Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Microsoft Word Document (3) на печать.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.95 Кб
Скачать

Жылуөндіру қондырғыларындағы энергия үнемдеу. Отын мен жанудың негіздері. Органикалық отынның құрамы. Органикалық отында жағу әдістері.

Ағаш –қатты отын.Ағаштың құрамындағы көміртегі мен сутегінің құрамы,ішкі балластты құрайтын оттегі мен азотқа қарағанда аз(1-2٪). Ағаштың сапасына әсер етуші басты балласт болып ылғал саналады. Жаңа кескен ағашта 50٪ылғал бар. Ағаштың жану жылулығы оның ылғалдылығына байланысты мына аралықта (8.4-12.5 МДж/кг)өзгереді. Кепкен бұтақтар,сабан,шөп сияқты қалдықтардағы құрғақ заттар, олардың салмағының 65- 75٪ құрайды.Сондықтан олардың жану жылулығы 14-16.5 МДж/кг құрайды. Шымтезек деп су астында айрылып түзелген шөп және ағаш қалдықтарын айтады.Кептірілмеген жаңа шымтезектің ылғалдылығы 90٪дейін жетеді.Сол себепті,олардың жану жылулығы 8.4-10.5 МДж/кг құрайды. Көмірлердің құрамында ылғал аз болу себепті, олардың жану жылулығы 21-25 МДж/кг жетеді. Қарамайда ылғал өте аз болғандықтан, олардың жану жылулығы 40 МДж/кг. Газтәрізді отындарда ылғалдың болмауынан, олардың жану жылулығы 33 МДж/кг жетеді. Шартты отын Отынның жану жылулығы үлкен дипазонда өзгереді. Ағаш және шымтезек үшін Q =10 мДж/кг, ал қара май үшін – 40 кДж/ кг. Отынның күлділігі мен ылғалдылығына байланысты олардың жану жылулығы да әртүрлі болады. Отындардың әртүрлі шығындарын өзара салыстыру үшін, «шартты отын» ұғымы енгізілген. Бұл шартты отынның жылулық мөлшері 29,3 мДж/кг тең. 1кг нақты отынды «шартты отынға» ауыстыру үшін, мынадай коэффициент К қолданылады: К= н Qр /29,3; Мұндағы, н Qр - отынның төменгі жану жылулығы, мДж/кг; Нақты отын - қарамайды шартты отынға ауыстыру коэффициенті К = 1,43; шымтезектікі К=0.25÷0.5; донецк көмірінікі К = 0,93; ағаштыкі К = 0,3; подмосковье көмірінікі К = 0,33  0.43; ал костраныкі К = 0,4  0,5 тең. Қазандық агрегаттарында негізінен, сұйық отын ретінде, айдаудың ауыр қалдықтарын және мұнай крекингі (бөлу) әдісімен алынған қара майды жағады. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ (воронка) және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек. Егер оттық тек ғана сұйық отынды жағуға негізделген болса, онда оған жазық горизонтальді түптеме жасайды, бұл жағдайда шлакты(қатты отын қалдығы) оттықтан шығарудың қажеті жоқ. Сұйық отынды факелді процесте жағу үшін, оны алдын-ала бүркіп алу керек. Оның себебі, бүркілмеген отын жанбайды. Оттықта сұйық отынды бүріккіштің көмегімен шашыратады, содан сұйық отын жақсы буланып, тез жануға мүмкіндік алады.Қазіргі кезде жылу энергетикасында бүріккіштердің әр түрлі конструкциялары кеңінен тараған. Олар: механикалық, булық, ауалық болып үш түрге бөлінеді; Механикалық бүріккіштердің жұмыс істеу принципті, цилиндірлі камерада сұйық отынды ортадан тепкіш әдісімен бүркуге негізделген. Камерада қатты құйындалған отын бүріккіштің орталық тесігінен шығады. Тесіктен ағып шыққан сұйық қабықшалы қабат құрайды. Сұйықтың әрі қарай қозғалысы кезінде қабат жұқарып, кейіннен жеке сұйық бөлшектеріне айналады. Ол үшін сұйық сорап бөлшектерінің көмегімен 10-20 *106МПа қысымға шейін сығылады да, содан кейін бүріккішке 25 беріледі. Өнеркәсіп орындарында өнімділігі 250-1250 км/сағ жететін қысымы 12*106 МПа-ға тең механикалық бүріккіштер шығарады. Бұл бүріккіш тұрқыдан (корпустан), оған кіргізілген дөңгелектен, соңында бүріккіш дөңгелектен тұрады.

5-лекция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]