- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Тау кен кәсіпорындары аэрологиясының негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
- •2. Кеніш ауасы. Кеніш ауасының құрамдас бөліктері.
- •3. Кеніш ауасының зиянды, улы және радиоактивті қоспалары.
- •4. Кен қазбаларымен қозғалысы кезіндегі ауа құрамының өзгеруі, ауаны ластаушы көздер.
- •5. Кеніштің газмолдылығы және газдылық немесе газтасмалдылық .
- •6. Абсолютті және салыстырмалы газмолдылық.
- •7. Газмолдылықты болжау.
- •8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.
- •9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.
- •11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
- •12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
- •13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
- •14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
- •16. Кеніштің жылулық режімі.
- •17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
- •18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
- •19. Кеніш ауасын салқындату.
- •20. Аэростатика негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •21. Аэродинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •22. Кеніштегі (шақтыдағы) атмосфералық қысым.
- •23. Қозғалыстағы ауа қысымының түрлері. Депрессия.
- •24. Энергияның сақталу заңы.
- •25. Ауа ағымының үздіксіз теңдеуі.
- •26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.
- •27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.
- •28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.
- •29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
- •30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
- •31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
- •33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.
- •34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.
- •35. Тұйық қазбаларды желдету.
- •36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау
- •38. Кенішті желдету сызбалары және оларды таңдау.
- •39. Жалпы шақтылық ауа мөлшерін реттеу.
- •40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
- •41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
- •42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
- •43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
- •44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.
- •45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.
- •46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.
- •50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.
- •51.Карьерді табиғи желдету сұлбалары.Оларды қолдану аймағы.
- •14.1 Сурет. Карьерді қазудың әр түрлі кезеңдерінде табиғи желдетуді есептеу сұлбалары.
- •52. Шақты желдетісінің тәсілдері мен сұлбалары.
- •53.Карьерді желдетудің экономикалық шамашарттарын есептеу.
- •54.Карьерді желдетудің тураағысты (прямоточный) сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.2 Сурет. Желдетудің тура ағысты (прямоточный) сұлбасы.
- •55. .Карьерді желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы)сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.3 Сурет. Желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы) сұлбасы
- •56.Карьердегі зиянды қоспаларды шығару.
- •57. Кенішті, шақтыны желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау.
- •58.Жалпы шақтылық қысымды анықтау.
- •59.Кеніштегі желдетіс жүйесін бақылау, қадағалау.
40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
Бас желдету мен қосалқы желдеткiштiң бiрлескен жұмысында желдеткiш орнатылған орынға ағындағы энергия ығысатындықтан да ағынның қандай да жеке бiр жерiнде жоғарғы энергия шоғырлануын кемiтуге мүмкiндiк бередi. Нәтижеде, жер бетiмен қазба арасындағы, сондай – ақ шахта iшiлiк қазбадағы депрессия кемидi, бұл сыртқы және iшкi ауанын жоғалуын кемiтедi. Желдетуде қысым айырмасын депрессия деп атайды. Бұдан үш жағдай туындайды:
статикалық қысымдар айырмасын статикалық депрессия деп атайды;
динамикалық қысымдар айырмасын динамикалық депрессия деп атайды;
толық қысымдар айырмасын толық депрессия деп атайды.
42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
Қауiпсiздiк ережесi бойынша бас желдету желдеткiштерi жер бетiнде, ұңғы, штольня, шурф, оқпанның сағаларына орнатылады. Бас желдетудi ерекше жағдайдаларда жерастына орнатуға мемлекеттік тау-кен қадағалау ұйымының келiсiмi қажет. Желдету арналары ең жауапты, күрделi құрылым. Олар ауаны өткiзуге, олардың қозғалыс бағытын реверс кезiнде бұруға арналған. Оларға мынадай талаптар қойылады: конструкциясының ықшамдығы, басқарудың қарапайымдылығы, бақылау мен реверстеу, жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп ұстаудың ыңғайлылығы, аэродинамикалық кедергiнiң аздығы және т.б. Кедергiнi кемiту мақсатында қазбалардың барлық жерiн, айналымдар мен бұрылыстарды жабық, қабырғаларын тегiс етiп жасайды. Арнаның көлденең қимасының ауданы 15м/с > жылдамдығындағы ауа шығынына сай анықталады. Арна конструкциясы мен ағынды реверстеу желдеткiштiң өлшемдері мен түрі, желдету әдiсi және басқа факторлармен анықталады. Желдеткiштер, жазық және тік жазықтықта орналасқан шығаратын не болмаса ендiретiн арналармен, диффузордың жазық көлбеу не тік орналасуындағы бұрма арналармен жасақталуы мүмкiн. Арналар iшiнара немесе толық, жерастында немесе жер бетiнде орналасуы мүмкiн. Арнаның оқпанмен кездесетiн тұсы тормен қоршалады.
Желдеткiш қондырғысының кескіні (а) остiк желдету,
(б) реверсті желдету сұлбасы.
43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
Кеніштегі ауа жоғалымы. Ауаның жоғалымы (утечка воздуха) деп нақты жұмыс орынына жетпей ауаның (ескерілмеген жағдайлар болуы мүмкін) бір бөлігінің жоғалуын айтады. Бұл құбылыс бос кеңістерде, кентіректер арасында, желдеткіш каналдарында, далдалар маңында болады. Жоғалым түрлері:
- жалпы кеніштік ауа жоғалымы (Pж.к.ж) желдеткіштің қуаты мен шахтаға қажет ауаның айырмасын құрайды, ол төмендегі өрнекпен анықталады,
Pж.к.ж = IOO(Qж – Qб )/Qж, , % (10.5)
мұнда Qж - желдеткіш қуаты, м3/мин;
Qб - шахта торындағы барлық бекеттерді желдетуге қажетті ауа көлемі, м3/мин.
Жерасты ауа жоғалымы (Рж.а., %) - бұл таза ауамен ластанған ауа арасындағы тау-кен қазбаларында туындайтын айырмашылықтан туады, ол мына өрнекпен анықталады,
P = 100(Qж.- Qб.) /Qж., % (10.6)
мұнда Qш. - шахтаға түскен ауа көлемі, м3/мин.
Жер үсті ауа жоғалымы (Рж.ү., %) кеніш тау-кен қазбаларының жердің бетімен опырылған, құлаған аймақтармен байланысынан болады, оны келесі түрде анықтайды
Pж.у. = 100(Qж.- Qш.) /Qж., % (10.7)
Ауа жоғалымы желдеткіш торының аэродинамикалық кедергісін азайтуға әсер етеді, әрине бұл жағдайда кенішке түсетін ауа көлемі а
