Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.

Орталықтандырылған желдетіс сұлбасында таза ауа беретін және ластанған ауаны сыртқа шығаратын оқпандар шахта алаңының ортасында орналастырылады. Таза ауа бір оқпаннан түсіріледі де, шахта қанаттарына бөлініп, тазалау кенжарларын желдетіп, одан әрі қарай желдеткіш қуақазымен екінші оқпанға қарай жүріп сыртқа (жер бетіне) шығарылады (сурет 10.4 а). Оқпандардың арақашықтығы 30-100 м шамасында. Бұл желдету сызбасы кенді 200 метрден жоғары тереңдікте алуда қолданылады. Осы тәсілдің тағы мынадай сызбасы бар (сурет 10.4 б). Мұнда оқпандар бір-біріне едәуір арақашықтықта орналасады (орталықтан жылжытылған сұлба), ал, осындай желдетпе сызбасы шахта алаңының жоғары жағын алуда қолданылады. Орталыққа топталған және орталықтан жылжытылған осы екі сұлбада ауа параллель тау-кен қазбалары арқылы жүреді, бірақ кері бағытта (таза ауа - кенжарға қарай, ал ластанған ауа - кенжардан), сол себепті мұндай желдетпе сұлбасын "қайырма ағысты" (возвраточный) деп атайды.

Артықшылықтары:

- күрделі шығындардың аз мөлшерде болуы;

- шахтаны жуық арада іске (тұтынуға) қосу;

- кентіректердегі кен жоғалымы көп мөлшерде емес;

- бір ғана желдеткіш қондырғысын пайдалануға болады;

- барлық жер үстіндегі шахта ғимараттарының бір жерге топталуы;

  • ауа бағытын бағдарлаудың жеңілділігі;

- жер үстіндегі тұрақты қызмет атқаратын ғимараттар астында таяныш кентіректердің аз мөлшерде жобалануы;

- кендерді өндіру тау-кен қазбасын өтіп жатқанда, бірден алына береді;

- кен сүлбесін қосымша барлау жұмыстарын жүргізуге жағдайдың тууы.

Кемшілігі:

- жалпы кеніштік қысымның өте көп мөлшерде болуы (қызмет мерзімі өскен сайын ауа жүретін жол көбейе береді);

- оқпан албары маңында ауа жоғалымының көп болуы;

- тазалау кенжары мен оқпан арасы ұлғая түскен сайын желдеткішті басқару қиындай түседі;

- шахта алаңының ұзына бойына желдеткіш қабатының қажеттілігі.

47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.

Қапталдық желдету сұлбасы. Шахта алаңын ортадан және шеткі шекарасынан алуда қолданылады (сурет 10.5 а,б,в). Шахта алаңының ортасында таза ауа беретін, шартты түрде, бір немесе екі оқпан орналастырылады, ал шахтаның шекарасында - ауа шығаратын қапталдық (фланговый) оқпан салынады. Таза ауа орталықтағы оқпаннан жер астына түсіріліп тазалау кенжарына негізгі қазбалар арқылы жүреді. Ластанған ауа желдеткіш қабатындағы қазбаларға жетеді де, қапталдағы оқпан (желдетістік оқпан) арқылы сыртқа шығарылады. Түскен ауа шахта қанатының ұзына бойымен бір-ақ бағытта жүріп отырады, демек қапталдық тәсіл желдетісін "тура ағысты" (прямоточный) сұлба дейді.

Артықшылығы:

- ауа қозғалыс жолында жоғалымның аз болуы;

- ауа түсіретін оқпаннан кенжарға дейінгі аралықта жер үсті жоғалым жоқ;

- ауа жүретін жолды қыскарту арқылы жалпы кеніштік қысымды азайтуға болады;

- желдеткіш қуақазын қашан қажеті болмағанша құлатпай ұстап тұру қажетінің жоқтығы.

Кемшілігі:

- күрделі шығындардың көп мөлшерде болуы (ортадан шахта алаңының шекарасына дейін тұрақты қазбаларды өту);

- оқпан албары маңайында қорғау кентіректерінде кен жоғалымының есуі;

- желдеткіш қондырғыларының санының көптігі;

- апатты жағдайда ағысты кері бұру (реверсирование) қиындыққа соғады.

10.5 а, б, в –сурет. Шахтаны қапталдық желдету сұлбалары: а – шекаралық (екі қанаттан); б – бірнеше топ желдеткіштер арқылы; в – жекелеген бөлімшелер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]