- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
Метчиктермен ұстау жұмыстары, бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы оқпанының ортасына дәл келтіргіш аспаптарды қслдану арқылы жүргізілу қажет.ұңғыда қалдырылған бұрғылау құбырлары тізбегіне 3-5м жетпей сорапты қосып, жуу сұйығының айналымын қалпына келтіреді.Тізбек салмағы мен сұйық қысымын анықтап,ұңғыда қалдырылған тізбектің есептелінген тереңдігін байқап көру керек.Сол тереңдіктен әмбебкап метчикті 80см,ал арнайы метчикті 20см-ден төмен түсірүге болмайды.Метчиктің бұрғылау құбырлары тізбегінің ішіне кіргендігін жуу сұйығының қысымының көтерілуі арқылы білуге болады.Жуу сұйығы қысымының басында көтеріліп, соңынан бастапқы қалпына қайта келу, сұйықтың қашау тесіктері арқылы өткенін көрсетеді.Метчикті 20-30кН салмақпен ротордың 0.3-0.5 айналымымен қатайтады.Метчикті ротордың көмегімен 2-3 айналыммен айналдыра отырып 10-20кН салмақпен бекітеді.Бұрғылыу құбырлары тізбегінің бастапқы салмағының азаюы метчикеің толық бұралып қатайғандығын көрсетеді.Одан әрі бұрғылау құбырлары тізбегін әрлі-берлі көтеру арқылы босату жұмыстарын жүргізеді.
КОЛОКОЛ. Колокол ұңғыда қалдырылған бұрғылау құбырлары тізбегін бас жағынан ұстап щығару үшін қолданылады сынған немесе бүтін құбырларды.Колоколды бұрғылау құбырларымен болған апаттарды жоюда жоғары бұрау моменттері және тізбекті әрлі-берлі қозғау қажет болған жағдайларда пайдаланады.Колоколды арнайы дайындамалардан жоғары шетіне бұрғылау құбырына жалғау үшін құлпылық муфта бұрандасы МЕСТ-8565-81, ал төменгі шетіне ішінен ұстағыш бұрандасын, сыртынан бағыттау воронкасын жалғау үшін құбырлық бұранда ойып жасайды.Бұрғылау құбырлары тізбегін ұстау үшін колоколдың үш түрі жасалады
бағыттау коронкасына арналған бұрандасы бар, диаметрі 219мм және одан жоғары ұңғылар үшін
бағыттау воронкасы біртұтас, диаметрі 219мм ұңғылар үшін /4.1,б-сурет/
воронкасыз біртұтас жасалған
Бұл колоколдардың әр түрі оң және сол болып бөлінеді.Оң колоколдарды ұңғыда қалдырылған оң бұрандалы құбырларды ұстау үшін, ал сол колоколдарды құбырларды ашып бөлек-бөлек шығару үшін қолданады.Оң колоколдар, құлпылық ұстаушы және құбырлық бұрандамен, ал сол колоколдар, сол бұрандалармен жабдықталады.Колоколдар өлшемдері 7.47.5-кестелерінде /2/ көрсетілген.
Колоколдармен атқарылатын жұмыстар реті метчиктердікімен ұқсас.Колоколды түсірер алдында оның ену шамасы мен воронкасының диаметрін өлшеп,аспаптың құрамасының эскизін жасайды.
ҚҰБЫР ҰСТАҒЫШТАР. Құбыр ұстағыштар бұрғылау құбырлары тізбектерін шығару үшін қолданылады.Оларды шеттері пісіріліп жалғанған құбырларды шығаруда және метчиктерді қолдануға болмайтын жағдайларда қолданады.
Құбыр ұстағыш /ұстағыш төлкеден /2/ және аудармадан тұрады.Тұрқының конустық бетінің көлбеу бұрышы 2-қа тең.
Құбыр ұстағыштармен жұмыс істеу реті төмендегідей ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегіне жалғанып ұңғыға түсіріледі.Бағыттаушы конустың арқасында, құбыр ұстағыш тұрқы ұңғыдағы құбыр ішіне кіреді, әрі қарай түсіргенде ұстағыш төлке құбыр ішіне тіреліп, ең жоғарғы қалпына көтеріледі де бұрғылау құбырлары тізбегінің салмақ әсерінен қысылып, құбыр ішіне кіреді. Бұрғылау құбырлары тізбегін көтерген кезде, ұстағыш төлке тұрқының конусты бетімен жылжып, құбырдың барлық периметріне еніп құбырды ұстайды.
ММММММ
Мачталар мен мұнаралар не үшін қажет және оларды пайдаланудың негізгі ережелері.
Дөңгелекті немесе шынжырлы жүрісті қозғалмалы мачталар (мысалы, телескопиялық мачта ПТМТ-40), Башқұртстан және Татарстанның кәсіпшіліктерінде кеңінен қолданылады, ұңғының орталық үстінде монтаждалады және тұрақтылығы үшін арқанды созылымдармен екі ярусқа бөлінеді. (2.1сурет). Мачтаның секциялары трактордың шығырымен ажыратылады. Бірінші секцияны шығарған кезде мачтаның биіктігі –15м,жүк көтергіштік күші-400кН, екі секцияны шығарған кезде-20м және жүк көтергіштік күші-250кН. Осындай жүк көтергіштік кезінде ұңғыны жөндеу бойынша басым жұмыстар бөлігін орындауға болады.
cурет. Жұмыс режиміндегі жерасты жөндеу жұмыстары үшін арналған
қозғалмалы мачта.
Соңғы кездері ұңғыны ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары үшін өздігін жүретін агрегаттар көбірек қолданыс табуда. Осылайша, мысалы, КрАЗ-257 автомобильдің шассиіне монтаждалған А-507 өздігінен жүретін агрегат, жүк көтергіштік күші 500кН ұңғы алдындағы көпірге салынатын сорапты компрессорлы және бұрғылау құбырлары бар көтеріп түсіру операциялары үшін арналған, ол ұңғыны меңгеру, ағымдағы және күрделі жөндеу, ұңғыны жуу мен бірге диаметрі 146 және168мм құбырлардағы цементті тығындарды бұрғылау сағалық арматураны орнату сияқты жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бұрғылау жұмыстарын атқарады.
А-50У агрегаты (2.2 сурет) трансмиссиядан шыққан жетегі бар екі барабанды шығырдан, тәлді жүйесі бар рамалы конструкциясы бар құрастырмалы мұнарадан, гидро жетегі бар ротордан, сорапты блоктан және басқару жүйесінен тұрады. Тартпалы төрттактты сегізцилиндрлі дизельді қуаты 177кВТ,валдық айналу жиілігі 2100мин-1ЯМЗ-238 автомобилі көтергіш шығырдың жетегі сорапты агрегат, компрессорлы агрегат, компрессор және басқа да қондырғы элементтері үшін қолданылады. Тәлді жүйені 43 жабдықтау кезінде ілмектегі агрегаттың жүк көтергіштік күші бірінші жылдамдықпен жұмыс істегенде 500кН, ал екіншіде –345кН, үшіншіде –126кН және төртінші жылдамдықта –75кН құрайды. Мұнаралық жердің деңгейінен кранблок өсіне дейінгі биіктігі 22,4м.Екі өсті дөңгелекті прицепте 9МГР-61 жуу сорапы қондырылған; ал 6,1m/c берілген кезде 16МПа қысымды сорап автомобильдің қозғалтқышынан шығатын кардонды біліктің көмегімен іске келтіріледі. Қыстырмамен бірге сорапты блоктың салмағы 4,1т.Бүкіл агрегаттың салмағы 31т.
Агрегатта ілмектің көтергіштігін шектеуіш бар, ол тәлді блокты ішке кіргізген кезде шығырды автоматты түрде өшіреді. Агрегаттық мұнарасы-екісекциялы телескопиялық жұмыс жағдайына гидродамкраттармен көтеріліп тіреуіш бұрандалы домкраттарға тіреледі. Мұнараның жоғарғы секциясы тәлді жүйенің көмегімен шығарылып, механикалық басқарылатын тіректерге бекітіледі.
Көтеріп түсіру операцияларындағыдай мұнараны жұмыс жағдайында орналастырған кезде агрегаттың барлық механизмдерімен басқару, автомобильдің сол жақ бетінде мұнараның артқы тірегінде агрегаттың рамасында орналасқан ашық басқару пультынан жүргізіледі.
Ұңғыны жер асты жөндеу үшін басқа түрдегі өздігінен жүретін агрегаттың бір түрі “Бакинец” (2.3 сурет) агрегаты болып табылады. Ол құбырлар мен штангілерді көпірге салумен бірге көтеріп түсіру операцияларын орындауға арналған. Агрегат шынжырлы Т-100МЗ тракторына монтаждалған. Ол беріліс қорабынан, бір барабанды шығырдан, тәлді жүйесі бар телескопиялық мұнарадан, мұнараны көтеретін кулисалы механизмнен, агрегатпен басқаратын жүйеден және басқа да көмекші механизмнен тұрады. Агрегаттық трактордың электр жабдығынан қоректенетін арнайы түнгі уақытта жұмыстарды жүргізу үшін өзінің жарықтандыру жүйесі бар. Биіктігі 17,4м мұнара жұмыс жағдайына бұрандалы жетегі бар кулисалы механизмнен көтеріледі. Жоғарғы секция тәлді жүйенің көмегімен шығарылады. Жұмыс жағдайында мұнара жерге көмілген зәкірлі ілмекке қарай алты созылмамен ажыратылады. Агрегаттың барлық механизмдерімен трактор кабинасындағы машинист басқарады. “Бакинец-3М” агрегаты тәлді жүйені жеті шекті жабдықтау кезінде максималді жүк көтергіш күші 370кН және ілмекті 0,17және 0,15м/с тең бірінші жылдамдықпен көтеріп алты шекті жабдықтау кезінде 320кН тең болады. Ең жоғарғы төртінші (0,7 және0,6) жылдамдықта ілмекті көтерген кезде, жүк көтергіштік күші 76-ға дейін төмендейді және тәлді жүйені алты шекті және жеті шекті жабдықтағанда 89 кН тең. Күштік қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1070 мин-1кезінде қуаты 66кВТ, төрт цилиндрлі дизель Д-108.Агрегаттың салмағы 20 т.
Аталып кеткендерден басқа да өздігінен жүретін агрегаттар бар, мысалы “Азинмаш37А” жүк көтергіштік күші 280кН, жоғары өткізгіштігі бар үш өсті КрАЗ-255Б автомобиліне монтаждалған 18 метрлі телескоптялық мұнарасы бар немесе “Азимаш 43А” жүк көтергіштік күші 280кН,қуаты 75 кВТ гидрофицерленген шынжырлы Т-100БТС тракторына мантаждалған 18метрлі телескопиялық мұнарасы бар.
Бұл агрегат СҚҚ бұрап кіргізу мен бұрап шығаруға арналған электроинерциялы жетегі мен ауыстырып қысқышы бар ДПР-2ВБ автоматымен жабдықталған.
Сондай-ақ өтімділігі жоғары МАЗ-537 төрт өсті автомобильде КОРО-80 жабдығының ауыр өздігінен жүретін кешені жасалған. Кешен құрамында биіктігі 28м және жүк көтергіш күші 1000-кН-ға дейін болатын телескопиялық мұнарасы бар УПА-80 өздігінен жүретін көтергіш қондырғысы, екі ості қыстырмада монтаждалған сорапты блок, жұмыс алаңы мен саймандар арбасы бар және қозғалмалы қабылдау көпірлері болады. Қондырғы қозғалтқышының қуаты 386кВТ. КОРО-80,жабдықтар кешенінің массасы-69,5.
Жөндеуге арналған механизмдер кешеніне мыналар кіреді:
ротор көмегімен уақытша айналып тұрған және ілмекке ілінген құбырлар арқылы ұңғыны жуу үшін жүккөтергіш күші 600кН-ға дейінгі жуу ұршықтары.
шкивтер саны 4 дейін болатын және жүккөтергіш күш 150-ден 500-кН-ға дейінгі жеңідетілген тәл блоктары;
жүк көтергіш күші 125-тен 500-кН-ға дейін баратын Крэ пайдалануы жеңілдетілген ілмектер.Олар ілмек сырғасына қатысты ілмек мүйізінің еркін айналуын мүмкін етеді және амортизациялық серіппемен жабдықталған.
