Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.

Метан (СН4) - түссіз, дәмсіз және иіссіз газ. Бұл газ көмір шахталарында кеніш ауасының құрамының ең негізгі бөлімі, ол тау жыныстары мен пайдалы кендерден тау-кен қазбаларынан шығып отырады.

Кеніш газының құрамы тау-кен жыныстарының қасиетіне тікелей байланысты. Көмір шахталарында ол газдар метан (100%-ға дейін), көмірқышқыл газының қоспасы (5% - ға дейін), сутегі мен метанның түрлері (1—4 %), көміртегі қышқылының (0,5—15%) құрамдарынан тұрады. Ауамен салыстырғанда метанның тығыздығы (немесе сыбағалы көлемі) 0,5939 тең. Салыстырмалы молекулярлық салмағы 16,03 г. Бір литр метанның қалыптасқан жағдайдағы салмағы 0,716 г. Суда өте нашар ериді. Бір қалыптағы қысымда судың бірлік көлемінде метанның 0,0035 көлемі ериді. Аз мөлшерде метан залалды емес. Кеніш ауасында метан мөлшерінің көбеюі адамға қауіпті әсер етеді, себебі бұл ауадағы оттегі мөлшерінің метан ығыстырып шығаруы кезінде азаюына байланысты болады. Ал ауада оттегі қалыпты болған ретте метан 50-80% мөлшерінде болса, ол адамның басын қатты ауыртады және ол есінеп ұйқтай береді. Этан мен пропан және метан қосылған жағдайда ауа сәл есірткілік сипатқа ие болады

9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.

Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метан тау-кен қазбаларына көмір тақтасының жинақталған бетінен, бөлшектенген көмірден, қазып алынған бос кеңістіктен және аз мөлшерде бос жыныс пен көмірдің жалаңаш бетінен бөлініп шығады.

Біріңғай қауіпсіздік ережесі бойынша кеніш ауасында метанның мөлшері

Ауа ағымында

Рұқсат етілмеген

метан мөлшері,%

1.

Тазалау немесе тұйық қазбалардан, кенүңгірлерден, тазалау кенжарынан шығатын

>1

2.

Шахтадан немесе қапталдан шыққан

≥0,75

3.

Кен өндірілетін телімде (участке), тазалау қазбаларға, тұйық қазбалардың кенжарына және үңгірлерге берілетін

>0,5

4.

Тазалау, тұйық және басқа қазбаларда метанның жергілікті жиналуы

≥2

5.

Аттыру жұмыстарын жүргізгенде құлаған қазбаларды қалпына келтіру

≥1

10. Тау-кен қазбаларын газсыздандыру.

Тау-кен қазбаларын газсыздандыру. Тереңдік өскен сайын көмір шахталарындағы метан мөлшері күрт көбейе түседі де, тау-кен жұмыстарын тездету желдету әдісімен оның мөлшерін шектелген рұқсат шегінде ұстап тұру мүмкіндігі болмайды (ауаның көлемін көп көлемде өсірсек, онда оның қозғалу жылдамдығы өсіп кетеді және арнаулы желдеткіштерді жасау керек). Метан мөлшері көп шахталарды желдету оңайға түскен болар еді (жеңілдірек), егер біз шахталарды алдын ала газсыздандырсақ, яғни жасанды әдіспен қазбалардан бөлініп шығатын газ мөлшерін азайтсақ осыдан "қазбаларды газсыздандыру" және "тау жыныстарын газсыздандыру" деген екі түсінік (анықтама) пайда болады. Мысалы, "тау жыныстарын газсыздандыру" дегеніміз - жыныстағы газдың мөлшерін азайтатын шаралар. Ал "қазбаларды газсыздандыру" дегенді өте кең мағынада түсіну керек. Бұл жоғары айтылған шарадан басқа, тағы да қосымша шараларды қамтиды: олар газды көмірдің өзінде сақтау (консервация), газдың тақтадан бөлініп шығу үдірісін азайту, сыздықтап шығатын газ мөлшерін сору (каптаж), қазбаларды кеңістікте тиімді өзара орналастыру т.б. Шахталарды газсыздандырудың әр түрлі тәсілдері ертеде болғанмен (XVIII гасыр), ең кең қолданылуы 1940-1945 ж.ж. басталған еді. Қазіргі уақытта газсыздандыруды барлық көмір бассейндері пәрменді пайдалануда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]