Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:

Альбом, су-бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы.

1.4. Жұмыстың орындалу реті.

Киімдегің көзбояушылық әсерлердің психологиялық және физиологиялық тұрғыда анықтау үшін теориялық негізді оқып шығып, көзбояушылық әсерлердің физикалық қасиеттеріне және адамға эмоциялық әсер етуі мен киім кию мақсатына байланысты гигиеналық талаптарына көңіл бөлу.

Түстердің калористік қасиеттерін оқып шығып, негізгі хроматикалық және ахроматикалық түстерді анықтау, яғни түстердің қанықтылығын ,ашықтылығын , контрастылығын және тональдылығын.

Мода журналындағы киім түстерінің қасиетін зерделеу.

Мода журналынан әйелдер мен балалар киімінің моделін таңдаңыз. Олардың түстерінің шешімдері мынадай болуы керек:

А) Суық және жылы түстерді айқындау.

Б) Өлшем мен салмағын көрсету.

В) Адамға эмоциялық әсер етуін айқындау.

Г) Қоршаған ортаны сезіну.

Д) Ұлттық салттың ерекшеліктері.

Таңдап алынған модельдің эскизін суреттеңіз.

Түстердің қасиеттерін пайдалана отырып, модельдің эскизін дайындау.

Түрлі түсті қаламды және акварель краскасын пайдалана отырып, альбомға киім модельінің эскизін шығармашылық тұрғыда дайындау. Мына тапсырмалар бойынша:

а) Хроматикалық түстегі

б) Ахроматикалық түстегі (10,11- суреттер).

в) Хроматикалық және ахроматикалық түстердің үйлесімі бойынша.

Бір түстің гаммасы бойынша:

Модельдің эскизін талдаңыз, мінездемесіне, модельдің эскизін дайындауда түстерге көңіл аударыныз.

1.5. Орындалған жұмысқа есеп беру.

Біткен жұмысты талдау. Қорытындылау.

Жұмыстың соңында зерделенген және шығармшылық жұмысқа талдау жасау. Жұмысшы дәптерге қазіргі заманғы әйелдер мен балалардың киімдерінің модасының негізгі бағыты жайында және стилі, пішімі, фасоны, жайында қорытынды жасау.

1.6. Бақылау сұрақтары.

  1. Ахроматикалық түстерге қандай түстер жатады?

  2. Жылы және суық түстер дегеніміз не?

  3. Спектрде негізгі неше түр бар?

  4. Хроматикалық түстерге қандай түстер жатады?

  5. Қазіргі сән ағымында қандай түстер орын алып отыр?

10- сурет 11-сурет.

Практикалық жұмыс №5

Ансамбльдің құру заңдылықтары негізінде тұтастық композицияның жасау принциптері

Мақсаты: Киім формасының көлемді кеңіңстіктегі қасиетімен элементтерін анықтап, оның көркемдік шешімін зерделеп, киім моделін ансамбльді құру заңдылығы негізінде құрастыруда алған білімді пайдалана білу.

1.1. Жұмысқа тапсырма.

5.1.1.Теориялық бөлімін оқып шығу.

5.1.2. Мода журналы мен танысып, киім формасымен оның жеке бөліктерін композиция заңдылығы бойынша жіктеп, силуэтін анықтау.

5.1.3 Жеке бөліктерімен бөлшектерінің көлемін өзгерту арқылы киім формасын жасау (3- эскиз салу).

5.1.4. Киім бөліктерінде сызықтар мен сәндеулерді қолдана отырып киім формасын өзгертіп қабылдау бойынша 3 киім моделін бейнелеу.