Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.42 Кб
Скачать

2.Шамдардың конструкциясы

Фонарь деп - өндіріс аландарының жоғары жағын жарықтандыруға және де үйлердегі қажетті ауа алмасуына арналған әйнектелген немесе жарым-жартылай әйнектелген үй жабынының үстіндегі жайүсті салынымын айтады.

Мақсаты бойынша фонарьлар жарықтық,аэрациялық және құрастырылған болып бөлінеді.

Қима профилі бойынша фонарьлар тікбұрышты,М-тәріздес,шедовые және зенитті.

Фонарьларды жаасау қажеттілігі негізделген болуы керек.Осылай,үйлерді күн сәулесінің тура әсерінен қорғау үшін,әйнектелген жағы солтүстікке қарайтын шедовый фонары керек.Көп аралықты үйлерге арналған құрастырылған фонарьларды барлық аралыққа,біркелкі биіктікте орналастырған тиімді.

Фонарьлар болаттан жасалады.Темірбетонды өте сирек қолданады.

Рамалық фонарьларды құру,едәуір күрделі болуына байланысты,фермааралық зоналарда көп қар қалдықтары немесе әйнектің кірленуі салдарынан,талап бойынша жарық түспеуі,оларды құруға жұмсалатын және үйлердің жылу сақтау шығындары көп жағдайда қамтамасыз етілмейді.Соңғы кезде зенитті фонарьлардың жарық өткізетін конструкциясын көрсететін,нәтижелі конструкциялар жасалған.

Зенитті фонарьлар,нүктелі және бөлік типті болады.Зенитті фонарьлар күмбездерінің өлшемдері 1400-1600 мм,ал органикалық әйнектен жасалған панеьдер – 1600х6200 мм болады.

3.Тұрмыстық қажеттілікке кететін электр энергияны есептеу

Электрэнергия шығынының есебі.Мұндай жобалық есеп жобаның энергетикалық бөлімін дайындау үшін ғана емес,сондай –ақ бұйымды термиялық өңдеудің өзіндік құнын және цехтың негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін де қажет.

Техникалық қажеттілікке кететін электр энергиясының шығынын ірілендірілген көрсеткіштері,яғни өңделетін детальдардың бір тоннасына электр энергиясының үлесті шығындары бойынша,есептеуге болады.

Алайда бұлай есептегенде аса дәл шықпайды.Сондықтан техникалық қажеттілікке кететін электр энергиясының шығынын пеш жабдықтарының қуаты мен оған салынуы бойынша анықтауды ұсынамыз:

Э=NY∙Fд∙Kз∙Kи,

мұнда Э- энергияның жылдық шығыты, кВт.сағ;

Ny-жабдықтың белгіленген қуаты кВт

Кз және Ки - жабдықтарды салу және пештердің қуатын пайдалану коэфициентті, ол ұстаудың ұзақтығына байланысты 0,45-0,50 болады.

Күш электр энергиясы шығынының жобалық есесбін алдыңғы формула бойынша анықтайды, орнатылған двигательдердердің қуатын паспорттық мәліметтерден таңдайды. Двигательдердің мөлшерін қуаты мынадай:

Ыспалы тегістеу станоктары

Беріктік өлшегіштер.........0,3-0,5

Итергіштер........................6-7

Конвейерлер......................15-20

Ауа үрлегіштер..................20-30

Тельферлер мен крандар...30-50

Жарықтандыруға кеткен электр энергиясы шығынның мына формуламен есептейді:

Э_о=(F∙q∙h∙τ)/1000,

мұндағы Эо- жарықтандыруға кеткен электр энергиясы кВт.сағ;

F- жарықтандырылатын алан, м2;

q- 1 м2, алаңға берілетін ваттын үлестің саны, ол өндірістікүйлерге 11-ге тең, ал тұрмыстық және қызметтік алаңға - 10-ға тең;

τ - бір жылда жанатын сағат саны, ол өндірістік үйлерге 11-ге те, ал тұрмыстық және қызметтік аланға - 10-ға тең;

һ0- бір мезгілде жану коэфициенті, пеш залы үшін 0,8, қызмет және тұрмыстық үйлер үшін - 0,7, жертөлелер үшін - 0,9 болып қабылданады.

Газ бенмазуттың шығынын не цехтын іс жүзіндегі мәліметтері бойынша, не үлесті шығын бойынша ірілендірілген көрсеткіштермен есептейді.

Бытыралау аппараттарында, шынықтыру престерінде, итрегіштерде, пеш тосқауылдарының көтергіштерінде және т.б. қолданылатын жоғары қысымды ауа шығының жобалық есебі жүргізіледі.

Сағылған ауа шығынын ірілендірілген нормалар бойынша анықтайды:

Шынықтыру престері және машиналар.......0,4-0,5,

Көтергіштер...................................................0,5-0,7,

Бытырлау аппараттары.................................2-5.

Отынның толқын жанып кетуі үшін қажетті төмен қысымды ауашығынын газды барынша пайдаланып анықтайды.

Техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су шығынының жобалық есебі жасалады. Термиялық цехтарда су шынықтыру және шаю бактарында, жуу машиналарында, май суыту қондырғыларында, тұзды пештерде электродтарды суытатын ТВЧ қондырғыларында және т.б. пайдаланылады.

19-билет