- •1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.
- •2 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар
- •3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •1Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар
- •2Пеш-ванналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3Шахталық пештер.
- •1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.
- •2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.
- •3Азоттауға арналған шахталық пештер.
- •1 Вакуумды пештер.
- •2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.
- •3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.
- •1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.
- •3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.
- •1Периодтық қимылмен пештер.
- •2 Қайнымалы қабаттарымен агрегаттар.
- •3 Түзетуге арналған жабдықтар
1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.
Қайнап жатқан қабатта термиялық өңдеуге арналған пештер әр түрлі конструкцияда болуы мүмкін- камералық, щахталық, ванналық және т.б Өнеркәсіпте ОКБ-1312 шахталық электр пеші кеңінен қолданылады, қайнау қабаты бар бұл пештер шахталық пештердің тұзды және селитралы ванналардың орнына шынықтыруға, жұмсартуға және жасытуға арналған. Пештің көлемі : d=400мм, h=400мм; жұмыс температурасы 900°С, қуаты 140 кВт, өнімділігі 400 кг/сағ.
Қайнау қабаты бар агрегаттар құбырларды, сымдарды, таспаларды және т.б термиялық өңдейтін жалын және муфельді электр пештерінің орнына пайдаланылады.
Агрегатта құбырды термиялық өңдеу қайнау қабаты бар қыздыру камерасы 5-10 муфельмен жабдықталған және оның өз бетінше реттелетін екі зонасы бар. Зонаның ұзындығы мен ені бойынша температураның өзгеруі болмайды десе де болады. Газ бөлу торының 68 қалпағы бар, газ ауамен араласу коллекторында араласады. Пег 850-1100° С температураның аралығында жұмыс істейді. Құбырлар беруші және қабылдаушы роликтердің көмегімен орналастырылады, роликті столдан қалтаға шынжырлы тастағышпен тасталады. Сырты тұнық құбырлар алу үшін муфельге қорғаныш газы беріледі (94-96% N2+ 4-6 % Н2 ). Қайнау қабаты бар пеште құбырды қыздыру уақыты кәдімгі роликті немесе конвейерлі пешке қарағанда 2 есе аз.
2 Нитрокөміртектендіруге арналған агрегаттар.
Нитрокөміртектендіруге арналған агрегаттар, пештер:
- 950°С нитро цементация үшін шахталық пеш -ПШЦ 6.12/9,5
- 950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- ПЩЦ 6,9/9,5
-950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.13/9,5
- 950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.18/9,5
-950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.25/9,5
- нитроцементация үшін СШЦМ 6.6/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- нитроцементация үшін СШЦМ 6.12/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- нитроцементация үшін СШЦМ 10.25/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- нитроцементация үшін СШЦМ 20.20/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
Газдық цементация мен нитроцементация үшін көптеген итермелі агрегаттар жасалып шықты. Бұл агрегаттар массалық және көп сериялы өндіріс үшін арналған. Ең маңызды қолданысын олар машина жасауда, автомобильді, тракторлық, мойынтіректік және бас қа салаларда тапты. Барлық агрегаттарды жылулық энергияны жұмсауына байланысты классификациялауға болады - газдық және электрлік, констукциясы бойынша пештер - муфельді және муфельсіз. Итермелі агрегаттардың ең алғашқы констукциясы газдық жанармайдағы муфелдьі пештер болатын. Агрегат муфельді цементациялық пештен, шынықтыру багынан, жуу машинасынан және босату пешінен тұрады. ТЦПА-160 типті муфельді агрерат бар ,бірақ электропештері бар. Агрегат өлшемдері 300х300х800 мм максимал болатын болаттың бөлшектерін химия-термиялық өңдеуге арналған. Кейінгі газдық цементацияға арналған агрегаттардың дамуы муфельсіз тікелей агрегаттардың пайда болуына алып келді. Бұл агрегатта муфель болмайды, және газдың жануы процесті тездететін радиационды құбырларда жүреді. Агрегат муфельсіз пештен, механизацияланған цилиндрлік шынықтыру багынан, жуу машинасынан, ауаны қадағалайтын бостау пешінен, суыту камерасынан тұрады. Агрегаттың өндірілуі 240-700 кг/сағ жетеді. Цементациялық пештің қызуы қыздыру құбырлары арқылы жүргізіледі. Химия- термиялық өңдеудің ең жоғарғы сапасын газдық цементация немесе нитроцементация процесі кезінде эндотермиялық атмосфераны, табиғи гады және аммиактық пайдаланғанда алуға болады. Газдық цементация мен нитроцементация үшін массалық өндірісте үздіксіз қозғалатын муфельсіз агрегаттар пайдаланылады.
