Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

1.3. Қажетті құралдар.

Альбом, су-бояу, қылқалам, қара қалам, өшіргіш, журналдар мен суреттер, эскиздер.

1.4 Орындалған жұмысқа есеп беру.

Тапсырма бойынша суреттерді салып,бейнеленген киім модельдері мен сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру.

1.5. Бақылау сұрақтары.

  1. Киім стилі қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Композицияның заңдылығы нешеге бөлінеді?

  3. Мата қандай қасиетке ие?

  4. Мата бетіні ң Фактурасына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Мата суретіне байланысты қандай түрлері бар?

  6. Киім стилінің қандай түрлерін білесіз?

Практикалық жұмыс №6

Тепе-теңдік, нюанс, қарама-қайшылық, масштаб, масштабтылы негіздерінде жасалатын жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауының композициялық шешімдерінің әдістері мен принциптері.

Мақсаты: Осы негізде жасалатын киім үлгілерінің композициялық құралдарын зерделеу

    1. Жұмысқа тапсырма.

1.1.1.Теориялық бөлімін оқып шығу.

1.1.2. Мода журналы мен танысып, киім формасымен оның жеке бөліктерін композиция құралдарының қасиеттерін жіктеу

1.1.3 Жеке бөліктерімен бөлшектерінің көлемін өзгерту арқылы киім формасын жасау (3- эскиз салу).

1.1.4. Киім бөліктерінде сызықтар мен сәндеулерді қолдана отырып киім формасын өзгертіп қабылдау бойынша 3 киім моделін бейнелеу.

1.2.Теориялық бөлім.

Қазіргі заманғы дизайнерлер қазіргі заман киім үлгілерін әзірлеуде біржағынан өндірістің қоятын талабын және екінші жағынан тұтынушының қоятын талаптарын ескертіп отырады . Сондықтан бұл талаптар өндірістік және тұтынушы талаптары болып бөлінеді. Тұтынушы талаптарын үш топқа бөлуге болады: функционалды, эстетикалық және экономикалық.

Мода ағымына сай қазіргі заманғы киім үлгілеріне талдау жасау үшін әр маманның моданың ерекше тән қасиеттерін байқау қабілеті болуы қажет. Киім үлгісіне талдау жасауда біз алдымен мыналарға назар аударамыз:

1. Мода журналдары мен катологтарда киім үлгілерінің силуеттері мен моданың өзіндік ерекшеліктерін айқындауға;

2. Жаңа мода үлгісіндегі киімнің пішімін зерделеп, басты сызықтарының орналасу деңгейін, киімнің денеге қыналу дәрежесін анықтауға;

3. Киімнің формасын шығаруда конструкциялау тәсілдерін тиімді таңдауы;

4. Жеке адамның қабылдауын ескеру және киімді сезінуін ескеру;

5. Жеке адамның дене формасын және оның айналадағы қабылдауын ескеру;

Жеке адамның киімге қатынасы, киім кию мәнері;

Жеке адамның мінез-құлқын ескеру;

Мұндай киім үлгілерін жобалауда киім матасынтүрлендіре отырып, бірнеше киім ассортименттерін шығаруға болады.

Әйел киімінің сән үлгісін таңдау

Әйел киімінің сызбасын сызып, қажетті көркем сәндік әшекейлерді таңдап алынады. Мысалы, қалталар түрі, желбезектер, таспа баулар, және қалтаны сәндеуге кестелер мен жапсырмаларды таңдап алған мата үйлесімді түрлі түсті кесте жіптермен сәндеу

Киімнің барлық уақытта сәннен шықпайтын тұрмыстық, сән-салтанатқа, кешкі және күнделікті түрлері көптеп қолданылады.

Киім үлгілерін жобалау ерекшеліктері

Жобалау процесінде киімді қабылдауда психологиялық әдістерді қолдану арқылы киімнің әсерлік саласын жетілдіруімізге болады.

Импрессия деген сөз француз тілінен аударғанда - әсер алу деген мағына береді. Қазіргі терминдік сөздікте «әсер алу» деген мынадай түсінік береді: мидағы есте сақталған елес, сыртқы дүниедегі құбылыстарды сезіну.