Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_33_Aerologia_33_dayyn_33__33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
907.26 Кб
Скачать

26. Ауа қозғалысының режімдеріне сипаттама беріңіз.

Кеніштегі ауа қозғалысының режімі. Әрбір түтік немесе құбырмен жүретін ауаның ағысы бірқалыпты (ламинарлы) және құйын (турбулентті) тектес бола­ды. Бірқалыпты режімдегі ағыс аз мөлшердегі жылдамдықпен сипатталып және қатарласқан траекториямен қозғалып отырады, мұнда әр түрлі ағым қабатында ауа қоспаларының өзара алмасуы болмайды. Ал, енді құйын тәріздес ағыстарда кеңістіктерде және уақытқа да байланысты шамашарттардың бей-берекет өзгерісі болады және қабаттар арасында сан қилы алмасу жүріп отырады. Егер бірқалыпты ағыста ағыс көлемінің орташа жылдамдығы тұрақты болса, онда қысым мен жылдамдық ағыстың кез келген нүктесінде уақытқа байланысты өзгеріске түспейді, демек мұндай ауа қозғалысы бірқалыпты (стационар) деп аталады.

Рейнольдс саны

Тау-кен қазбаларындағы ауа қозғалысының режімін Рейнольдс саны бойынша мына өрнекпен анықтауға болады,

= UD/ν, (8.13)

мұнда U- қазбадағы ауа жылдамдығының орташа жылдамдығы, м/с; D - қазбаның гидравликалық диаметрі, м; ν - ауаның кинематикалық тұтқырлығының коэффициенті, м2/с.

Егер гидравликалық диаметрді D басқаша анықтасақ, төмендегідей,

D = 4S/P, (8.14)

мұнда S- қазбаның көлденең қимасының ауданы, м2; Р- қазбаның периметрі, м. Онда Рейнольдс саны,

= , (8.15)

Қандай да болмасын толық жетілдірілген құйынды режім болсада, қазба немесе жел түтіктерінің қабырғасына жақын аймақта өте жұқа ауа қабаты болады. Мұндай қабатты шекаралық бірқалыпты қабат деп атайды.

27. Кеніштегі ауа ағымының түрлері.

Тау - кен қазбаларындағы ауа ағымының түрлері. Тау-кен қазбаларындағы ауа ағымының екі түрі болады:

а) шектелген ағым, оның нақты шекарасы болады;

б) еркін ағымның тұрақты шектелген шекарасы болмайды.

Шектелген ағым тау-кен қазбасының ұзындығы бойынша (ауданының тұрақты, өзгермеген түрде болуы шарт) қозғалып отырады. Ал еркін ағым ауа тар құбырдан кенет өте кең арнаға шықса, ол сол кеңістікте құйынды (турбулентті) режіммен араласып кетеді. Аудан қимасының пошымына сәйкес еркін ағым дөңгелек және жалпақ түрде болады. Бұлардың түрлерін білу - әр түрлі кеніште кездесетін қазбаларды желдету заңдарын білу үшін қажет. Мәселен, қуақаз, кіріс және шығыс жолдар, өрлеме, үңгірлер, тұйық қазбалар т.б. желдету тәсілдер әр түрлі.

28. Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы.

Кеніштердегі ауа ағымдарының ұқсастығы. Шахталық жағдайда ауа ағымының динамикасын зерттеудің мүмкіншілігі бола бермейді. Сондықтан тәжірибе жүргізу арқылы арнаулы модель (нұсқа) жасап, аз еңбек шығынымен нұсқада дәлірек бақылау және зерттеу жүргізуге болады. Әр үдірістің әр түрлі жағдайда өтуін үлкен аралықта; (ди­апазон) жүргізуге болады. Бірақ, осы тәжірибені жүргізу үшін ұқсастық жағдайдан сақтау қажет. Мұндай құбылыстардың ұқсастығы, егер өлшенген бір көрсеткіштің мәнін ортақ бір көрсеткішке көбейтіп екіншісінің мәнін анықтай алсақ, олардың нақты мәні бірінен-бірі алшақ болмаса, қанағаттандырарлық деп айтуға болады. Сондықтан ұқсастық жағдайы геометриялық және механикалық ұқсастықты қамту керек. Мұндай ұқсастық түрлері төмендегідей:

- геометриялық ұқсастық - нақты табиғи өлшемнің ұзындық қатынасы 1Т оның нұсқадағы ұзындық қатынасына lнұс тұрақты болуы керек, демек,

lТ /lнұс = const ; (8.16)

Кинематикалық ұқсастық - әрбір табиғи түрдегі өзара сәйкес жылдамдық немесе үдеудің UТ нұсқадағы осы мәндерге сәйкес жылдамдық (үдеу) Uнұс тұрақты болатын қатынастарын айтады, демек

UТ / Uнұс = const; (8.17)

Динамикалық ұқсастық - табиғи түрдегі және нұсқадағы (модель) сәйкес күштердің өзара қатынас тұрақтылығымен шахта аэродинамикасындағы үш жағдайды қарастырды:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]