Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.

Кеніштегі ауа жоғалымы. Ауаның жоғалымы (утечка воздуха) деп нақты жұмыс орынына жетпей ауаның (ескерілмеген жағдайлар болуы мүмкін) бір бөлігінің жоғалуын айтады. Бұл құбылыс бос кеңістерде, кентіректер арасында, желдеткіш каналдарында, далдалар маңында болады. Жоғалым түрлері:

- жалпы кеніштік ауа жоғалымы (Pж.к.ж) желдеткіштің қуаты мен шахтаға қажет ауаның айырмасын құрайды, ол төмендегі өрнекпен анықталады,

Pж.к.ж = IOO(Qж – Qб )/Qж, , % (10.5)

мұнда Qж - желдеткіш қуаты, м3/мин;

Qб - шахта торындағы барлық бекеттерді желдетуге қажетті ауа көлемі, м3/мин.

Жерасты ауа жоғалымы (Рж.а., %) - бұл таза ауамен ластанған ауа арасындағы тау-кен қазбаларында туындайтын айырмашылықтан туады, ол мына өрнекпен анықталады,

P = 100(Qж.- Qб.) /Qж., % (10.6)

мұнда Qш. - шахтаға түскен ауа көлемі, м3/мин.

Жер үсті ауа жоғалымы ж.ү., %) кеніш тау-кен қазбаларының жердің бетімен опырылған, құлаған аймақтармен байланысынан болады, оны келесі түрде анықтайды

Pж.у. = 100(Qж.- Qш.) /Qж., % (10.7)

Ауа жоғалымы желдеткіш торының аэродинамикалық кедергісін азайтуға әсер етеді, әрине бұл жағдайда кенішке түсетін ауа көлемі а

45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.

Кенішті желдету мәселесі, оны жобалау кезінде дұрыс шешілуі өте маңызды, егер ол, дұрыс сапалы болмаған жағдайда:

- еңбек қауіпсіздігін нашарлатуға соғады;

- кенжардың еңбек өнімділігін тежейді;

- еңбек шығынының өсуіне әкеп соғады;

- шахтыны қайтадан жаңалауға (реконструкция) мүмкіндік береді. Жалпы желдетуді жобалау пайдалы қазба кендерін қазып алу технологиясымен ұштастырып жасалады, сондықтан бұрынғы жобалап есептелген желдету - технология шамашарттарын анықтауға көп себебін тигізеді. Тереңде орналасқан және газы көп шахталарда желдетіс мәселелері кейбір технологиялық сұрақтарды таңдап алуда шешуші орын алуы да мүмкін.

Желдетісті жобалауда көптеген есептер жүргізіледі атап айтсақ:

- кеніш пен бөлімшенің желдету сызбасын таңдау;

- қазбаларға зиянды газдардың бөлініп шығуын бағдарлау;

- шахтаны желдету қажет үшін ауа шығынын (расход) анықтау;

- қазбалар ауданының шектелген ауа қозғалысының жылдамдығына сәйкестігін анықтау;

- шахтаға қыста түсетін суық ауаны жылыту үшін жылу қондырғысын (калорифер) таңдау;

- шахтаның қысым айырмасын (h) есептеу;

- шахты қазбаларына бөлінген ауаны бағдарлау;

- шахтыны желдету тәсілін анықтау;

- бас желдетудің желдеткіш (БЖЖ) таңдау;

- қазбалардағы ауа қозғалысының тұрақтылығын тексеру;

- өте газды шахтыларды газсыздандыру жобасын жасау;

- тереңдігі үлкен шахтыларда - ауаны жылытып-суыту (кондиционирование) жобасын жасау;

- шахтаны желдету көрсеткіштерінің экономикалық шама­шарттарын есептеу.

Кенішті желдету сұлбасын таңдау. Желдетудің сұлбасын жобалау үдірісі кезінде мына талаптарды орындаған дұрыс:

- қабылдау бекеттеріне қажет ауа көлемін жеткізу;

- желдетіс торының аэродинамикалық кедергісінің мәнінің төмен болуын;

- ауа жоғалымының аз болуын;

- желдетіс ғимараттарының санының аз болуын;

- ауаның табиғи бөлінуін;

- қазбаларда жалпы кеніштік қысымды қолданып тура желдетуді;

- кенжарға түсетін және одан шығатын ауаның жолдарының тежелуін;

- тазалау кенжарларын жекеленіп желдетілуін;

- ауа ағымдарының жеңіл түрде бағытын өзгертуін;

- экономикалық тұрғыдан тиімді болуын;

- өртте, газ атылысында, құлау апаттарында жұмысшыларды тез және оңтайлы құтқарылуын;

- нақты жұмыс орнын, бекеттерді таза ауамен желдетуді тұрақты және сапалы түрде жүргізілуін.

Газдылық жағынан қауіпсіз әрі өте терең емес көмір шахталарында (Н≤350 м) көмір алу бөлімшелерін желдету үшін қайырма ағыс (возвратно-точный) әдісі қолданылады мұнда желдетпе қуақазы көмір тақтасына орналастырылады, ал газдылығы тұрғысынан өте қауіпті шахталарда - әрбір зиянды газдар бөлініп шығатын орындарда (газдар қоспасын сейілту үшін) жекеленген желдетіс жүйесі қолднылады.

Жел энергиясын пайдаланып карьерлерді табиғи желдету. Табиғи желдетуді анықтайтын негізгі элементтердің бірі, ол жел энергиясы. Жел энергиясының уақыт кеңістігіндегі тұрақсыздығы салдарынан карьер атмосферасында газ және шаңның белгілі бір мөлшердегі концентрациялары жинақталып бұзылуы мүмкін. Жел энергиясының көмегімен желдетудің қарқындылығы карьердегі кен қазу барысында үздіксіз өсіп отыратын (әсіресе, тереңдігі бойынша) – карьердің көлеміне байланысты.

Карьерде кенді қазу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады. Әрбір қазу кезеңінде, карьерде тек қана ауа ағындары қозғалысының сұлбалары ғана өзгеріп қоймай, желдету қарқыны да өзгеріп отырады. Карьер тереңдігінің Н оның пішініне (размеріне) қатынасының шамасы арқылы Lп жоспары бойынша карьерлерді үш түрге бөлуге болады:

1. ұсақ;

2. орташа;

3. терең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]