- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2.Теориялық бөлім.
- •1.3.Қажеттті құрал-жабдықтар:
- •Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық бөлім.
- •1.3 Жұмысқа қажетті құралдар.
- •1.4 Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2.Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құралдар.
- •1.4 Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1.Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4. Жұмыстың орындалу реті.
- •1.5. Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.6. Бақылау сұрақтары.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2.Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құралдар.
- •1.4 Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •Жұмысқа тапсырма.
- •1.2.Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құралдар.
- •1.4 Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4. Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1.Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4.Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма
- •1.2. Теориялық мағұлматтар
- •1.3.Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4. Бақылау сұрақтары
- •1.5.Орындалған жұмысқа есеп беру
- •1.1. Жұмысқа тапсырма
- •1.2. Теоориялық мәліметтер
- •1.3. Қажетті құрал-жабдықтар
- •1.5. Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2.Теориялық бөлім.
- •1.3. Қажетті құралдар.
- •1.4. Орындалған жұмысқа есеп беру.
- •1.5. Бақылау сұрақтары.
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық мәліметтер
- •1.3.Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4.Орындалған жұмысқа есеп беру
- •1.5. Бақылау сұрақтары
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық мәліметтер
- •1.5. Орындалатын жұмысқа есеп беру
- •1.1. Жұмысқа тапсырма.
- •1.2. Теориялық мәліметтер
- •1.3.Қажетті құрал-жабдықтар:
- •1.4.Орындалған жұмысқа есеп беру
- •1.5. Бақылау сұрақтары
1.3.Қажеттті құрал-жабдықтар:
Альбом, су бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы
Орындалған жұмысқа есеп беру.
Киім модельдерін зерделеуде, сұрақтарға жауап беріп, модельге сипаттама беріп, ол жөнінде жұмысшы дәптерге түсіріңіз.
1.5 Бақылау сұрақтары.
1. Таңдап алған киім моделінің формасында біртектес элементтердің қандай қатынасы (сызықтар, масса, форма, түс, фактура т.б.) байқалады.
2. Ұсынып отырған киім үлгісі, тұтынушының жас шамасына сай келуі үшін ұқсас, өзгешелік немесе контрасты қатынастардың қайсысын басшылыққа алған?
3. Киім үлгілерінің үйлесімділік қатынасын таңдау, киімді көркем жобалауға әрі оны технологиялық өңдеу барысына әсер ете ме?
1–сурет. Контраст 2 – сурет. Нюанс.
Практикалық жұмыс №2
Пішін элементтерінің шамаластық принциптері (масса, масштабтық пропорционалдық).
Мақсаты: Суретші модельерлер шығармаларына шолу жасап, бейнелеу техникасы мен композициялық шешімін танып білуге үйрету, гафикалық сауаттылығын арттыру.
1.1. Жұмысқа тапсырма.
2.1.1Журнал бетіндегі бейнеленген модельді немесе суреттерді пропорционалды денеге лайықтап көшіре бейнелеу. Ол үшін төмендегідей реттілікті айқында.
а) Киім моделін көшіріп перспективалық кішірейуін айқында.
б) Киім силуеті мен формасын анықтаңыз.
в) Модель симметриялынемесе ассиметриялық екендігін анықтаңыз.
г) Модельдің пропорциясын анықтаңыз.
д) Журнал суретіндегі модельдің бел, мықын, көкірек т.б. сызықтары мен сымбатын, кіші бөлшектердің пропорциясы мен орналасуын айқындаңыз.
е) Киім моделінің ерекшелігін тұспалдайтын, айқын бейнелейтін көріністі ойластырыңыз.Адам тұлғасының пропорциялық эскизін бейнелеп, оған таңдап алған киім моделін киіндіріңіз.
2.1.2. Оқытушының ұсынып отырған журнал суреттері мен
иллюстрацияларға қарап киім моделін бейнелеу тәсілдерін зерделеп,
сұрақтарға жауап беру.
1.2. Теориялық бөлім.
Пішін (форма)қалыптасуы – костюм бөліктерінің адамның дене бітіміне, қоршаған ортаға байланысты өзара әрекет жасау процесі, оның қалыптасуы, дамуы.
Пішін қалыптасу процесінде бұйымдардың функционалдық, конструктивтік, кеңістік-пластикалық, технологиялық құрылымы пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, пішін қалыптасуы – жеке заттарды құрастыру.
Костюм үлгісіндегі сәндік ауысымдар пішінінің үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді. Пішін қалыптастыру жобалау процесінде үлкен роль атқарады, себебі бұл процесс композициялық ізденіс пен пішіннің жүйелі құрылымын қажет етеді. Пішін қалыптасуы пішін құруға және пішін элементтерінің өзара үйлесімділік байланысына негізделген принциптерінің жалпы заңдылығына сүйенеді.
Киім композициясының негізін киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің арақатынасы, киімнің жалпы шамаластығы, оның силуеті құрайды. Пішіннің мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, пішіндеріне және костюмдегі табылған жалпы пропорцияға байланысты.
Композиция қасиеттері арасында суретшілер пропорцяны (шамаластық) бірінші орынға қояды. Попорция ұғымы – күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы яғни бір өлшемнен екінші өлшемге қозғалыс деп түсініледі.
Масштаб – заттың салыстырмалы шамалық көлемі (матадағы әр масштабты суреттер).
Масштабтылық – пішіннің және элементтердің адамға қоршаған кеңістікке, басқа пішіндерге өлшемдес пропорциялығы.
Костюмдегі масштабтылық – костюм пішінінің және оның элементтерінің адам дене бітіміне өлшемдес шамалығы. Костюм және оның құрушы элементтерінің масштабтылығы костюм мақсатына, маусымына, тұтынатынортасына байланысты. Неғұрлым мүшелендірілген пішін ірі болса, соғұрлым ол ірі масштабты. Заттардың және ғимараттардың масштабты мәнерлігі көзбен қабылданған ерекшеліктерге байланысты болады. Ақ және ашық түсті заттар солармен бірдей өлшемдегі қара түстіге қарағанда ірі көрінсе, тік сызықтар ұзындығы көлденең сызыққа қарағанда ұзын көрінеді. Масштабтылықтың жетістігі пропорционалдыққа байланысты болады.
Жобалау мәселесін шешу барысында композициялық ізденіс нақты тәсілдерге негізделеді. Мұндай тәсілдерге, контраст, нюанс, тепе-теңдік жатады.
