Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый почти 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.79 Mб
Скачать

Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.

Ұңғыны қышқылмен өңдеу ұңғының түп маңы аймағының өткізгіштігін жоғарлату үшін, түптерді (сүзгілерді), түп маңы аймағын, СКҚ-ны тұзды, парафинді шайырлы шөгінділерден және коррозия өнімдерінен тазалау үшін арналған (жүргізіледі). Ұңғының түп маңы аймағын қышқылмен өңдеу тұзды қышқылдың құмтастар немесе басқа жыныстардың құрамына кіретін корбанатты жыныстарды (әктастар, доломиттер) немесе корбанатты жыныс құраушы минералдарды еріте алуына негізделген. Тұз қышқылының әсерінен ұңғының түп маңы аймағындағы жыныстарда (ҰТА) кеңістіктер, қуыстар, желінген каналдар пайда болады. Осының әсерінен жыныстардың өткізгіштігі жоғарлайды, соған байланысты мұнай ұңғыларының өнімділігі және айдау ұңғыларының өнімділігі және айдау ұңғыларының сыйымдылығы (тұтқырлығы, сіңірімділігі) ұлғаяды. Қысым әсерінде қышқылмен өңдеуді өнімді қабаттың аз өткізгіш аралықтарына қышқылды ығыстыру мақсатымен қолданады. Қарапайым тұз қышқылмен өңдеу кезінде қышқыл жақсы өткізгішті қабатшаларға енеді, ал нашар өткізгішті қабаттар өңдеумен қамтылмай қалады. Қысым әсерінде қышқылмен өңдеу қабаттың біртексіздігіне байланысты кемшіліктерді жояды. Тұз қышқылмен өңдеудің үрдісі келесімен қорытындылады. Алдымен мұнай немесе суды айдау арқылы циркуляцияны орнатады. Содан дайындалған тұз қышқылды жұмыс ерітіндісімен-кран ашық болғанда құбыр сыртындағы бұрмасында (отвод). Осы кезде қышқылдың бірінші өлшемін башмактан қабаттың бетіне дейінгі құбырлар мен сақиналы кеңістікті толтыратындай етіп есептейді. Содан кейін құбыр сыртындағы кеңістіктің бұрмасындағы кранды жауып, қысым әсерімен ұңғыға қышқылды ерітіндінің қалғанын айдайды. Қышқыл қабатқа еніп бастайды. Құбырлар мен ұңғының сүзгі бөлігінде қалған қышқылды қабатқа мұнаймен немесе сумен ығыстырады. Тұз қышқылды жұмыс ерітіндісінің көлемін қабаттың қалдығымен физикалық құрамына, жыныстың химиялық құрамына және алғашқы өңдеулер санына байланысты орнатады.

Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.

Көтеріп-түсіру операциялары кезінде штангілерді бұрап және бұрап шығаруды автоматтандыру АШК деп аталатын автоматты штангілі кілт арқылы жүзеге асады. АШК кілт мынадай элементтерден тұрады:кілт блоктары, сағалық кронштейн және реверсивті ауыстырып қосқыш. Өз кезегінде кілт блогі қуаты 0,8кВт-тік жарылысқа қауіпсіз дайындалған электроқозғалтқыштан1, редуктордан, муфтадан , техегіштік барабаннан , штангілі ұстау түйінінен хәне шанышқысы бар контр-кілт жүйесінен тұрады. Сағалық кронштейн блогы ұңғы сағасындығы сорапты құбыр муфтасына бекітіледі. Ал кілттің өзі серіппелі ілмекпен кронштейінге ілінеді. Реверсивті ауыстырып қосқыш блогы 3-штангілерді бұрап немесе бұрап шығарғанда қозғалтқышты реверстеу керек. АШК автоматты кілті (Ногаев жүйесі) қолмен немесе аяқ басқышынан (педалінен) басқарылады және штанга шаршысына кигізілетін қималы айналдырмасымен жабдықталған. Редуктордың астында контркілт орналасқан. Ол ілініп тұрған штангілер тізбегін айналып кетуден сақтайды. Кілт блогінің массасы 36 кг, сағалық кронштейн блогімен қоса барлық кешеннің массасы-105кг. Кілттің қағып алу мүшесіндегі максимады айналдыру моменті 800 Нм-ге тең. АШК автоматты кілтін қолдану қолмен жасалатын операцияларды жеңілдетіп және жұмысты тездетіп ғана қоймай, сондай-ақ штангілердің муфталы бірігуін бұрап қысу үшін тұрақты айналу моментін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде, апаттарды азайтып штангілердің өздігінен бұралып кетуден қорғайды.