Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

Ф.7.03.-03

Калдыбаев Р.Т., Нурсейтова М.К.

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәні

бойынша практикалық сабақтарды орындау үшін

әдістемелік нұсқау

Шымкент 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ

МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасы

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәні

бойынша практикалық сабақтарды орындау үшін

әдістемелік нұсқау

Студент мамандығы 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы»

Оқу түрі: күндізгі

Шымкент 2016ж

УДК 572.087(083.13)

Құрастырған: т.ғ.к., доцент Калдыбаев Р.Т., магистр оқытушы Нурсейтова М.К..

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәнінің бағдарламасы талаптарға сәйкес құрылған.

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» мамандығының студенттеріне арналған.

Шымкент: ОҚМУ, 2016ж. 64 б.

Әдістемелік нұсқау оқу жоспары талаптарына және «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәнінің бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және әдістемелік нұсқауда практикалық жұмыстың тақырыбы бойынша жұмысты орындауға керекті толық мәліметтер қамтылған, онда ең күрделі бөлімдерді терең оқу, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысын, шығармашылық жұмыстарын және бұйымды дайындау процесін оқу мүмкіндіктері берілген.

Пікір берушілер:

Тогатаев Т.У. «ТМжЖӨБТ» т.ғ.к., доцент каф.меңгерушісі

Абдикеримов С.Ж. «ТМжЖӨБТ» т.ғ.к., аға оқытушы

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы»

кафедрасы ( хаттама № , « » . 2016ж.), Тоқыма және тамақ инженериясы

жоғары мектебінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған,

( хаттама № . ж)

Кафедра мәжілісінде талқылап,баспаға ұсынылған.

(хаттама № « » 201 ж.)

М.Әуезова атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2016ж.

Шығаруға жауапты: Калдыбаев Р.Т.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………..……...............................5

1. Практикалық сабақтың мақсаты мен тапсырмасы ...........................................6

2. Практикалық сабақтың тұжырымдамасы.................................................................7

3. Практикалық сабақтың мазмұны ........................................................................7

Практикалық сабақ №1. Бұйым бөліктерінің пішіндерінің бір-бірімен байланысу принциптері (тепе-теңдік, нюанс, қарама-қайшылық)................................................7

Практикалық сабақ №2. Пішін элементтерінің шамаластық принциптері (масса, масштабтық пропорционалдық).....................................................................................

Практикалық сабақ №3. Көлемдік- кеңістік пішіндегі негізгі бөліктің көзге түсу принциптері (сапа заңы, мөлшер заңы, мән-мағыналық заңы, орталық орналасу заңы)................................................................................................................................

Практикалық сабақ №4. Бұйымдардың пішін құру шығармашылық ізденістеріндегі көру иллюзиясының қолдануы...........................................................

Практикалық сабақ №5. Ансамбльдің құру заңдылықтары негізінде тұтастық композицияның жасау принциптері...............................................................................

Практикалық сабақ №6. Тепе-теңдік, нюанс, қарама-қайшылық, масштаб, масштабтылық негізінде жасалатын жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауының композициялық шешімдерінің әдістері мен принциптері...................

Практикалық сабақ №7. Бұйымдардың композициялық үйлесімділігіндегі симметрия және ассиметрия, статика және динамика...................................................

Практикалық сабақ №8. Шығармашылық тәсіл арқылы үлгілеудің жобалау шешімдерігнің көлемдік пішінінің ізденісі...................................................................

Практикалық сабақ №9. Көркемдік образды жасауына шығармашылық елестің әсер етуі, шығармашылық бастапқылар.......................................................................

Практикалық сабақ №10. Заттық қоршауды көркемдік образға айналдыру..............

Практикалық сабақ №11. Стильдеу және трансформалау принциптері. Сәндік трансформалаудың принциптері және өсімдік пен жануар әлемінің пішіндерінің стилдеуі..............................................................................................................................

Практикалық сабақ №12. Түрлі факторладың өнеркәсіп бұйымдарының пішін құруына әсер етуі. Композициялық орталықты айқындай отырып дизайнның объектілерінің эскизін орындау......................................................................................

Практикалық сабақ №13. Құрақ құраудың орындау техникасын оқып үйрену. Квилт техникасын орындауын үйрету..........................................................................

Практикалық сабақ №14. Жабықты қол кестесінің орындау технологиясы. Тесіп өту қол кестесінің орындау технологиясы....................................................................

Практикалық сабақ №15. Салқын және ыстық батиктің матаға жазу техникасы.........................................................................................................................

4. Әдебиеттер……………………………………………………………....................27

КІРІСПЕ

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәні ЖОО-ы үшін жеңіл өнеркәсіп мекемелерде, жеке кәсіпкерлермен кіші бизнес мекемелеріне мамандар дайындайды.

Бұл пәнде: дайындау - пішу өндірісінің жобалау негіздерін, эксперементальдык цехты жобалау негізін, қойма ғимараттарын жобалау негіздерін, өндірістік тігін кәсіпорындарынын кабылдау салонын және жеке сұраныс бойынща жұмыс істейтін кәсіпорындарын жобалау негіздерін, компьютерлік технологияны пайдалана отырып өндірістің негізгІ цехтарын жобалау үшін жана технологиялык шешімдерді таңдап үйрену, процесстің кұрылымды- акпаратты моделін жасай білу, автоматтық жобалау жүйесін жасау негіздер жөнінде жалпы мәліметтерді білу, құрал-жабдыктар аудан,жұмысшылар саны туралы кұрама кестелерді есептеуіне тәжірибелі дағдылар алу, тігін бұйымдарды дайындау және пішу технологияльтк үрдістердің параметрлерін оңтайландыру жөнінде сұрактарды күрастыра талдай және шешімін таба білу, бойынша нақты білім алады және қолдануды үйретеді.

Бұл пәнде иллюстрациялық сызбаларға,суреттерге және кестелерге сүйене отырып,тігін өндірісінің жабдықтарының құрылыстарымен түгел танысуға болады.

1 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының жобалауы және әрлендіру» пәнінің мақсаты мен тапсырмасы.

Бұл пәннің мақсаты – Студенттің тігін өндірісі үшін қажетті құрал-жабдықтар мен олардың жұмыс принцпі туралы білімін қалыптастыру. Қазіргі таңда әр курс студентінің білімін тексеріп, осы курстың «Тігін өндірісінің композициясын», «Тігін өндірісінің технологиясын», «Тігін жабдықтарының негізі» және т.б. пәндермен байланысын түсіндіру.

Пәннің тапсырмасын үйрену:

  • Тігін өндірісімен танысу

  • Тыңдалуы мен маңыздылығының дамуы

  • Тігін өндірісінің даму кезеңдерімен танысу

  • Тігін өндірісінің цехтарын жобалауды үйрену

  • Еңбекті техникалық мөлшерлеуді үйрену

2. Сабақтың жүру барысы

Практикалық сабақта студент әрдайым дайын болуы қажет. Дайындық -пәннің мақсаты, сол жайлы ақпарат жинау, лекция сабағынан конспекті, тігін жабдықтарының түрі.

Практикалық сабақта студент тігін өндірісі туралы, заман талабына сай сапалы киім дайындау үшін заманауи арнайы жабдықтары бар өндірісті жобалау туралы мәліметтер алады.

Студенттің практика уақытында істеуге қажет жұмыстары: -тігін өндірісімен танысу

- тігін өндірісінің цехтарын жобалауды үйрену

- тұрмыстық машиналарының жетектерін білу

- жобалауға қойылатын талаптарды үйрену

-көмекші цехтарды білу

-жобалау-зерттеу жұмыстарының сипаттамасы

Барлық жұмыс практикалық сабақта өтіледі, тақырыпқа байланысты жұмыс жасайды.

Практикалық сабақта үй жұмысын алып,сол арқылы жұмыс жасауы. Кез-келген студент практикалық жұмыстың басында үй жұмысын көрсетуі қажет.

3. Практикалық жұмыстың нөмірі мен аталуы.

Практикалық жұмыс №1

Бұйым бөліктерінің пішіндерінің бір-бірімен байланысу принциптері (тепе-теңдік, нюанс, қарама-қайшылық)

Мақсаты: Киім формасындағы біртектес элементтердің композициялық шешімі мен үйлесімділігін, яғни өзара ұқсастығын немесе өзгешелігін, контракстылығын анықтауға үйрету.

1.1. Жұмысқа тапсырма.

1.1.1. Теориялық мағұлматтарды оқып шығу.

1.1.2. Мода журналындағы киім үлгілеріне сипаттама жасай отырып, киімнің формасындағы біртектес элементтердің үйлесімділігін, я,ни өзара құсастығын немесе өзгешелігі мен контрастылығына шолу жасап, зерделеу.

1.1.3. Киім моделінің 3-эскизін әзірлеңіз, оларды өзара ұқсас, өзгешелік немесе контрасты қатынаста орындау.

          1. 1.2.Теориялық бөлім.

Киім түріне байланысты қойылатын талапқа, қолданылуына, технологиялық өңделу мен материалдың сипатына, адам денесінің пішіміне байланысты киім формасы түрлі жіктелулерге ие.

Киім формасы қабылдау нәтижесінде біз оның жеке бөлшектерін басқа бөліктермен салыстырамыз. Салыстыру немесе өлшеу арқылы біз сызықтың шамасын, көлемін, ауданын, материалдың фактуралық ерекшелігін, түстік таңба шамасын байқаймыз. Сонымен біртектес екі шама өлшемдерінің нәтижесі қатынас болып саналады. Екі шаманы салыстыруда оны дұрыс қабылдау қатынасы олардың үйлесімділігі мен мөлшерлестігінің айғағы.

Үйлесімділіктің ең қарапайым түрі ұқсастық, яғни тепе-теңдік (сызықтардың, аудандардың, массасының фактура мен түстердің қайталануы, ұқсастығы) киім үлгілерін әзірлеуде ұқсастық қатынастардың қолдануда ескерілетін жай, бірдей элементтер бірнеше қайталанып отырса, ол адамды шаршатып, қабылдауды тежеп, көзді тез шаршатады.

Киім сызықтарындағы, аудандардағы массамен фактура, түстердегі аздаған ерекше-өзгешелік нюанстық қатынасты сипаттайды. Бұл өзгешеліктің шамасы артқан сайын, адамның тез қабылдауына бұл қатынас әсер етеді.

“Нюанс” сөзі - “өзгешелік”, “аздаған ауытқу” дегенді білдіреді.Нюанс (үйлесімділік)- бұл қарама-қарсылықтың ұқсастыққа ауысу кезеңі деп түсінуге болады.Бір түсті киімүлгісіне қарағанда шамалы жартылай реңді түстердің азғана шағылысуынан пайда болған реңдердің өзара үйлесімділігін пайдалану арқылы киімді әдемі әрі сәнді етіп көрсетуге болады. Бұл қағиданы жеке шығармашылық жұмыспен айналысатын суретшілер басымырақ қолданады. Жас әрі нәзік қыздың мінезіне сай киім үлгісін әзірлеуде «шамалас» қағидасын ұстануға болады. Шамалас –костюмде бір элементтің қайталануы түрліше вариантта кездеседі.Мысалы, сәндік шынжыр ол сөмке бауы, сағат бауы, жакет қалтасы аяқ киімдердің жеке бөліктерінде, сонымен қатар тағыншақтарында, киім матасының суретінде қайталануы мүмкін. Ол қызға жарасатын, оның нәзіктігін әрі жасына сай, жұқа нәзік әрі жеңіл суретті матадан жеңіл көйлек, ал қолына кішірек сөмке, нәзік тағыншақтар ұсынуға болады.

Ал, қарама-қайшылықты яғни контрастылық заңына сәйкес жүретін болсақ онда, біз бұл қызға өлшемі үлкен әскери комбинизон, өкшесі қалың, дөрекі аяқ киімін ұсыну арқылы үлкен әсер туғызуымызға болады. Сонымен қатар контраст қарама-қарсылық қатынас –бұл айқын көрсетілген қарама-қайшылық, ол қарама-қайшылықтар киім формасында, түсінде, көлемінде, мата фактурасында және т.б. байқалады. Мысалы, ақ пен қара екі түсті салыстыруда айқын контрастылық байқалса, ал нюанстық қатынасты бірізділік, реттілік ауысу байқалады, оны ақ, ақшыл сұр, сұр, қара түстер арасындағы сұр түстер градациясынан байқауға болады.

Киім үлгілеріндегі сызықтардың, аудандардың, массаның, фактураның, түстердің, арасындағы айқын байқалатын қарама-қарсылықты контрасты қатынас деп атаймыз.Контраст- кейіпкерді айқын әрі есте қаларлықтайетіп көрсетеді, дегенімен біркелкі емес екі түрлі етіп. Мысалы бір костюмде ұмытылған классикалық стил мен фолклорлық стил сіздің имиджіңізге ерекше колорит пен шарм туғызады.

Киім моделін әзірлеуде контрасты қатынасты пайдалануда оның формасын тұтас қабылдауды басшылыққа алу қажет. Өте айқын контрасты қатынастағы киім үлгілерін бейнелеуде салыстырмалы бөліктердің өзара дұрыс шешімділігін табуды қажет етеді. Нюанстық қатынас ұяңдық пен мәнерсіз соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, киім үлгілерін ұсынуды контрастық және нюанстық қатынастардың өзара үйлесімділігін құруға болады. Мысалы, костюмде композициялық назар аудару орталығына басқаларын тәуелді ету үшін, басты элементті контрасты етіп, ал тәуелді элементтерді нюансты қатынаста бейнелеуге болады.