Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

1.3. Қажетті құралдар.

Альбом, су-бояу, қылқалам, қара қалам, өшіргіш, журналдар мен суреттер, эскиздер.

1.4. Орындалған жұмысқа есеп беру.

Тапсырма бойынша суреттерді салып,бейнеленген киім модельдері мен сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру.

1.5. Бақылау сұрақтары.

  1. Шығармашылық мотивтердің шығу тегіне нелер жатады?

  2. Костюмдегі киімнің кейіптілігі қанша кейіпте анықталады?

  3. Бірінші жағдайда қандай көркемдік кеиіпті береді?

  4. Екінші жағдайда ше?

Практикалық жұмыс №12

Түрлі факторлардың өнеркәсіп бұйымдарының пішін құруына әсер етуі. Композициялық орталықты айқындай отырып дизайн объектілерінің эскизін орындау.

Мақсаты: Түрлі факторлардың өнеркәсіп бұйымдарының пішін құруының әсерімен әйел киімін жобалау ерекшеліктеріне, киім формасына, композициялық шешіміне талдау жасауға үйрету. Әйел костюмінің жаңа түрлерін өз ойларынан құрастыруға үйрету, композициялық шешімін табуға дағдыландыру.

1.1. Жұмысқа тапсырма.

1.1.1.Теориялық мәліметтер және әдістемелік нұсқаумен танысып шығу.

1.1.2. мода журналындағы ұсынылып отырған киім моделінің кемшілігін анықтаңыз, әрі эскизін жасаңыз.

1.1.3. Костюмнің шығу тегін (форма, табиғи материалдра, техника элементтері мен формалары, архитектура, қол өнер, тарихи және ұлттық киімдер) анықтаңыз.

1.1.4. Костюмнің көркемдік кейпін анықтаңыз.

1.1.5. Костюмнің жаңа түрлерін құрастыру әдістеріне шолу жасаңыз, өз ойыңыздан жаңа модельін ұсыныңыз.

1.2. Теориялық мәліметтер

Киімнің атқаратын функциясы мен эстетикалық қолданылуы мақсаты мен пайдалануының және айқындалуының арқасында киімді көркемдеп жобалайды.

Киімнің кейіптілігі 2 түрде пайда болады:

1. Костюм өз алдында жеке обьект болып, өзінің мазмұнын және обьект мақсатын ашып көрсетсе, костюм формасы мен жеке көркемдік кейіптерді анықтаса, яғни киім формасы мен мазмұны адамға әсер етсе, киімнің кейіптілігі пайдаланылады.

2. Костюм адаммен байланысты болып, архитектиконаның арқасында бір-біріне сай келіп, өзінің көркемдік кейіпін және формасы мен адамның сұлулығын айқындап көрсетеді. Бірінші жағдайда костюм үлкен маңызды роль атқарады. Арнайы жеке көркемдік кейіпті көрсетеді.Ал адам соған бейімделіп, өзінің жеке индивидуалдылығын жоғалтып немесе басқа кейіпке түседі. Мысалыға мынадай костюмдер: карнавал, эстрадалық, театрлық және әртүрлі формалы костюмдерді (әскери форма, униформа, ведомствалық форма) қолдануда.

Карнавал костюмдерінің айқындайтын образдары, костюмді киген адамды басқа кейіпке келтіреді. Бір мотивтің мәндерін айқындау үшін мысалы, гүлдің, көбелектің, жануарлардың кейіпін келтіру үшін, карнавал костюмдері қолданылады.

Эстрадалық костюмдер мен көркемдік кейіпті мәнерлеу үшін актрисаларды образдың кейіпіне келтіруге көмек береді, орындалатын шығарманы, омерді, атракционның мәнін көрерменге жеткізу үшін пайдаланады. Форма мен униформа костюмдеріде осындай қасиеттерге ие.

Екінші жағдайда костюм адаммен және оның формасымен тығыз байланысты болып көркемдік образ құрайды, сол адамның кейпіне байланысты, оның сыртқы ерекшеліктерін, атқаратын ролін және қоршаған ортаға байланысты қайта жобалап, яғни мұнда костюм адамға тәуелді болады. Костюмнің ондай түрлеріне тұрмыстық киім, үй киімі, күнделікті киім, сәнді, серуен, жұмысқа, спорттық, арнайы костюм жатады.

Костюмнің шығу тегі. Белгілі бір мотивтің жеке кейіпкерінің шешімін табу үшін костюм формасы элементтерінің косплекстік негізін құрастыру керек.

Көркемдік тұлға мен ойды құрастыру үшін мотивтер қажет (27, 28-суреттер). Суретшінің шығармашылық жұмыс істеуіне шығармашылық мотивтердің шығу тегі мыналар болуы мүмкін.

1. Табиғи кейіптерді (гүл үйлесімдері, форма, қозғалыс, адамның өзі).

2. Сәндік өнер (классикалық, прогрессивтік) үлгілері.

3. Халық шығармашылық, халық костюмінің маталары,

керамикалардың үлгілері.

4. Көріністер мен оқиғалар құбылыстары.

5.Мәдени үлгілері және шет мемлекеттердің ұлттық өнерлерінің үлгілері.

6. Өндіріс орындары шығарған жаңа материалдар.

7. Суретшінің жеке сезімі мен күйзелуі.

Осы барлық шығармашылық мотивтердің шығу тегі бізді қоршап отырған шындықтан туындайды.

  1. Табиғат кейіпкерлері өте көп мотивтер береді. Бізді қоршаған фауна мен флора олардың өте бай гаммалдық түстері және гүлдердің үйлесімділіг, қозғалысы, жыл мерзімі, жеке адамның костюмін дайындауда ең негізгі көркемдік болып табылады.

Заттардың формалары мен сәнді формалары суретшіге өзгеше әсер етеді. Сонымен қатар осы кезде шығарып жатқан жаңа материалдар: маталар, сәндеулер, фурнитуралар, халық қолөнершілерінің шығармалары және өнер (керамика, палех, хохлама, вятс қуыршақтары) жаңа формалар шығаруға әсер етеді. Костюмдерді көркемдеп жобалайды. Өнердің әрбір шығармалары маңыздылығы, мұнда суретшінің жаңалық енгізуінде.

Костюмді көркем жобалау өнерінің негізгі фонын жаңа элеметтердің формаларын құрастырады: форманың геометриялық түрі, форманың ұзындығы, массасы, фактурасы, түсі, матасы және сәндеулері.

Осы алғашқы формалардың элементтерін пайдалана отырып және олардың әртүрлі копозициялық байланыстарын: қатынастарын, пропорциялар, ритм, симметрия және әртүрлі ассоциацияларды қолданып костюмге белгілі бір көркемдік кейіп беріп, од арқылы сезімді, ойды жеткіземіз.