулерін зообақтарда, ботаникалық бақтарда, кейде табиғи қауымдарда олардың популяцияларын сақтауға әрекеттер жасалуда. Мұндай әрекеттердің бірі - ол резерваттар (қорықтар) ұйымдастыру.

Бірақ қорғауды қажет ететін түрлердің бұрынғы табиғаттағы ареалымен салыстырғанда ұйымдастырылған қорықтар ауданы өте аз. Сондықтан қорықтар ұйымдастыру арқылы тек кейбір аз санды реликтік популяцияларды ғана қолдауға болады. Демек, биологтарға, экологтарға осындай аз санды түрлер популяцияларының тіршілікке қабілеттілігін бағалап, оларды сақтауға қандай қорықтық режим керек екендігін айқындау керек. Оған қосымша біздің планетамызда халық санының өсуіне байланысты ұйымдастырылған резерваттарға қысым көрсетіліп ығыстырылуда, осыған байланысты қорғалатын территориялардың жеткілікті ең аз мөлшері қандай болу керек екендігі мәселесін шешу керек. Резерват немесе қорық ауданы мөлшерін популяция санымен көрсету керек. Популяцияның тіршілікке қабілетті ең аз мөлшері мәселесінің мәні осында.

Бұл мәселені ең қарапайым дәрежеде демографиялық түсінікпен тұжырымдауға болады, тиісті демографиялық өзгерістер әртүрлі факторларға (мекен-жай сапасы, тіршілік жағдайының өзгеруі және популяцияның генетикалық құрамы) бағынышты (Shaffer, 1981; Soule, 1980). Кез келген түрдің популяциясы оның соңғы дарағы (особь) өлгеннен кейін кұрып бітеді. Популяцияның құрып бітуінің себебі әртүрлі.

2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер

Негізгі дәрілік өсімдіктердің ресурстары (80%) Іле Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Боралдайтауы, Алтай және Тарбағатай жоталарында шоғырланған. Кейбір дәрілік өсімдіктерді Қазақстан экспортқа шығара алады. Мысалы, Ephedra equisetina (эфедра хвощевая - хвойник хвощевой - қырықбуын), Glycyrrhiza glabra (солодка голая -жалаң мия), Glycyrrhiza uralensis (солодка уральская - Орал миясы) өсімдіктерінің Қазақстандағы ресурсы (қоры) 75 мың тонна шамасында, сондықтан жоғарыда аталған өсімдіктер шикізатын шетелдерге шығаруға толық болады.

Республикамыздағы Орман Массивтерінің маңызы өте үлкен. Бұл табиғи жүйелер 21,6 млн гектар жерді алып жатыр, олардың 10,9 млн гектары тұтас ормандар. Ол ормандар 69 ағаш 700 бұта және жартылай бұталар түрлерінен тұрады. Жалпы, Қазақстанда орманды алқаптың еншісінде 3,2 % жер, олар биологиялық ресурстар қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

3.Шөл зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз. Шөлдер аймағының өте созылыңқы екендігіне байланысты шөлдердің ендіктегі ауысуларын көруге болады: солтүстік далаланған, астықтұқымдасты, жартылай бұталы (ауданы 57,3 млн гектар) ортадағы нағыз жартылай бұталы және оңтүстік жартылай бұталы және бұталы (ауданы 61,8 млн гектар).

Таулар массивтерінің шеттерінде өсімдіктер жабындарының ерекше бірегей типтерін кездестіруге болады. Эфемеройдты-астық тұқымдасты, жартылай-бұташалы, мол эфемеройдты-астықтұқымдасты, жартылай бұташалы және эфемеройдты-бұталы, солармен қатар Батыс Тянь-Шань және Қаратаудың оңтүстігін қоршаған жазықтықта ерекше қуаңшылық типті өсімдіктер жабыны - жартылай бұталы - эфемеройдтар қауымы таралған. Олардың әдебиеттегі аттары жартылай саванна, саванна және т.б. барлық тау етектеріндегі өсімдіктер жабындары типтерінің ауданы - 12,7 млн гектар.

Өсімдіктердің шөлдердегі типтерінде 120 формация бар екендігі туралы мәліметтер бар. Қазіргі кезге дейін 300 шамасында шөлдер қауымдары сипатталған соңғы мәліметтер бойынша шөлдерде өсімдіктер қауымдарының 400-ге жуық типтері бар екендігі туралы айтылады.

Өсімдіктердің қазіргі жағдайы және олардың биологиялық алуантүрлілігінің әлсіреуі шөлдердің әртүрлі тармақтарында бір деңгейде жүрмейді. Негізінен жусанды солтүстік шөлдері өте жақсы жайылымдықтар болғандықтан, қыстаулардың ауыл-селолардың айналасында, ошақтық шектен тыс мал жайылуы байқалады.

Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік шөлдерде шектен тыс мал жаюға қосымша өсімдік жабындарының бұзылуы әртүрлі техногендік (мұнай, газ өндіру, шөп шабу және т.б.) факторларға байланысты.

Тау етектеріндегі өсімдіктер жабындарының бұзылуы айтарлықтай жүруде. Соның нәтижесінде өзіндік ерекшелігі бар қазақстандық эфемеройдты жусандар шөлдері жойылып кетті деуге болады. Бұл, негізінен, суарылатын егін шаруашылығы және шектен тыс мал жайылатын аудандар, сондықтан халықтар көбірек шоғырланған.

4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.

Дала зонасының жалпы мөлшері - 128,8 млн гектар немесе бүкіл Қазақстан территориясының 40%-ын алып жатыр. Бұл зона әртүрлі зона тармақтарына бөлінеді:

1) шалғынды дала және майда жапырақты ормандар ауданы - 0,6 млн гектар;

2) қоңыржай-қуаң мол әртүрлі шөпті қаулы далалар - 8,5 млн гектар;

3) әртүрлі шөпті қаулы далалар - 13,6 млн гектар;

4) кұрғақ бетегелі-қаулы далалар - 52 млн гектар.

Солтүстік және Орталық Қазақстанның өсімдіктер картасында далалық қауымдардың әртүрлі комбинацияларының 250 шамасында типтері келтірілген. Қазақстан далаларында кең таралған 10 формация анықталған. Далалық аймақта 200-ге жуық ассоциация сипатталған, бірақ қауымдар деңгейінде инвентаризация жүргізу жұмыстары әлі толық біткен жоқ.

Қазақстанда адам тіршігінің нәтижесінде өзгерген регион - ол дала аймағы тың жерлерді игеру барысында (1954-1960 жж.) жерлерді кең масштабты жырту нәтижесінде негізгі қыраттардағы далалық жерлер жойылды. Орманды далада барлық шалғындық далалар және мол әртүрлі шөпті қаулы далалардың 90%-ы жыртылды, тегістіктегі далалардың 30%-ы жыртылды. Тегістіктегі территориялардағы құрғақ далалардың 50-60%-ы, ал майда шоқылардағы далалардың 10-15%-ы жыртылды.

Бұл аймақтарда қалған далалық учаскелер (тасты далалар, тұзды топырақтардағы комплексті далалар) малды шектен артық жаюдың нәтижесінде өзгерген. Бұл региондардың қаулы далалары бетегелі Австрия жусанды әртүрлі арамшөпті қауымға айналған және оларда алуантүрлілік айтарлықтай азайған.