Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.

. Күрделі (айдамалы-сорма) желдету тәсілі. Бұл желдету тәсілі тау-кен қазбасының бір бөлігінде айдама желдеткіш арқылы ауаның артық (избыточное) қысымы жасалады да, ал екінші бір бөлігінде сорма желдеткішпен тау-кен қазбаларында қысым сұйытылады (разрежение) (10.3 в суретті қараңыз). Шахтаның қысым айырмасы (депрессия h) айдама және сорма желдеткіштері арқылы пайда болған қысымдар айырмасы бойынша анықталады.

H = P1 - P2 (10.3)

Күрделі желдету тәсілінде шахтадағы ауаның қысымы жер бетіндегі атмосфералық қысымға тең аймақ пайда болады. Әрине, осы аймақпен жер бетіндегі қысым екеуінің өзгеруі болмайды (демек қысым айырмасы нөлге тең). Соның әсерінен ауа жүретін арна болғанымен осы аймақтағы ауа қозғалысқа түспейді. Сондықтан, күрделі желдету тәсілі бос кеңістіктермен жарықшақтар арқылы пайда болатын қосымша ауа сорылуы мен ауа жоғалымын азайтьш немесе оларды жою үшін қолданылады.

Артықшылығы:

- тәсіл жалпы кеніштік қысымды тізбектеп қосылған екі желдеткішке бөліп тастайды;

- тау-кен қазбалары жер бетімен аэродинамикалық байланыста болмайды;

- тау-кен қазбаларының созылымы үлкен болса және өздігінен жанатын қатты кен мен көмірді алуда қолдануға болады.

Кемшілігі:

- бірнеше желдеткіштің болуы және тау-кен жұмыстарының шашырап әр жерде жүргізілуі желдетуде біршама қиындықтар тудырады.

49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.

Бұл желдету тәсілі Бас желдеткіш қондырғысының (БЖҚ) жұмысы арқылы тұйық қазбалар кенжарын бойлық далданы (сурет 9.1 а) желдеткіш түтіктерін (сурет 9.1 б, в) пайдалану арқылы беріледі.

Мұнда, әрине далданың желді өзі арқылы өткізбейтін қабілеті жоғары болу керек, сондықтан оны тығыздап, лаймен жақсылап сылап, тегістеп бекіту керек. Ол арқылы болатын ауа жоғалымын болдырмау керек. Ал, түтік арқылы желдетуде жұмсақ немесе қатты заттан жасалған желдеткіш түтіктері пайдаланылады. Кейде қатар жүргізілген қазбаларды (парал­лель) бір-бірімен қиып қосу қазбасы (сбойка) арқылы жүргізуге болады. Мүмкіндігі болғанда өте терең емес (100—150 м) қазбаларды жоғарыдан төтел бұрғылап қосып желдетуге де болады. Осы әдістердің бір артықшылығы — тұйық қазбаларға ауа беру үздіксіз тәулік бойына жүргізіліп тұрады.

9.1 сурет. Бойлық далдаларды пайдалану арқылы жалпы кеніштік қысыммен тұйық кен қазбаларын желдету сызбалары: а – бойлық далдамен желдету; б – кенжарға ауа беретін желдету құбыры арқылы желдету; в – кенжардағы ауаны сорып алатын құбыр арқылы желдету.

50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.

Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету (ЖЖ). Қазбаны өту тәсіліне байланысты желдету әдісі үрлеп желдету (сурет 9.2 а) сора желдету (сурет 9.2 б) және күрделі (сурет 9.2 в) желдету болып үш түрге бөлінеді.

Әрқайсысын жеке-жеке қарастыралық:

I үрлеп (айдама) желдету тәсілі. Өте көп пайдаланылады. Газды шахталарда бұл әдіс міндетті және нақты түрде қолданылуы шарт. Мұның артықшылығы сонда, кенжар кеңістігі (алаңы) желдеткіш құбырынан (түтігінен) өте үлкен жылдамдықпен шығатын таза ауа ағымымен пәрменді түрде желдетіліп тұрады.

II сора желдету тәсілі (сурет 9.2 б). Жарылыс жүмыстарын жүргізгенде пайда болған улы газдар тұйық қазбаның өн бойымен қозғалып (жүріп) отырады. Соның салдарынан, жұмысшылар тұйық кенжарға, ондағы улы газдардың ауадағы құрамының мөлшері көміртегінің шала тотығына шаққанда 0,008 %-дың көлемінде болғанда ғана кіре алады.

III күрделі желдету тәсілі. Бұл тәсіл көбінесе газы аз шахталарда тұйық қазбаларды өте шапшаң жылдамдықпен өтуде пайдаланылады. Айдама және сорма желдету тәсілдерінің артықшылықтары есептеліп қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]