Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Microsoft Word Document (3) на печать.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.95 Кб
Скачать

Лекция 14-15

Энергетикалық аудит пен энергетикалық тексеру нәтижелерінің нәтижелерін өңдеу. Энергоаудиторларды аккредиттеу. Электрлік және жылулық параметрлерді термографиялық және метрологиялық тексеру мысалдары .

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу туралы куәлiк – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн және (немесе) 56 энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретiн куәландыратын ресми құжат; 2) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi – мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, оның iшiнде қатысушысы немесе акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншiлес, тәуелдi және өзге де заңды тұлғалар; 3) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм – Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы; 4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм операторы – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйым; 5) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемiнде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен квазимемлекеттiк сектордың субъектiлерi; 6) терможаңғырту – үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетiн, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөнiндегi iс-шара; 7) үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиiмдiлiгi сыныбы – үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемдiлiгiнiң пайдалану сатысындағы энергия тиiмдiлiгiн сипаттаушы деңгейi; 8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезiнде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерiнiң жылу құндылығын салыстыру үшiн қызмет ететiн, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетiн бiрлiк; 9) энергетикалық аудит (энергия аудитi) – энергия үнемдеудiң мүмкiндiгi мен әлеуетiн бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректердi жинау, өңдеу және талдау; 10) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазiргi уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлерiне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкiн табиғи және өндiрiлген энергия көздерiнiң жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлерi (атом, электр, химия, электрлi-магниттi, жылу және энергияның басқа түрлерi); 11) энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкiн болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейiне қол жеткiзу; 12) энергетикалық тиiмдiлiк (энергия тиiмдiлiгi) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердiң осы әсердi алу мақсатында өндiрiлген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететiн сипаттамалар; 13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиiмдiлiгi сыныбы – энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемдiлiгiнiң пайдалану сатысындағы энергия тиiмдiлiгiн сипаттаушы деңгейi; 14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемiн азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды iске асыру; 15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитi және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыруға заңды тұлғалардың құзыретiн ресми тану рәсiмi; 16) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджментi) – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саясатын, iс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсiмдерi мен әдiстемелерiн, энергия тұтынуды бағалауды әзiрлеу мен iске асыруды және энергия тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған басқа да iс-қимылдарды 57 қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектiсiнiң энергия тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған әкiмшiлiк iс-қимылдар кешенi; 17) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 18) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасы – энергетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделi жөндеудi жүргiзу кезiнде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландыруымен байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешiмдердiң энергия тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында жүргiзiлетiн сараптама; 19) энергия үнемдеушi жабдық – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн жабдық 20) энергия үнемдеушi материал – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн материал

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]