- •1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.
- •2 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар
- •3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •1Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар
- •2Пеш-ванналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3Шахталық пештер.
- •1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.
- •2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.
- •3Азоттауға арналған шахталық пештер.
- •1 Вакуумды пештер.
- •2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.
- •3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.
- •1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.
- •3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.
- •1Периодтық қимылмен пештер.
- •2 Қайнымалы қабаттарымен агрегаттар.
- •3 Түзетуге арналған жабдықтар
3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Термиялық цехтардағы техника қауіпсіздігінің және өрт қауіпсіздігінің ережесі тиісті нұсқаулар мен қаулыларда және т.б. жасалып, ұсынылған.
Термиялық электр пештерінде жұмыс істеу кезінде техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелері сақталуы керек. Термиялық электр пештердің үстіңгі температурасы мен үйдегі ауаның температурасының әртүрлілігі 30-40ºС аспауы керек. Пешті басқарудың және қызмет көрсетудің барлық механизмдері жұмысшыға жоғары температура мен зиянды газдардың әсері ықпал етпейтіндей етіп орнатылуы керек. Есіктің пештің корпусына тығыз жабылуы үшін еңкейтіп салу ұсынылады. Жоғары температуралы пештерде жылу шашыратуды азайту үшін пештің алдында слюда терезесі бар асбесті қорғаныш экраны орнатылуы мүмкін.
Термиялық электр пештерінің есік ашылған кезде токты автоматты түрде ажырататын блоктау жүйесі болуы керек. Пештің ток жүретін бөліктері оқшауландырылуы немесе қоршалуы тиіс. Қоршау және басқа ток жүретін металл бөліктері жерге қосылуы керек.
Пешті жаққанда көзәйнек киіп алу керек және пештің есігінен аулақта тұру қажет.
Термиялық өңдеудің әр түрінде қолданылатын газдар –табиғи, экзо- және эндотермиялық және т.б. жанатын құрамымен, яғни сутегі, метан, көміртегі тотығы. Сондықтан бұл жанғыз газдардың өзі емес олардың оттегі бар ауамен қосындысы қауіпті болып табылады. Жарылыс – оттың таралу жылдамдығы 1000 м/с болатын жанудың бір сәттік үрдісі.
Газқұбырларынцехтақабырғаға еденнен бірнеше метр биіктікте шамалы еңістеу етіп жүргізеді. Кейде магистральдан пешке қарай шағын қашықтыққа газ құбырын жүргізген кезде туннельге немесе каналға салады.
Қауіпті газ қоспасын түзілмеуін және жарылыс болуы мүмкіндігін болдырмау үшін келесі жалпы ережелерді сақтау керек:
Жабдықтың жай-күйін, газдың ағун болдырмау үшін газөткізгіштер мен тиек арматурасын мұқият бақылау.
Бақылау-өлшеу аппаратының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
газдың жинақталуы мүмкін жерлерде жылудың немесе темекінің ашық көздерін болдырмау
Электрқондырғыларды (қозғалтқыштар, сөндіргіштер т.б.) тек ұшқынға қауіпсіз жерлерде қолдану
Пешті жаққанда көзәйнек киіп алу керек және оттықтан, пештің есігінен аулақта тұру қажет. Оттықтың жануы тоқтаған кезде қайта тұтатар алдында пешке ауа үрленуі керек. Газдың берілуі тоқтаған кезде оттықтар өшіріледі. Кейде жалын оттықтың ішіне түсіп кетуі мүмкін мұндай жағдайда да оттықты өшіріп тастайды. Оттықтар суып, дұрыс жанбаудың себебі анықталып, кемшіліктері жойылғаннан кейін барып қайтадан жағуға болады. Мазутты пештерді жағардың алдында да пешті ауамен үрлеп алуға кеңес беріледі. Пешті жағу үшін форсунканың алдыңғы от жағындағы кеңістікке тұтандырып алған факлді жақындатады. Алдымен ауаны жібереді, сосын біртіндеп мазутты вентильді ашады. Қоспа жанғаннан кейін факелді алып тастайды да жануды реттейді. Термиялық цехтарда да өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Цехта өрт шыққан жағдайда оттықтар немесе форсункалар дереу өшірілуі керек, яғни пештін газ, мазут, вентильдері мен ауа шиберлері жабылуы керек.
8-билет.
