- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
Ұңғыманы пайдалану кезінде ұңғы түбінде пайда болатын құмды тығындар түптік және тізбектің ортаңғы және жоғарғы бөлігінде орналасатын патронды тығындар.Тығындар тығыз немесе борпылдақ болады. Ұңғыманы тазалаудың негізгі екі әдісі барқұмды тығындарды желонкамен немесе жуу арқылы жою.Бірінші жағдайда құбыр тізбегіне арқан мен желонканы-цилиндрлі сыйымдылықты көтеріп-түсіреді,ол каналдармен және тығын материалын ұстап қалуға арналған жабдықтар қатарымен жабдықталған.Мысалы, құмды жоғары көтеру және тез арада босату. Екінші жағдайда ластанған көтермелі құбырларға немесе пайдалану тізбегіне жуу құбырларының тізбегін түсіріп,тығынды жуу мен оны құрайтын материалдарды жоғарыға шығару үшін арнайы жуу сораптарымен сұйықтың айналымын жасайды.
Қабат сұйықтығының берілісі толық тоқтаған кезде құмды тығынның пайда болуы кезінде келесіні назарда ұстау керек:бұл жағдайда тізбектің төменгі бөлігіндегі қысым ұлғайып,тығынды жою процесінде тығынның жартысы,ол кейде ұңғыға түсірілген жабдықты лақтыру болады.Сондықтан тығынды жою кезінде техника қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау қажет.
Бұл әдістің артықшылығықолданылатын жабдық пен тазалау процесінің қарапайымдылығы. Қабаттың түп аймағына технологиялық сұйықтықтың енбеуі;ұңғыны саңылаусыздандырылмаған пайдалану тізбектерімен тазалау мүмкіншілігінде.Әдістің кемшіліктері:процестің ұзақтығы;пайдалану тізбегінің қажалу мүмкіндігі;аспап түсірілетін арқанның үзілу мүмкіндігі;ұңғы сағасы айналасындағы территорияның жойылған тығын материалдарымен ластануы;майысуы мен сынығы бар тізбектерді желонкамен тазалау мүмкін еместігі.
Ұңғыманы желонкамен тазалаған кезде ол көтергішпен жабдықталуы керек, көтергіш құбырлардың тізбегі көтеріліп,көпірлерге төселуі керек; ұңғыма сағасының жанында тығын материалын жинауға арналған қорап орнатылған.Желонканың диаметрін тығын пайда болған тізбек диаметріне байланысты таңдалып алынады.
Құбыр диаметрі,мм........................114 127 140 146 168 және одан жоғары
Желонканың диаметрі,мм.............73 89 89 89 114
Тығынның сипатына байланысты келесі түрдегі желонкалар қолданылады:борпылдақ тығындар үшін-қарапайым,тығыз тығындарға-поршеньді,арнайы жағдайда-автоматты.
Поршеньді желонкалардың қарапайымдардан айырмашылығы орарда штокта орнатылған,тұлғаның жоғарғы қақпағы арқылы еркін өтетін поршеньдердің болуында(11.1 сурет).Поршеннің штогы арқылы ілулі кезінде желонка тұлғасына байланысты оның төменгі жүрісін қамтамасыз ететіндей жеткілікті түрде массивті болуы керек.Соққыны бәсеңдету үшін штокқа екі пружина кигізілген-біреуі сыртынан,екіншісі тұлғаның ішінен.
Поршеньді қуыстан поршень үстіне сұйықтың ағынын қамтамасыз ету үшін,поршеньде иілгіш тығырықпен (шайба)үстінен жабылған осьті каналдар қатары бар.
Желонканың төменгі бөлігіндегі клапанды үшкір тәрізді ұштығы бар штокпен жабдықтайды.
Желонка түпке жеткен кезде клапан ашылып,жоғарғы серіппе тығынға тірелгенше поршеньді төмен түсіреді.
Автоматты желонка едәуір күрделі құрылымды болып келеді. Оның қызмет ету принципі екі саңылаусыз камераларды қолдануға негізделгенауалы және құмды. Бұл камералардың саңылаусыз клапандары бар. Желонка құмды тығынға жеткен кезде қабылдағыш клапан ашылады. Ұңғыдағы қысым желонканың ішкі қуысындағы ауа қысымынан жоғары болғандықтан,құмды камера тығынды қураған материалдармен қарқынды түрде толтырылады. Құмды камераны толтырғаннан кейін, ауалы камерадағы ауа сығылып, желонканы жоғары көтергенде ондағы қысым сақталып, 1МПа деңгейінде тұрады.
