- •Құрылыс сызбалары. Оларды талдау.
- •Цехтың жұмыс режимі.
- •Жаппай өндіріс түрі
- •Жұмыс істейтін объектілердің қайта құрылуы.
- •Технологияларды өңдеу.
- •Жылулық энергия көздерін таңдау.
- •Өндірістің сыныптық категориялары.
- •Жаппай өндіріс түрі.
- •Колонна аралықтары мен қадамдары.
- •4.1.Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •4.2.Қатаң тiрегіш қабырғалар және олардың атқаратын міндеттері.
- •5.1.Жоба тапсырмалары.
- •5.2.Жабдықты таңдау.
- •5.3.Өнеркәсіптік ғимарат жабындары.
- •6.1.Техникалық жобалар. Мазмұны мен мәні.
- •6.2.Өндірістің түрі және сипаттамасы.
- •6.3.Колонна қимасының жекеленген өлшемдері.
- •3 Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
- •10Билет
- •2Жабдықты сақтау және пайдалануға тапсыру
- •2Өнімді тиеу коэффициентін есептеу.
- •11Билет
- •1.Жабдық санын есептеу.
- •12Билет
- •1.Жекеленген типтік секциялар.
- •2.Қосымша жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •13 Билет
- •14 Билет
- •1.Аэрациялық шамдардың түрлері
- •2.Негізгі жабдықта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.Цехтың өндірістік ауданы және есептелуі
- •1.Суды шығарып тастау конструкциялары
- •2.Шамдардың конструкциясы
- •3.Тұрмыстық қажеттілікке кететін электр энергияны есептеу
- •1.Өнеркәсіптік ғимараттардың іргетас түрлері
- •2.Жабдықты жобалау
- •3.Жылына жанатын сағаттың саны
- •1 Жүк тасымалдау және оны ұйымдастыру.
- •2 Бір уақытта жану коэффициенті.
- •3 Желдеткіш ауаның саны.
- •1 Аэрациялық цехтың схемасы.
- •2 Ойылған орынның (проемы) жылулық пердесі.
- •3 Газдың, мазуттың шығыны.
- •1 Ағымды механикалық желдету.
- •2 Тұрмыстық орындар.
- •3 Жоғары қысымды ауаның шығыны
- •22Билет
- •3Технологиялық материалдардың шығыны.
- •3Технологиялық аудан.
- •24Билет
- •1Калориферлер. Оны қолдану.
- •25Билет
- •26Билет
- •1.Өндірістің сыныптық категориялары.
- •27Билет
- •1.Құрылыс сызбалары. Оларды талдау.
- •2.Жаппай өндіріс түрі.
- •3.Өнімді тиеу коэффициентін есептеу.
- •28 Билет
- •1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.
- •2Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3. Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.
- •29 Билет
- •Технологияларды өңдеу.
- •3 Цехтың қосымша ауданы
- •30 Билет
- •1. Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •2) Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.
- •3. Өндірістік цехтардың едендері
Құрылыс сызбалары. Оларды талдау.
Құрылыстық сызба деп ғимараттардың, көмірлердің, тоннельдердің , жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың және т.б. құрылыс обьектілерінің жекелеген элементтерінің сызбасын айтады.
Құрылыстық сызбалар өзінің әр алуандығымен ерекшеленеді. Құрылыстық сызбалардың мазмұны, оолардың безендірілуі, қолданылатын масштабтар, шартты бейнелеулер мен белгілеулер сызбада көрсетілетін құрылыс объектілерінің түріне байланысты.
Құрылыстық сызбаларда бейнеленетін объектілерге байланысты былайша атауға болады:
Сәулет - құрылыс сызбалары деп тұрғын үйлердің, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың сызбаларын,
Инженерлік – құрылыс сызбалары деп түрлі инженерлік құрылыстардың (көпірлердің, темір жолдар мен тас жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың, тоннельдердің, су салқындатқыштардың, резервуарлардың және т.б.) және бетоннан, темірбетоннан, топырақтан, металдан, пластмассадан, ағаштан және басқа материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларының сызбаларын;
Топографиялық сызбалар деп жердің бедерін, жердің бетін, ситуацияны (тоғандарды, көшеттерді, құрылыстарды, жолдарды және т.б.) бейнелейтін сызбаларды.
Сызбалардың мазмұны мен безендірілуі, сондай-ақ жобалаудың қай кезеңде екендігіне де байланысты.Жаңа технологиялық процестердің енгізілуі жаңа объектілердің құрылысына немесе істеп тұрған термиялық бөлімшелердің қайта конструкциялануына алып келуі мүмкін. Кейде бұл енгізу жекелеген жобалау жұмыстарының орындалуымен байланысты.
Цехтың жұмыс режимі.
Құю цехының жұмыс режимі
ҚР ЕК 84-бабына сәйкес, өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді.Ауысымдық кестесі белгілі бір кезең ішінде (мысалы, кестелік ай) жұмыс ауысымдарының ауысып тұруы. Бұл жерде ауысымдық кестесі әр ауысым үшін жұйелі демалыстарды, сонымен қатар ауысым құрамын және бір аусымнан келесі ауысымға ауысу процессін қарастыратынын ескерген жөн. Осы жерде қалыпты жұмыс сағаты 40 сағаттан аспау қажет.ҚР ЕК 82-бабына сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.Бұл жерде екі ауысымнан астам жұмысқа шығуға жол берілмейді.ҚР ЕК 86-бабына сәйкес, жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады.Яғни, ауысымды жұмыста жұмыс уақытының жиынтық есебі қолданылады.Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады, және ҚР ЕК 95-бабына сәйкес, 12 сағаттан кем болмауы тиіс.ҚР ЕК 91-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндердегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есептеледі.Демек жұмыстың жиынтық есебі кезінде нақты істелінген жұмыс уақыты үшін төленеді.Жиынтық есебі кезінде есептік кезеңінің қорытындысынан кейін (ай, квартал, жыл) үстеме жұмыс уақыты есептеледі.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.Бұл қызметкерлер үшін демалыс күндері ауысым арасындағы күндер болып табылатындығын ескеру қажет.
