- •Қабатты гидравликалық жару.
- •Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
- •Құбырлы кілттердің конструкциясы мен арналуы.
- •Құбырлы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Құмды және гидратты тығындардан тазалау мен жуу.
- •Қышқылды өңдеуге арналған жабдықтар.
- •Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.
- •Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.
- •Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.
- •Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады
- •3.6 Сурет. Слайдер асг-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.
- •Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.
- •Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.
- •Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.
- •Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу
- •Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.
- •Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.
- •Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу
- •Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы
- •Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.
- •Ұстағыш аспаптар.
- •Ұңғыманы жөндеуге дайындау.
- •Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.
- •Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.
- •Ұңғыма жұмысының жөндеуаралық мерзімі дегеніміз не және оның түрлері.
- •Ұңғыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не.
- •Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді.
- •Ұршықтың арналуы және оларды пайдалану ережелері
- •Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:
- •Фрезерді не үшін қолданады және қандай түрлерін білесіз.
АААААААА
АПР-2ВБ автоматының құрылысы мен арналуы.
Бұл жұмыстарды жеңілдету мен қауіптілігін азайту үшін құбырларды бұрап және бұрап шешу үшін АПР-2ВБ автоматын дайындалған.Ол құбырды ілініп тұрған жағдайда қағып және ұстай алады.Сол мезетте ,құбырды көтергенде оларды автоматты түрде босата алады. Автомат құрамына червякті берілісі бар айналдырма, құбырлардың сыналы ілмегі (спайдер),центратор, ауыстырып-қосқышы бар электржетек пен спайдер сынамаларын теңетіруге арналған жүгі бар балансир кіреді.Құбыр тұлғасына берілетін айналдыру күшін жеңілдетілген кіші өлшемді құбыр кілтіне беретін жетектеуіш айналдырмада орналасқан. Сыналы ілмектің блогі мыналардан тұрады: ілмек негізі (тұғыры) және құбырлар тізбегін ілулі күйде ұстап тұратын үш топсалы ілінген сыналар. Сыналар мен олардың плашкалары ауыстырмалы болады. Оларды көтеретін құбырлардың диаметріне қарай орнатады. Сыналы блок жүгі бар балансир көмегімен жоғары-төмен орын ауыстыра алады. Жарылысқа қауіпсіз етіп жасалған электрқозғалтқыштың қуаты 2,8кВт. Қозғалтқыш білігіне орнатылған немесе өшірілетін маховик түріндегі электроинерциялық жетек электроқозғалтқышқа орнатылған. Маховик инерциясы есебінен құбырларды бұрап шешкенде және электрқозғалтқыштың аз қуаты кезінде, үлкен диаметрлі құбырларды бұрап кіргізгенде водилодағы моментті едәуір көбейтуге болады. Жер асты жөндеуге арналған АПР-2 автоматты 2 модификацияда дайындалады; 380 В-тік кәсіпиілік электр желісінен қоректенетін жарылысқа қауіпсіз етіп жасалған (АПР-2ВБ) электроқозғалтқышпен біге және екінші түрі гидрожетекпен бірге (АПР-ГП) жасалған. Бұл гидрожетек-ұңғыны жер асты жөндеуге арналған агрегаттың гидравликалық жүйесінен немесе автономды гидросораптан қоректенетін көлемді гидравликалық қозғалтқыш түрінде көрсетіледі. Гидрожетек өрт жағдайында жұмыстардың толық қауіпсіздікте өтуін, құбырларды бұрап кіргізгенде және бұрап шығарғанда водилодағы айналдыру моментінің тұрақтылығын және реттеудің қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. АПР-ГП агрегатында автомат массасын 200-ден 180 кг-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретін НПА64 гидроқозғалтқышы қолданады. Оның айналдыру моментін гидрожүйенің сақтандырғыш клапаны арқылы оңай реттеуге болады.
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕ
Екінші оқпанды қазып, бұрғылауды жалғастыру.
ЖЖЖЖЖЖЖ
Жүккөтеру жабдығы.
Жүктемелі электрлі ортадан тепкіш сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу. Жөндеу-айыру жұмыстары.
ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ
Зәкірлерді не үшін қолданады.
КККККККК
Көтеріп-түсіру операциясында колданатын аспап
Бұл топтағы жабдықтар штангілер мен құбырлар тізбектерінің бұрандалы қосылыстарын бұрап шығару мен бұрап кіргізу және оларды ілулі күйде ұстап тұру сияқты операцияларды орындауға арналған.Оның құрамына құбырлы және штангілі элеваторлар,спайдерлер, кілттер, штроптар мен басқа жабдықтар кіреді.Олардың әрқайсысының конструкциясы арнайы етіліп жасалады. Элеваторкөтеріп-түсіру операциялары КТО үрдісі кезінде құбырлар мен штангілерді ұстап және оларды вертикальды көлбеу және горизонталь жағдайда ілулі күйде ұстауға арналған аспап. Конструкциясы бойынша екі сырғалы және бір сырғалы элеваторлар түрлерін ажыратады.Әр түрдегі элеваторлардың конструкциясы олардың электр-және гидрожетек кілттерімен бірге КТО үрдісінде қолданылуын қарастырады.Осы кезекте екі кезекті элеваторлар ұңғыларты жуу, сағалық жабдықтарды монтаждау кезінде және басқа да операцияларда едәуір ыңғайлы болып келеді. Бір сырғалы элеватар ЭГ қолмен басқарылатын және механикалық кілттерді қолданданған кезінде көтеріп-іру операцияларды орындауға арналған. Элеваторларды штангілі және құбырлы түрлерге ажыратады.Соңғы түрі өз кезегінде бұрғылау, шегендеу және сорапты-компрессорлы құбырларға арналған элеваторлар болып табылады. Штангілі элеваторштангілерді көтеріптүсіру кезінде қолданылады.Ол сақиналы эксцентрлі оймасы бар тұлғадан тұрады.Оның ішінде эксцентрлі орналасқантесігі бар төлке айналады Бұрғылау құбырларын немесе СҚК тізбектері ілулі күйде болғанда орталықтандыруына арналған.Спайдер құбырды сыналы алқа көмегімен ұстап ілулі күйде ұстайды.Сондықтан оның көмегімен муфтаның кезкелген жағдайында құбырды бекітуге болады.Жұмыс кезінде спайдерд іұңғы сағасында орнатады.Спайдер АСГ-80тұлғадан тұрады.Онда сыналы алқа,ауыспалы орталықтандырғыш және сыналарды көтеретін механизм орналасқан.Тізбекті алқа үш сынадан тұрады,олардың жұмыс беті бұранда кескішпен жабдықталған.Тұзақтың көмегіменсыналар серіппелі алқамен байланысқан. Райбер мен фрезерлер-шегенделген ұңғылардағы металл бұйымдарды геометриялық формаға келтіру үшін оларды механикалық өңдеуге қажет.Ол қағып алу сайманын оларды ұстау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Ұңғы ішінде қалған құбырлардың жоғарғы ақау болған ішкі бетін өңдеу үшін райбер қолданады.Райбербұл жұмыс істейтін бөлігі,бетінде тістері бар конусты аймаққа өтетін цилиндрлі формада болатын және жуу сұйықтығын беруге арналған орталық саңылауы бар аспап.Райбер мен фрезер бұранда арқылы бұрғылау құбырларына қосыла алады.
Көтеріп-түсіру операциясын механизациялау құрылғылары.
Көтеру шығырының конструкциясы мен арналуы
Көтеру қондырғылары мен агрегаттарын пайдалану ережелері қандай.
КМУ-50 механикалық әмбебап кілт не үшін қолданылады
сорапты компрессорлық құбырларды механикаландырылған бұрау және бұрап шешу, оларды орталықтандыруға, ұстап тұру операцияларын жүзеге асыру үшін арналған. Техникалық характеристикалары спайдерге түсетін жүктеме 50 т, максималды айналу моменті 4500 Нм, құбырлардың диаметрі 73 мм, 89 мм, габариттік өлшемдері : ұзындығы 930мм,биіктігі 960 мм, ені 630 мм. Жинақталған күйдегі салмағы 370кг. Суық және макроклиматтық аудандарда қолданады.
ҚҚҚҚҚҚҚ
Қабаттарды бір-бірімен біріктіріп басқа горизонттарға өту.
ҰКЖ кезінде шегендеу тізбегі (ОК-ШТ) мен тізбек сыртындағы кеңістіктің саңылаусыздығын жоюдың негізгі әдісі-қысым әсерімен ұңғы сүзгісінің тесігі арқылы немесе мұнай горизонтын бөгде сулардың енуінен сенімді изоляциялау үшін қажетті есептелген ерітінді көлемін қабатты ығыстыру мақсатында тізбектегі ақау немесе тізбек сырты арқылы цементтеу. Бұл кезде ерітіндіні қабатқа баяу ығыстырған сайын,қысым жоғары болған сайын,бөгде сулардың қозғалу жолы сенімді жабылып,мұнай қабатының изоляциясы соғұрлым эффективті болады. Бұл кезде,алайда,қысым берілген пайдалану тізбегінің (ПТ) жағдайы, диаметрі және құбырлар болатының маркасын есепке алып оның бар мүмкін ішкі қысымынан аспауы қажет. Басқа жағдайда тізбектің бұзылуы немесе майысуы болуы мүмкін. Қысым әсерімен тампонаждау тәсілін ұңғыны толтыру мен операцияның жалғасу есебін тексеру кезінде тізбектегі сұйықтықтың динамикалық деңгейінің жағдайына тәуелді жобалау қажет. Ол тампонаждау материалының қоюлану мерзімінен 75% аспауы керек.Тәжірибеде қысым әсерінен тампонаждаудың келесі түрлері қолданылады.Ұңғыға СКҚ түсіріп,тізбек сүзгісінің жоғарғы тесігі немесе ақауларынан 5-10 м жоғары орнатып,солар арқылы қысым әсерімен тампонажды ерітіндіні ығыстырады.Ерітіндінің қалған артықтарын кері немесе тура жуутәсілімен жуады.Ұңғыда қоюланудан кейін,СКҚ ұшынан төмен жерде пайда болатын стаканды бұрғылап тастайды.Қысым әсерімен құбыр арқылы цементті ерітіндінің артықтарын жуумен бірге тампонаждау,тізбектегі цементті бұрғылауды болдырмау қажет болған жағдайда қолданылады.Бұл кезде СКҚ ұшы сүзгінің жоғарғы тесігінде орнатылуы керек.Ерітіндіні қабатқа ығыстырудан кейін СКҚ тізбегін ұзартып,ұңғыдан тампонажды ерітіндіні жуып шаяды.Бұл операцияны құбырларды ұзартусыз атқаруға болады,ол үшін олардың ұшын сүзгінің төменгі тесіктерін төмен жерде орнату керек.Бұл жағдайда ұңғыдан томпанажды ерітіндіні жуып шаю үрдісі қабатқа қарама-қысыммен жүреді,ал жуудың өзі цементті ұстау басталғанға дейін аяқталуы керек.Бұл тәсілді мұнай –цеметті ерітінділерді қолдану кезінде қолданады.
Қабатты гидравликалық жару.
гидравликалық жару (ҚГЖ) –түп маңы аймағындағы жыныстардың табиғи және аймақтағы жыныстардың табиғи және жаңадан түзілген жарылымдарын кеңейтіп және тереңдету мақсатында ұңғының түп маңы аймағын (ҰТА) өңдеу үрдісі. Бұл үлкен шығындарда қабатқа тұтқыр сұйықты айдау арқылы ұңғы түбінде жоғары қысымды орнату жолымен жетілдіреді. Бұл түпте қысымның тез жоғарлауын қамтамасыз етеді. Қысым гидростатикалық қысымды 1,5-2,5 есеге артқан кезде, қабаттың жарылуы мен қабатталуы орындалады, яғни табиғи жарылымдар кеңейіп, жаңа жарылымдар пайда болады. Жарылымдарды ашық түрде сақтау үшін оларды құммен толтырады, оны тұтқыр сұйықпен бірге жібереді. Ары қарай бұл сұйықтық ұңғыны пайдалану үрдісінде түп аймақтан шығарылады. ҰТА да қабатқа оншақты метрге енетін бір немесе бірнеше жарылымдарды жасау, жарылымдар таралған аймақта қабаттың өткізгіштігін жоғарлатуға және сұйықтық ағының шарттарын едәуір жақсартуға алып келеді. ҚГЖ келесі жағдайлар үшін қолданылады:
А) Мұнай (газ) ұңғыларының өнімділігі мен айдау ұңғыларының сыйымдылығын арттыру.
Б) Өнімді қабаттың қалдығы бойынша сыйымдылықты және ағынды реттеу.
В) Суланған ұңғыларда су изоляциясы экрандарды құру.
ҚГЖ кезінде көп жағдайларда (кішігірім ұңғыларды қоспағанда) қысым шегендеу тізбегінің мүмкін қысымынан жоғары болғандықтан, ұңғыға СКҚ да пакерді түсіреді. Ол сақиналы кеңістікті изоляциялап, тізбекті қысым әсерінен сақтайды. Пакерді зәкірмен бірге түсіріп, оны сүзгінің жоғарғы тесіктерінен жоғары жерде орналастырады.
Қабатты гидравликалық жару кезінде қолданатын жабдықтар
ҚГЖ кезінде қолданылатын жабдықтардың ұңғы сағасында орналасу сұлбасы ұңғы параметрлері мен процесті өткізу технологиясына тәуелді болады. Жабдықтар жинағына:УН1-630к700А (УАН-700) сорапты агрегаттар, құм араластырғыш машина НПА, тасымалдау үшін ЦР-500, ЦР-7АП, ЧЦР автоцистерналар, оал кейде сұйықтықты қысқа мерзім сақтауға арналған цирналар, манифольд, ұңғы сағасының арматурасы 2АУ-70 , пакерлер, зәкірлер және басқа да жабдықтар кіреді. Саға арматурасы екі құбыр желісі арқылы манифольд блогімен қосады. Оның арынды колекторы бөлек құбыр желілері арқылы сорапты агрегаттарға қосылған. Жабдықты сағамен орау үшін шарнирлі иіні бар металды құбырларды қолданылады. Жұмыстарды бастар алдын орамды қабатты жару кезінде күтілетін қысымнан 1,5 есе жоғары қысымға тығыздайды. Манифольд блогіне сұйықтық шығынын және оның қысымын дәл өлшеу үшін бақылау және басқару станциясын қосады. ҚГЖ бірінші кезеңінде сорапты агрегаттар жұмыс сұйықтығы сыйымдылықтар мен автоцистерналардан алып кетеді. Ары қарай құм қоры бар және құм тасығыштардан толтырылатын құм араластырғыш агрегаттарға түседі; қоспаны дайындауға арналған сұйықтық сәйкес цистерналардан түседі Бастыру сұйықтығын айдағаннан кейін, сорапты агрегаттардың қабылдағышына басқа сыйымдылықтар мен резервуарларға сұйықтық түседі. Қабатты гидрожару кезінде сораптар мен құшараластырғыш агрегаттар сқйықтың көбірек шығынын алу қажет болған кезде немесе процесті өткізу уақытында олардың істен шығуына байланысты есепте көрсетіңлген мөлшерден көбірек монтаждайды. Технологиялық сұйықтық пен құмды да ұңғыға қажетті мөлшерден көбірек алып келеді, себебі ҚГЖ процесінің өту ерекшелігінің дәлдігін орнату қиын.
