- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Тау кен кәсіпорындары аэрологиясының негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
- •2. Кеніш ауасы. Кеніш ауасының құрамдас бөліктері.
- •3. Кеніш ауасының зиянды, улы және радиоактивті қоспалары.
- •4. Кен қазбаларымен қозғалысы кезіндегі ауа құрамының өзгеруі, ауаны ластаушы көздер.
- •5. Кеніштің газмолдылығы және газдылық немесе газтасмалдылық .
- •6. Абсолютті және салыстырмалы газмолдылық.
- •7. Газмолдылықты болжау.
- •8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.
- •9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.
- •11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
- •12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
- •13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
- •14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
- •16. Кеніштің жылулық режімі.
- •17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
- •18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
- •19. Кеніш ауасын салқындату.
- •20. Аэростатика негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •21. Аэродинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •22. Кеніштегі (шақтыдағы) атмосфералық қысым.
- •23. Қозғалыстағы ауа қысымының түрлері. Депрессия.
- •24. Энергияның сақталу заңы.
- •25. Ауа ағымының үздіксіз теңдеуі.
- •26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.
- •27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.
- •28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.
- •29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
- •30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
- •31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
- •33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.
- •34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.
- •35. Тұйық қазбаларды желдету.
- •36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау
- •38. Кенішті желдету сызбалары және оларды таңдау.
- •39. Жалпы шақтылық ауа мөлшерін реттеу.
- •40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
- •41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
- •42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
- •43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
- •44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.
- •45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.
- •46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.
- •50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.
- •51.Карьерді табиғи желдету сұлбалары.Оларды қолдану аймағы.
- •14.1 Сурет. Карьерді қазудың әр түрлі кезеңдерінде табиғи желдетуді есептеу сұлбалары.
- •52. Шақты желдетісінің тәсілдері мен сұлбалары.
- •53.Карьерді желдетудің экономикалық шамашарттарын есептеу.
- •54.Карьерді желдетудің тураағысты (прямоточный) сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.2 Сурет. Желдетудің тура ағысты (прямоточный) сұлбасы.
- •55. .Карьерді желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы)сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.3 Сурет. Желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы) сұлбасы
- •56.Карьердегі зиянды қоспаларды шығару.
- •57. Кенішті, шақтыны желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау.
- •58.Жалпы шақтылық қысымды анықтау.
- •59.Кеніштегі желдетіс жүйесін бақылау, қадағалау.
13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары
I. Шаң және шаң тұманын болдырмау шаралары:
- көмір өндіретін өте аз шаң болдыратын машиналарды пайдалану;
- көмір тақталарын алдын-ала ылғалдау;
- отырған шаңды және шаң пайда болатын орындарды сулау (дымқылдау);
- қазбаларды тиімді желдету;
- тасымалдау және желдеткіш қазбаларын белгілі бір кезеңде (период) шаңнан тазарту;
- скипті көтергішті ауа шығарылатын оқпанында орна-ластыру;
- сұрыптайтын және байыту фабрикаларын сырттағы шаң қайта шахтаға түспеуі үшін, оларды желдің бағытын ескере отырып орналастыру.
II. Шаңды тұтандыратын заттарды шектеу үшін жүргізілетін шаралар:
- сақтандырғыш аттырғыш заттарын (A3) пайдалану;
- электрлі аттырыс жүргізу;
- аттырыс қаупі жоқ тоқ жабдықтарын пайдалану;
- шахтада жарық беретін қауіпсіз шамдарды қолдану;
- шылым шегу мен ашық оттарды пайдалануға тыйым салу;
- тоқпен дәнекерлеу (сварка) жұмыстарын жүргізбеу;
- шаңның атылысын басу және оны шектеу үшін қазбаларды күлмен (осланцевание) жабдықтау, су және күл кедергілерін жасау. Бұл бағдарламаға тоқтап өтелік.
14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
Қазбаның күлденуі (осланцевание) дегеніміз - жасанды түрде қазба қабырғаларындағы отырып қалған шаңдардың күлділігін табиғи түрде өсіру, ол үшін шаңға тежегіштік қасиеті бар стандартты қосымша шаң қосу.
Қазбаларды сланцтауда қазбалардағы отырып қалған шаңдарды жасанды әдіспен олардың күлдік мөлшерің өсіру, ол үшін стандартты инертті шаңдарды табиғи шаңдарға қосу. Инертті шаңға қойылатын талап:
- ол дымқылданбау (слеживаться) керек;
- ылғалды жұтпауы қажет;
- бос кремний қышқылының мөлшері 10%-дан кем болуы керек;
- ұшқыш заттардың мөлшері 5%-дан кем немесе сол шамалас болуы керек.
Көбіне шахтыларда инертті шаңды әк және сазды сланцтан жасалған инертті шаңдар пайдаланылады.
Қазбаларды сланцтау мөлшері 50-80 % дейін барады. Әрине ол белгіленген рұқсат мөлшеріне сәйкес келгені дұрыс. Ол үшін көмір және инертті шаң қоспаларындағы жанбайтын заттардың мөлшері нақты ескерілуі қажет. Егер қазбаны инертті шаңмен толық түрде жабатын болсақ, онда инертті шаңның мөлшері 1 м3 қазбаға 1 кг кем болмау керек. Қазбаны сланцтау қондырғы арқылы және қол күшімен де жүргізіледі. Қазбаларда күл өте күшті қарқынмен қабырғаларға отырып қала беретін болса, онда қазбаларды қайтадан белгілі бір мерзімде инертті шаңмен (сланец) шаңдап отыру керек.
15. Тау-кен қазбаларының шағын (микро) климаты.
Тау-кен қазбаларының шағын (микро) климаты (ауасы) ауалық ортаның орташа физикалық жағдайына тәуелді. Ол ылғалдылыққа, ауа қызуына, ауа қозғалысының жылдамдығына және оның қысымына байланысты. Шақтыда бұл шамашарттар әр түрлі. Терең емес шақтыларда бұл қазба ауасы (микроклимат) жер үстіндегі ауа жағдайына байланысты, ал өте терең шахталарда (500-1500 м) кеніштік шағын ауа қалыптасады (формируется), ол жылу-ылғалдылық алмасу үдірістеріне байланысты болады. Кеніштің шағын климатының өзгеруі тау жыныстарының физика-химиялық қасиеттеріне көп кері әсер етеді (оқпан пайда болады, шыңырау мұзданады, қатады, желдеткіш қондырғыларының түтігі (каналы) немесе құбыры мұз болып қалады, опырылу және қазба қабырғаларының ісінуіне (пучение) әкеліп соғады, тұз шахталарындағы қорғау кентіректердің бұзылуына апарады. Шағын климат жер асты физиологиясына әсер етеді. Адам денесінің тұрақты қызуы 36,9°С. Адам денесінде тұрақты түрде жылу энергиясы қалыптасып тұрады. Жәй отырғанда (дені сау адам) 90 Дж/с жылу энергиясы болса, ал ауыр жұмыс істегенде ол 500 Дж/с дейін барады. Адам денесі тоңса, оны суық тию ауруына шалдықтырады, ал дене шамадан тыс қызса, жылу мөлшері көбейіп жылулық стреске әкеліп соғады. Жылу алмасу түрі:
- конвенция - ауа ағымы адам денесін қоршап айналады;
- радиация немесе жылу шығару ─ инфрақызыл радиациялы толқын адам денесінен қоршаған ортаға бөлініп шығады, ол адам терісінің қызуы мен қоршаған ортаның қызуына байланысты;
- булану (тер шығару) - адам тұлғасы мен қоршаған ортаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты сыртқы қызу мөлшері өскен сайын тер шығу үдірісі көбейе түседі.
Жайлы шағын климат деп адам тұлғасында жылу алмасу бірқалыпты ықтимал (тиімді) түрде болып жатқан үдірісін айтады. Шахта ғимараттары мен тау-кен қазбаларының мұзданып қатып қалмауы үшін БҚЕ бойынша қыс мезгілінде шахтаға түсірілетін ауа 2°С тең не көп мөлшерде жылытылуы керек.
