- •2. Құйма материялы және оның қасиеттері
- •3. Құйманың өндіру тәсілін таңдау
- •4. Қалыптау және өзекті қоспалар
- •Қосылма мен құю жүйесін конструкциялау және есептеу
- •Қалыптар мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю, қалыптау, кесу, тазалау және оймаларды термиялық өңдеу
- •7.2 Өзектерді дайындау
- •7.3 Құю және құрастыру
- •Қалыптау
- •7.5 Кесу
- •9. Құюмалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
7.5 Кесу
Металды өлшенген дайындамаға кесу үшін келесі тәсілдер қолданылады: қайшыда кесу; суық опырушы жабдықта опыру; металл кесуші жабыдықтарда кесу; анодты-механикалық және
қажақтық білдектерде кесу; газды кесу.
Шабу. Сыналы құрал-сайманды енгізумен дайындаманы кесуді шабу деп атайды. Ыстық металды шабуды баспақта орындайды. Осы тәсілді тағы да, негізгі металдан жарамсыз бөлімді кескен кезде қолданады. Бұл тәсілмен металды шапқанда көп қалдық қалмайды. Шабу тәсілін қолданғанда металды суықтай немесе ыстықтай импульсті кесетін «МИР» машинасын қолданады.
Кесуді бір-біріне қарама қарсы қозғалатын сына тәрізді тілімше пышақты кіргізумен іске асырады. Импульсті шапқан кезде пышақтың металға бастапқы ену жылдамдығы 30 м/с дейін болып, металл қалдықсыз шабылады. Айтылған себептер тәсілді шартты түрде қалдықсыз тәсілге жатқызуға мүмкіндік береді.
Сыналы құрал-сайманмен домалату. Осы шығынсыз тәсілді, дөңгелек пішінді шыбықтар мен орташа және жоғары қаттылығы бар металдан жасалған құбырды салыстырмалы ұзын дайындамаларға кесу үшін қолданады. Алдымен жону білдегінің қысқышына бекітіліп айналып тұрған шыбыққа, V ұқсас бунақты пайда болғызатын аунақшаны кіргізеді (1.1- сурет). Содан кейін шыбықтың кесілетін бөлімінің консольді шетіне күш түсіріп, кертік жазықтығы бойымен шыбықты сындырып, шыбықты немесе құбырды өлшемді дайындамаға бөледі. Дайындама толық бөліну үшін керекті илемнің айналу саны металдың механикалық сипаттамасынан, шыбықтың
қимасының өлшемінен және шыбықтың бос шетінің майысым мөлшерінен тәуелді болады. Осы тәсілмен кесілген дайындама жиек бойынша қиықжиекке және бүйіржақ бетінде кедір- бұдырлыққа ие болады. Тәсіл шектеп қолданады.
Суық опыру. Суық опыру тәсілін қолданған кезде, шыбыққа алдын ала кернеу шоғырлағышты (кертікті) түсіреді, содан кейін көлденең статикалық және динамикалық күшпен шыбықты (илемді) дайындамаларға сындырып бөледі. Суық опыру қатты металдардан жасалған шыбықтарды (45, 45Х, ШХ15 және басқа болаттар) дайындамаларға бөлудің шығынсыз және өнімді тәсілі болып саналады. Жұмсақ металдарды суықтай сындырғанда олар қатты
деформацияланады, сондықтан олар үшін бұл тәсіл көп қолданылмайды. Аз көміртекті болаттарды опыру үшін, оларды 250...300 оС температурасына дейін қыздырып, дайындамаға бөледі. Опыруды, көлденең қимасының диаметрі 50 мм-ден үлкен болатын шыбықты, ұзындығы қима диаметрінің 0,8-нен үлкен болатын дайындамаға бөлу үшін көбінесе қолданады. Әсіресе, үлкен қимасы бар шыбықты дайындамаға бөлу үшін опыруды қолдану жақсы нәтижені берді.
Опыруды мынадай түрлерге бөледі: біртіректі (1.2, а- сурет), екітіректі (1.2, б-сурет) және консольді (1.2, в-сурет). Бөлінетін беттің ең кішкентай дәлдігіне консольді опырумен алынған дайындама иемденеді. Осыны күш түсірудің асимметриялығымен түсіндіруге болады. Опырудың алдында шыбықты белгілейді және h тереңдігі бар кертікті түсіреді. Осы кертіктің тереңдігін келесі формуламен анықтайды: h K 3 a , (1.1) мұндағы а – дайындама қимасының биіктігі немесе диаметрі; К = 1...2 – болаттың беріктігінен тәуелді болатын коэффициент (морт сынатын болаттар үшін К = 1).
1.1-сурет. Дөңгелек илемді және құбырды сыналы аунақшамен
домалатып (а), домалатып және сындырып (б)
1.2-сурет. Суық опырудың сұлбасы
Қайшыда және қалыпта кесу. Қалыпта немесе қайшыда шыбықты кескенде, жақындайтын пышақтармен шыбыққа әсер етіп, кесілетін бетпен шыбықтың бөлімдерін ығыстырып, кесуді қалдықсыз жүргізеді. Бұл шыбықты дайындамаға бөлудің ең көп таралған және үнемді тәсілі болып саналады. Кесілетін дайындаманың пішіні мен өлшемінің дәлдігі, пластикалық деформацияның даму дәрежесінен және қираудың түрінен тәуелді болады. Жалпы жағдайда дайындаманың беті деформацияланбаған бөлімнен 1, жаншылған бөлімнен 2, сүйретілме бөлімінен 3, тегіс пластикалық деформацияланған (жылтырайтын) белдеушелерден 4 және бүйір жақтағы кедір- бұдыр толқын тәрізді бөлімнен 5 тұрады (1.3-сурет). Кесілетін металдың қасиетіне, кесудің тәсілі мен жағдайына, дайындаманың өлшеміне байланысты жеке бөлімдер азды-көпті байқалынуы немесе толық жоқ болуы мүмкін. Дайындамада ажыратуға болатын алдыңғы П және артқы З жақтары бар. Артқы жақтың пішіні көбірек бұрмаланған. Дайындаманың бүйір жағынан ішкі жағына қарай пластикалық деформацияның аймағы 6 тарайды. Шыбықты суықтай кескенде осы аймақтағы металл беріктенеді, құрылымы және механикалық қасиеттері өзгереді. Металдың температурасынан және деформация жылдамдығынан алынатын дайындаманың сапасы едәуір әуелді болады.
Қалыпта және қайшыда кесу келесі тәсілдермен орындалады (1.1-кесте):
1. Ашық кесу. Осы кесуді қолданғанда, пышақпен салыстырғанда шыбықтың және оның кесілетін бөлімінің қозғалуын шектемейді. Тәсіл дайындаманың дәл пішінін алуды қамтамасыз етпейді. Сондықтан осы тәсілді шағын-сериялы өндірісте ұзын дайындамаларды қол қайшымен кескенде қолданады.
2. Толық ашпай кесу. Қозғалмайтын пышақта шыбықтың бұрылуын шектеу, бұл тәсілдің бірінші тәсілмен салыстырғанда айырмашылығы болып саналады. Бірақ та кесілетін бөлімнің қозғалуын шектемейді (бірінші тәсілде сияқты). Бұл, айтылған тәсілмен кесілетін дайындаманың дәл пішінін алуды қамтамасыз етпейді.
Осы тәсілде ашық қозғалатын пышақты қолданатындықтан, кесілген дайындаманы пышақ аймағынан оңай кетіруге (құлатуға) болады. Кесудің жылдамдығы жоғары болғанда (40 м/с жоғары) айтылған тәсілді қолдану тиімді екені дәлелденген.
1.3-сурет. Шыбықты қалыпта немесе қайшыда кескенде дайындаманың бетіндегі ерекше бөлімдері және пластикалық деформация жүрген бүйір жақтағы бөлім
1. Толық жаппай кесу. Бұл тәсілдің толық ашпай кесуден айырмашылығы болып, шыбықтың және тағы да кесілетін бөлімнің бұрылуы мен иілуін болғызбау саналады. Осындай айырмашылыққа пышақта шыбықты енжарлы немесе белсенді көлденең қысып жетеді. Бірінші және екінші кесу тәсілдерімен салыстырғанда, осы тәсілмен кесілген дайындаманың пішіні кішкене ғана бұрмаланады. Сондықтан толық жаппай кесуді қазіргі кезде көптеп қолданады. Айтылған тәсіл, ұзындығы шыбықтың қимасының 0,8 биіктігінен үлкен дәл дайындамаларды қалыпта және қайшыда шығынсыз кесудің негізгі тәсілі болып саналады. Енжарлы көлденең қысатыны бар толық жаппайтын кесуді, тұтас төлкелі пышағы бар қалыпта жиі үргізеді (шыбық пен пышақ арасында көлденең саңылау бар),
ал белсенді көлденең қысатыны бар толық жаппайтын кесуді, ашық жыртылай төлке пышағы және сыртқы күшпен Q шыбықты пышаққа қысуды қамтамасыз ететін құрылғысы бар қалыпта жүргізеді. Осы сұлба толық жаппай кесудің ең жақсы сұлбасы болып саналады және ең дәл дайындаманы кесуді қамтамасыз етеді.
2. Жабық кесу. Жабық кесуді жоғарыда келтірілген кесу тәсілдерімен салыстырсақ, онда жабық кескенде ғана пышақтың тұйық қуысында орналасқан шыбықтың кесілетін бөліміне осьбағытпен қысатын күшті түсіретіндігін байқаймыз.
