Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.

Эквиваленттік саңлау (аудан) кенішті желдету қиындығының дəрежесін анықтайды.

34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.

Табиғи тартылыс ол кеніш қазбаларын механикалық құралдарсыз желдету, яғни ауаның тартылысын сытқы жəне ішкі ауа айырмасы арқылы пайдаланып желдету.

35. Тұйық қазбаларды желдету.

Тұйық қазбаларды желдету. Көмір және қатты кендер өндірілетін кеніштерді салу және тұтыну оларда өте көп тау-кен қазбаларын өтуге байла­нысты. Мысалы, жұмыс істеп тұрған көмір шахталарында жыл сайын 7000 км қазба жүргізіледі, ал кейбір жеке қазбалардың ұзындығы 3000 метрге дейін барады. Өте газды шахталарда бір ғана тау-кен қазбасын желдету үшін шамамен 2000 м3/мин ауа беріледі. Кейде, шахталардағы тұйық қазбаларды желдетуге кететін ауа шығыны асып түсіп жатады.

Тұйық қазбалардың желдетілуі екі түрлі сипатта болады:

- шектелмеген қазбаларды тікелей (сквозные) желдету - мұндай қазбалар екінші бір қазбамен екі нүктеде түйіседі де, (байланыста болады), оларды желдету жалпы кеніштік қысым арқылы жүргізіледі (Бас желдеткіш қондырғысының қысымы арқылы және кейде табиғи түрде желдетілуі мүмкін);

- тұйық қазбаларды желдету, бұлардың басқа бір қазбамен байланыста болуы бір-ақ нүктеде болады. Бұл тұйық қазбаларды желдетудің ерекшелігі олардағы пайда болған зиянды заттарды аластату арнаулы жабдықтарды немесе құралдарды пайдаланудың көмегі арқылы ғана жүзеге асады. Ондай қосымша көмекшілерді қазбаның өн бойына немесе оған жапсарлас басқа қазбаға орналастыру арқылы жүзеге асады. БҚЕ бойынша газы жоқ шахталарда ұзындығы 10 метрден аспайтын тұйық қазбаларды желдеткіш құралдарын пайдаланбай-ақ өтуге болады. Тау-кен қазбаларын пәрменді өту, еңбек өнімділігі үлкен қуатты машиналар мен жабдықтарды пайдалану, тау-кен жұмыстарының өсе түсуі, газ тасымалдылық пен газдың көп мөлшерде бөлініп шығуы —тұйық қазбалардың желдетілуін күрделендіре түседі

36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау

37. Кенішті желдету тәсілдері, олардың артықшылығы мен кемшіліктері және оларды таңдау. Кенішті желдету тәсілдері мен сызбалары. Тау-кен қазбаларымен ауаның қозғалуын және оның қажетті қарқынмен жүруін қамтамасыз ету үшін, ауаның қозғалатын жолында белгілі бір мөлшерде қысымның өзгеруі (айырмасы) болуы шарт. Қысым айырмасын жасаудың тәсіліне байланысты оларды үрлеу (айдама), сора және күрделі (аралас) желдету тәсілдері деп айырады (сурет 10.3 а,б,в)

10.3 сурет. Кеніштерді желдету тәсілдері: а – үрлеп желдету (айдама) тәсілі; б – сорма тәсіл; в – айдамалы-сора желдету (күрделі) тәсілі.

Үрлеп (айдама) желдету тәсілі. Оның маңызы мынада, кеніштегі қысым айырмасы ауа түсіретін оқпандағы ауаның қысымы желдеткіш көмегімен жоғарылатылады. Желдеткіштің механикалық энергиясының есебінен сырттағы бірқалыпты атмосфералық ауа қысымы Ра желдеткіштен шыққан кезінде Р1 мәніне дейін өседі, ал ауаны сыртқа шығаратын оқпан аузындағы қысым атмосфералық қысымға тең болып қала береді. Сондықтан, шахтаның тау-кен қазбаларында қысымдық өзгеріс қалыптасады, ол нақты шахтаның қысымдық айырмасын һ көрсетеді, демек оны мына өрнекпен анықтаймыз,

h = ρ1 - ρа (10.1)

Үрлеп (айдама) желдету тәсілінің артықшылығы:

- шахта алаңының ортасында орналастырылған бір ғана желдеткіш қондырғысын қолдану;

- тау-кен жұмыстарын жалпы желдету қабатынсыз-ақ жүргізу;

- Бас желдеткіш жұмысының өте жоғары сатыда тұрақтылығы (немесе бірқалыпты жұмысы);

- желдетіс торында ауа шығынының бөлінуін басқарудың оңтайлылығы;

- апатты жағдайларда (өрт, кенеттен газдың лақтырысы т.б.) желдету режімін басқарудың қолайлылығы;

- желдеткіштің жұмыс істеу барысын бақылау;

- желдеткіштің ұзақ уақыт өмір суру мерзімі;

- құлатылған жыныстар аймағынан қосымша ауа сорудың болмауы;

- желдеткіштің қозғалқышына (двигатель) электртогінің үздіксіз беріліп тұруын қадағалау.

Кемшілігі:

- жер бетінде ауа түсіретін оқпан мен шахта үстіндігі ғимараттардың өте нығыз жел жоғалтпайтын жағдайда салу;

- өте қуатты Бас желдеткіш қондырғысын қою;

- желдеткіш тоқтап қалғанда, қазбалардың газдану мүмкін-шілігі мен жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]