- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Тау кен кәсіпорындары аэрологиясының негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
- •2. Кеніш ауасы. Кеніш ауасының құрамдас бөліктері.
- •3. Кеніш ауасының зиянды, улы және радиоактивті қоспалары.
- •4. Кен қазбаларымен қозғалысы кезіндегі ауа құрамының өзгеруі, ауаны ластаушы көздер.
- •5. Кеніштің газмолдылығы және газдылық немесе газтасмалдылық .
- •6. Абсолютті және салыстырмалы газмолдылық.
- •7. Газмолдылықты болжау.
- •8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.
- •9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.
- •11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
- •12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
- •13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
- •14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
- •16. Кеніштің жылулық режімі.
- •17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
- •18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
- •19. Кеніш ауасын салқындату.
- •20. Аэростатика негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •21. Аэродинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •22. Кеніштегі (шақтыдағы) атмосфералық қысым.
- •23. Қозғалыстағы ауа қысымының түрлері. Депрессия.
- •24. Энергияның сақталу заңы.
- •25. Ауа ағымының үздіксіз теңдеуі.
- •26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.
- •27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.
- •28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.
- •29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
- •30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
- •31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
- •33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.
- •34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.
- •35. Тұйық қазбаларды желдету.
- •36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау
- •38. Кенішті желдету сызбалары және оларды таңдау.
- •39. Жалпы шақтылық ауа мөлшерін реттеу.
- •40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
- •41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
- •42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
- •43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
- •44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.
- •45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.
- •46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.
- •50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.
- •51.Карьерді табиғи желдету сұлбалары.Оларды қолдану аймағы.
- •14.1 Сурет. Карьерді қазудың әр түрлі кезеңдерінде табиғи желдетуді есептеу сұлбалары.
- •52. Шақты желдетісінің тәсілдері мен сұлбалары.
- •53.Карьерді желдетудің экономикалық шамашарттарын есептеу.
- •54.Карьерді желдетудің тураағысты (прямоточный) сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.2 Сурет. Желдетудің тура ағысты (прямоточный) сұлбасы.
- •55. .Карьерді желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы)сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.3 Сурет. Желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы) сұлбасы
- •56.Карьердегі зиянды қоспаларды шығару.
- •57. Кенішті, шақтыны желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау.
- •58.Жалпы шақтылық қысымды анықтау.
- •59.Кеніштегі желдетіс жүйесін бақылау, қадағалау.
11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
Кеніш шаңы. Шаң деп өте ұсақ органикалық және минералдардан пайда болған қатты заттардың жиынтығын (немесе қосындыларын) айтады. Қасиеті жағынан шаң қоймалжың (коллоиды) жүйелерге жатады. Осы жүйенің ережелерін алға ұстай отырып, егер бір зат бөлшектеніп және екінші үздіксіз бір заттың құрылым ішінде ірілі-ұсақты бөлшектермен бөлінсе, ондай жүйе түйіршікті (дисперлі) деп аталады.
Шаң қоспаларының жану және жарылу қасиеттері мен себепкер факторлар. Ауада жерге қонбай қалықтап ұшып жүрген шаңдар жану, жарылу және апатқа ұшырататындай аса қауіпті. Газ бен қатты заттың арасындағы химиялық реакция қатты заттың бетінде (үстіңгі жағында) өтеді. Мұндай химиялык, реакцияның жылдамдығы реакцияға қатысты заттардың беттерінің түйісуіне байланысты. Түзу бойынша реакцияның тарау жылдамдығына байланысты жылдамдығы 10 м/с шамасында жану деп, жарық-жылдамдығынан аспайтын аралықта (Uж≤ 300 м/с) дефлаграция (тұтану) және жарылыс (U ≥ 300 м/с) болып бөлінеді.
Көмір шаңдарының жарылуына себепкер факторлар.
Шаңның химиялық құрамы. Көмір шаңының жарылуына бейім тұратын ең негізгі факторының бірі ол ұшқыш заттардың болуы. Осы ұшқыш заттардың негізгі құрамдары (компоненттері), көмір шаңын жарылуға итермелейтін (аппараты) смолалы заттар, сутегі, этан және иіссіз сутектікөміртегі болып саналады.
Шаңның талшықтары (дисперстность). Шаңның ірілі-ұсақты ұнтақтары (талшықтары) оның атылуына көп әсер ететін фактордың бірі. Көмір шаңының ұнтақталуы өскен сайын оның атылыстық дәрежесі де ұлғая түседі.
Ауа құрамы. Шаңның жарылысына ауаның құрамы өте көп әсер етеді. Мысалы, кеніш ауасында метан газы болса, көмір шаңының аз мөлшерінің өзінде атылыс болуы мүмкін.
Шаңның ылғалдылығы. Шаңның атылыстығын бағалауда бұл фактордың мәні өте зор. Ылғал әрқашан тежегіштік (инертті) қоспа ретінде әсер етеді. Судың жылу сыйымдылығы инертті шаңның жылу сыйымдылығынан көп әрі булану үдірісі болатындықтан, инертті шаңнан гөрі су жылуды 5 есе артық шамада сіңіріп алады.
Жанғыш сланц шаңдарының жарылысы. Бұл шаңдар да көмір шаңдары секілді газдық фазада (жағдайда) жарылады. Қызудың салдарынан сланецтер іріп (шіриді) одан күкіртті газ, сутегі, көміртегі қышқылы, иіссіз көміртегі т.б. бөлініп шығады. Жанғыш сланец шаңының төменгі жарылыстық шегі (ТАШ) тәжірибе арқылы алынған мына өрнекпен анықталады,
δыл =δқ + δқ 0,252 (W3+Wδқ) 0,04 (5.2)
мұнда δыл және δқ - ылғалданған және құрғақ шаңның әрқайсысына тиесілі төменгі атылыстық шегі, г/м3; W- шаңның ылғалдылығы, %.
12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
Күкіртті және сульфидті шаңдардың жарылыстары. Метан және күкіртті кендерді қазып алу кезінде сульфидті шаңның атылысы қауіпті жағдайға соқтырады, себебі мұнда өте көп мөлшерде күкіртті газдар пайда болады. Сульфидті шаңдар атылысы көп мөлшерде пирит (50-90%) жыныстарынан құралатын колчеданды кендерге лайықталған. Аттырыс жұмыстары кезінде газдалған заттар сульфидті шаңның тұтануына басты себепкер. Сульфидті шаңның атылысы ондағы күкірт мөлшеріне, оның ұсақ бөлшектеріне, ылғалдылығы және күрделілігіне тікелей байланысты. Тәжірбие арқылы, егер күкірт мөлшері 30 %-дан көп болса – сульфидті шаң атылады. Ал, енді шахталардағы атылыстарды талдағанда, егер сульфидті шаңның құрамында күкірт мөлшері 40 % және одан көп болса, атылыс бола береді екен. Сондықтан, осы жағдайға сәйкес болатын, сульфидті кендерді қазып алатын шахталарда, кеніштерде егер күкірт мөлшері 35 %-дан көп болса, онда олар атылыс қаупі бар категорияға жатады. Негізгі өзінің құрамында 10—100 μкм фракциясы бар сульфидті шаңдар ете қауіпті. Ал шаң түйіршігі 250 μкм үлкен шаңдар атылыс бермейді. Неғұрлым шаң ылғалды болса сульфидті шаң атыла қоймайды. Күкіртті шаң көмір мен сульфидті шаңға қарағанда, көп қауіптірек, себебі, оның тұтану қызуы және ең төменгі шектелген жиынтығы, көмір мен сульфидті шаңға қарағанда, көп төмен.
Күкіртті шаңның төменгі атылыс шегі 5-15 г/м3, ал жоғары атылыс шегі - 600-1000 г/м3. Күкірт шаңынан атылыс қаупі бар шахтылар екі топқа бөлінеді:
I топ - 12-18% , II топ - 18%-дан көп болса (ескерту: күкірт мөлшері есепке алынған).
