Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оиОм 7-9, 13-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.21 Кб
Скачать

3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.

Жуу машиналары. Бұйымдарды немесе бөлшектерді термиялық өңдеуден кейін ластанудан , майдан, тұздан тазалау үшін жуу машиналарын пайдаланады. Бұйымды , жабдықты тұздан, майдан тазарту үшін жуу құралы ретінде оны қызып тұрған сілтінің ерітіндісінде ,3-10% кальцинирленген содада жуады. Ерітіндінің температурасы 80-90 °С тең температураны ұстап тұрады. Осы мақсатта жуу бактары мен машиналарын пайдаланады.

Механикалық және термиялық өңдеуден кейін детальдарды кірден,майдан,тұздан тазартып жуу үшін көбінесе каустикалық соданың көп компоненті сілтілі ерітіндісін, металлсиликат натрийді, натрий фосфаттың және беткі-белсенді заттар қосылған басқа да 6-100г|л мөлшеріндегі концентраттарды қолданады. Шынықтырғаннан кейін сұйық шынының 3-5% ерітіндісімен немесе құрамына 75% индустриалды май, 22% оксидол майы, 1% дейін және 2% спирті бар 10% эмульсол қосылған суда жуған кезде детальдар өте жақсы, сапалы тазартылады. Көбінесе 70-90°C ыстық жуғыш ерітінділер қолданылады. Англияда суық ерітіндіні қолданып, соңынан ыстық ауамен үрлеуді ұсынады, ол елде,әрине, бұлай жасауға болады. Бұл мөлшерде энергия шығынын 4 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

ГАЗ-да 1)кальцийленген соданың (1,5%) және сұйық шынының (1%).2) кальциленген соданың (1-2%) 3)тринатрийфосфаттың сулы ерітіді детальдары үш сатылы жууды қолданады. Детальдарды әрбір ерітіндіде 80-90°C 1,5мин бойы жуады. Ұзақ уақыт бойы сақталатын детальдарды жуып болғаннан кейін концервациялайды. Ол үшін оларды 40-60°C натрий нитридінің 30% тек ерітіндісіне 3-5минут салып қояды. Детальдардың сыртында пайда болған тотықты қорғаныш қабығы олардың қоймада екі жылдан астам сақталуына мүмкіндік береді.Детальдарды тұтқырлығы жоғары майларда шынықтырғаннан соң жууды сондай ак май салқындататын жүйелердің элементтерін құбырларды фильтрлерді, май салқындатқышты түтікті өзекшелерді мен тіліктері тазартуды уайт спиртпен , тринатрийфосфатты 5-6% сулы ерітіндісімен немесе ВНИИНП-102 присадкасының көмегімен жүзеге асырған ыңғайлы болады. Детальдарды өндірістік жуудың түрлі әдістері бар: ваннаға малып алу, ерітіндіні соплодан қысыммен сорғалатып ағызу арқылы тазарту, бумен тазарту. Детальдарды малып алған кезде платформаға салады, ол пневматикалық механизмнің көмегімен жоғары –төмен жылжып , ерітіндінің қажетті айналысына мүмкіндік туғызады. Сорғалатып ағызып жуу әдісі малып алғанмен салыстырғанда уақыттан ұтады. Жуу ерітіндісін қысыммен сопло арқылы 2-12атм-ға дейін береді;шағын өондырғыларда сұйықтық шығыны 250-1000л\мин. Жуғыш құралдарға арналған бактың сыйымдылығы сорғының өнімділігіне 3:1 болуы керек деп саналады. Бұл сұйықтықты асықпай құйып, майдың шөгуін, қолданатын жуғыш құралдардың беріктігін арттыруды, ерітінді неғұрлым біртегіс қыздыруды, сондай-ақ ваннадағы сұйықтықтың деңгейінің тұрақтылығын сақтаулы қамтамасыз ету үшін қажет. Өндірістің көлемі шағын болған кезде ТМД көлемі 0,7х0,7х0,8м, салындының салмағы 10-нан 50кг-ға дейін , жуу ұзақтыығы 3-7мин.

15-билет