- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Тау кен кәсіпорындары аэрологиясының негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
- •2. Кеніш ауасы. Кеніш ауасының құрамдас бөліктері.
- •3. Кеніш ауасының зиянды, улы және радиоактивті қоспалары.
- •4. Кен қазбаларымен қозғалысы кезіндегі ауа құрамының өзгеруі, ауаны ластаушы көздер.
- •5. Кеніштің газмолдылығы және газдылық немесе газтасмалдылық .
- •6. Абсолютті және салыстырмалы газмолдылық.
- •7. Газмолдылықты болжау.
- •8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.
- •9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.
- •11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
- •12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
- •13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
- •14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
- •16. Кеніштің жылулық режімі.
- •17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
- •18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
- •19. Кеніш ауасын салқындату.
- •20. Аэростатика негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •21. Аэродинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •22. Кеніштегі (шақтыдағы) атмосфералық қысым.
- •23. Қозғалыстағы ауа қысымының түрлері. Депрессия.
- •24. Энергияның сақталу заңы.
- •25. Ауа ағымының үздіксіз теңдеуі.
- •26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.
- •27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.
- •28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.
- •29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
- •30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
- •31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
- •33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.
- •34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.
- •35. Тұйық қазбаларды желдету.
- •36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау
- •38. Кенішті желдету сызбалары және оларды таңдау.
- •39. Жалпы шақтылық ауа мөлшерін реттеу.
- •40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
- •41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
- •42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
- •43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
- •44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.
- •45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.
- •46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.
- •50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.
- •51.Карьерді табиғи желдету сұлбалары.Оларды қолдану аймағы.
- •14.1 Сурет. Карьерді қазудың әр түрлі кезеңдерінде табиғи желдетуді есептеу сұлбалары.
- •52. Шақты желдетісінің тәсілдері мен сұлбалары.
- •53.Карьерді желдетудің экономикалық шамашарттарын есептеу.
- •54.Карьерді желдетудің тураағысты (прямоточный) сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.2 Сурет. Желдетудің тура ағысты (прямоточный) сұлбасы.
- •55. .Карьерді желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы)сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.3 Сурет. Желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы) сұлбасы
- •56.Карьердегі зиянды қоспаларды шығару.
- •57. Кенішті, шақтыны желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау.
- •58.Жалпы шақтылық қысымды анықтау.
- •59.Кеніштегі желдетіс жүйесін бақылау, қадағалау.
16. Кеніштің жылулық режімі.
Кеніштің жылулық факторының режімі. Жел ағымы жылуды және ылғалды тау-кен қазбаларымен тасымалдауға, әрі жылу массасының қарқынды алмасуына әсер етеді. Жел ағымы, сонымен қатар шахтаның жылулық режімінің қалыптасуына көп ықпал жасайды. Жылулық режім факторы атмосфералық ауаның қызуы мен ылғалдылығына, қоршаған жыныстың қасиеттеріне, булану үдірісіне, қышқылдануға, ауаның сығылуы мен жайылуына, жел құбырлары мен жергілікті жылу шығаратын орындармен жылу алмасуына тікелей байланысты.
17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
Кеніш ауасының қызу-ылғалдылық шамашарттары. Шақтының ауасы өте көп мөлшердегі ылғалдылығымен сипатталады. Ол жоғарғы қабаттағы (жер бетіндегі) ауаның қызуы және ылғалдылығына, тау-кен қазбаларының ылғалдылығына, ауа қызуының өзгеруіне, жел ағымының жылдамдығына, ауаның қысымына байланысты.
18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
Кеніш ауасын суытатын қондырғылар. Кеніш ауасын тоңазытқыш қондырғылармен жасанды суыту әдісі кеңінен пайдаланылады. Мұндай қондырғылардың жұмыс істеу тәртібіне тоқталайық. Сорма және компрессор көмегімен машинада суытқыш зат қозғалыста тұрады. Мұнда конденсаторды суытатын сұйық және ауаны суытатын суық тасымалдайтын зат үнемі қозғалыста болады. Компрессор суық тасымалдайтын заттың буын буланғыштан сорады да, оны конденсаторға айдайды. Қысымның көбеюінен және сыртқы тоңазудан бу сұйық түрге көшеді, де конденсаторға жылуын береді. Бағдарлау жапқышынан кейін қысым қайта азаяды және тоңазытқыш зат буланады, осының әсерінен суық тасымалдайтын зат ауаны суытатын жабдықты тоңазытады. Суық тасымалдайтын зат қауіпсіздік ережесінің шартына сәйкес болуы керек (жанбау керек, улы болмау керек жарылғыш қоспаларды болдырмау керек, машинаның элементтеріне кері (шірітетін) әсері болмауы керек т.б.). Суық тасымалдауға кеңінен пайдаланылатын заттар аммиак және фреон, бірақ аммиак жер асты тоңазытқыштарда пайдаланылмайды, себебі, одан өте улы және жарылатын қоспалар пайда болады
19. Кеніш ауасын салқындату.
Кеніш ауасын салқындату. Тазалық гигиенасының шартына сәйкес келмейтін шахта ауасының қызуын шахтаның жылулық режімін бұзбау үшін, оны бағдарлау мүмкіндігі туады. Ауаның жылу-ылғалдылық жағдайын өзгертіп отыратын барлық ұйымдастырылған жоспарларды ауаның жылуын салқындату деп атайды.
Бұл жұмысты қазбаларды қарқынды желдету әдісімен, ауаға қосымша жылудың келуін шектеу, ауаны құрғату және суыту, шахтаға түсетін ауаны жасанды түрде жылыту арқылы жүргізуге болады. Қазбаларды қарқынды желдетуді жел ағымының жылдамдығын көбейту арқылы жасауға болады. Бірақ, суыту тиімділігі ағымның жылдамдығы 0,5 м/с-тен 4 м/с-ке дейінгі аралықта ғана болады. Одан әрі жылдамдықты өсіре берсек ауаның қызуының азаюы төмендей береді. Тәжірибе көрсеткендей, шахта ауасының кызуы тау-кен жұмыстарының қарқыны мен топталуына байланысты. Жылу факторына сәйкес болатын тиімді желдету сызбасын — қазу жүйесін таңдауда қатар жүргізген дұрыс. Жасанды әдіспен ауаны суытып, құрғатқан уақытта, желдің ағымын құбырлар мен арнаулы құрылымдар арқылы жүргізу керек.
Шахтаға жіберілетін ауаны жасанды әдіспен жылыту бумен, сумен, электр тоғы арқылы жұмыс істейтін калориферлер арқылы атқарылады. Калорифер арнайы ғимаратқа орналастырылады, сол арқылы шахтаға жылытылған ауа жіберіледі.
