- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1. Тау кен кәсіпорындары аэрологиясының негіздері пәнінің мақсаты мен міндеттері. .
- •2. Кеніш ауасы. Кеніш ауасының құрамдас бөліктері.
- •3. Кеніш ауасының зиянды, улы және радиоактивті қоспалары.
- •4. Кен қазбаларымен қозғалысы кезіндегі ауа құрамының өзгеруі, ауаны ластаушы көздер.
- •5. Кеніштің газмолдылығы және газдылық немесе газтасмалдылық .
- •6. Абсолютті және салыстырмалы газмолдылық.
- •7. Газмолдылықты болжау.
- •8. Метан. Метанның физика-химиялық қасиеттері.
- •9. Шақтыларда метанның бөліну түрлері. Метанның шрк.
- •11. Кеніш шаңы. Көмір шаңдарының жану және жарылу (атылғыштық) қасиеттері мен себепкер факторлар.
- •12. Күкіртті және сульфидті шаңдардың атылыстары.
- •13. Шахтадағы көмір шаңдарының атылысына қарсы күресудің негізгі шаралары.
- •14. Қазбалардың сланцталуын және көмір шаңдарының күлділігін қадағалау.
- •16. Кеніштің жылулық режімі.
- •17. Кеніш ауасының қызу - ылғалдылық шамашарттары.
- •18. Кеніштің жылулық режімдерін реттеу.
- •19. Кеніш ауасын салқындату.
- •20. Аэростатика негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •21. Аэродинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері.
- •22. Кеніштегі (шақтыдағы) атмосфералық қысым.
- •23. Қозғалыстағы ауа қысымының түрлері. Депрессия.
- •24. Энергияның сақталу заңы.
- •25. Ауа ағымының үздіксіз теңдеуі.
- •26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.
- •27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.
- •28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.
- •29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
- •30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
- •31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
- •33. Эквивленнтік саңлау (аудан) және кеніштің ауа өткікізу қабілеті.
- •34. Шақты мен карьерлердегі табиғи тартылыс.
- •35. Тұйық қазбаларды желдету.
- •36. Тұйық қазбаларды желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау
- •38. Кенішті желдету сызбалары және оларды таңдау.
- •39. Жалпы шақтылық ауа мөлшерін реттеу.
- •40. Қазбаларда ауаны бөліп реттеу.
- •41. Желдеткіш қондырғысының толық депрессиясын анықтау.
- •42. Желдеткіштің сипаттамасын салу.
- •43. Кеніштегі ауа жоғалымы (утечка) және олардың түрлері.
- •44. Кеніштегі ауа жоғалымын (утечка) реттеу.
- •45. Шақты, карьер желдетісін жобалау.
- •46. Орталықтандырылған желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •47. Қапталдық желдету сұлбасы, оның артықшылығы мен кемшіліктері.
- •48. Күрделі аралас желдету сұлбалары, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •49. Тұйық қазбаларды жалпы кеніштің қысымы арқылы желдету.
- •50.Тұйық қазбаларды жергілікті желдеткіштермен желдету.
- •51.Карьерді табиғи желдету сұлбалары.Оларды қолдану аймағы.
- •14.1 Сурет. Карьерді қазудың әр түрлі кезеңдерінде табиғи желдетуді есептеу сұлбалары.
- •52. Шақты желдетісінің тәсілдері мен сұлбалары.
- •53.Карьерді желдетудің экономикалық шамашарттарын есептеу.
- •54.Карьерді желдетудің тураағысты (прямоточный) сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.2 Сурет. Желдетудің тура ағысты (прямоточный) сұлбасы.
- •55. .Карьерді желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы)сұлбасында желдетуге қатысатын ауа шығынын анықтау.
- •14.3 Сурет. Желдетудің қайта айналмалы (рециркуляциялы) сұлбасы
- •56.Карьердегі зиянды қоспаларды шығару.
- •57. Кенішті, шақтыны желдетуге қажетті ауа мөлшерін анықтау.
- •58.Жалпы шақтылық қысымды анықтау.
- •59.Кеніштегі желдетіс жүйесін бақылау, қадағалау.
29. Аэродинамикалық кедергі заңдары.
Қазбаның аэродинамикалық кедергі коэффициенті — қазба қабырғалары бетінің кедір-бұдырлығына және оның дәрежесіне қатысты шама. Бұл шама қазбадағы конвейер қондырғысының санына, бекітпелерге, олардың сипаттамасына, қазбалардың түрлеріне қатысты есептеулер арқылы және анықтама кестесі бойынша табылады. Оның есептеу формуласы қазбалар үшін тәжірибелік зерттеу негізінде бекітпелердің түрін, қазбалардың көлденең қимасының ауданын, ал шахты оқпаны үшін оның жабдықтау түрлерін ескереді.
Массаның сақталу заңы. Ауа қозғалысына байланысты бұл заңды былай тұжырымдауға болады: біркелкі бөлшектерден (заттардан) тұратын кез келген ауаның көлемінің салмағы, оның қозғалыс үдірісінде тұрақты қалыпта қалады, демек салмақтың уақытқа байланысты өзгеруі нөлге тең. Егер ауа ағымынан тығыздығы тұрақты болатын (ρ= const) кішкене көлемді бөліп алсақ, онда массаның сақталу заңын мына түрде жазуға болады,
dM / dt = 0 (8.1)
мұнда M - бөлініп алынған көлемдегі ауа салмағы; t - уақыт.
Энергияның сақталу заңы. Ауа қозғалысына байланысты бұл заңды былай тұжырымдауға болады: белгілі бір уақыт аралығындағы қозғалыстағы ауаның бей-жәй көлемінің энергиясының өзгеруі оған берілген жылу энергияларының сандарының қосындысына және ауаға түскен сыртқы жұмыс күштеріне тең, яғни
ΔEB + ΔEn + ΔEK = ΔQ + ΔA , (8.11)
мұнда ΔEB - қозғалыстағы ауаның ішкі энергиясының өзгеруі, (демек Ек және Еn молекула қозғалыс әсері); ΔEn - қозғалыстағы ауаның потенциалдық энергиясының өзгеруі; ΔEK-қозғалыстағы ауаның кинетикалық энергиясының өзгеруі; ΔQ - қозғалыстағы ауаның жылу энергиясының өзгеруі; ΔA - сыртқы күштер әсері.
30. Кен қазбаларының аэродинамикалық кедергілерінің бірліктері.
31. Желдетіс торабын есептеудің аналитикалық, графо-аналитикалық әдістері.
32. Турбулентті еркін ағыстардың негізгі сипаттамалары. Тау - кен қазбаларындағы ауа ағымының түрлері. Тау-кен қазбаларындағы ауа ағымының екі түрі болады:
а) шектелген ағым, оның нақты шекарасы болады;
б) еркін ағымның тұрақты шектелген шекарасы болмайды.
Шектелген ағым тау-кен қазбасының ұзындығы бойынша (ауданының тұрақты, өзгермеген түрде болуы шарт) қозғалып отырады. Ал еркін ағым ауа тар құбырдан кенет өте кең арнаға шықса, ол сол кеңістікте құйынды (турбулентті) режіммен араласып кетеді. Аудан қимасының пошымына сәйкес еркін ағым дөңгелек және жалпақ түрде болады. Бұлардың түрлерін білу - әр түрлі кеніште кездесетін қазбаларды желдету заңдарын білу үшін қажет. Мәселен, қуақаз, кіріс және шығыс жолдар, өрлеме, үңгірлер, тұйық қазбалар т.б. желдету тәсілдер әр түрлі.
Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы. Шахталық жағдайда ауа ағымының динамикасын зерттеудің мүмкіншілігі бола бермейді. Сондықтан тәжірибе жүргізу арқылы арнаулы модель (нұсқа) жасап, аз еңбек шығынымен нұсқада дәлірек бақылау және зерттеу жүргізуге болады. Әр үдірістің әр түрлі жағдайда өтуін үлкен аралықта; (диапазон) жүргізуге болады. Бірақ, осы тәжірибені жүргізу үшін ұқсастық жағдайдан сақтау қажет. Мұндай құбылыстардың ұқсастығы, егер өлшенген бір көрсеткіштің мәнін ортақ бір көрсеткішке көбейтіп екіншісінің мәнін анықтай алсақ, олардың нақты мәні бірінен-бірі алшақ болмаса, қанағаттандырарлық деп айтуға болады. Сондықтан ұқсастық жағдайы геометриялық және механикалық ұқсастықты қамту керек. Мұндай ұқсастық түрлері төмендегідей
