Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оиОм 7-9, 13-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
560.21 Кб
Скачать

3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.

Металды ультрадыбыстық тазалау ластануды тез жоятын кепілді әрі қазіргі замангы тәсіл болып табылады.

Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды өнекәсіптегі түрлі процестердің интенсификациясы үшін пайдаланады.

Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды қолдану:

- лабораториялар мен цехтарда

- детальдардың аздағын тобын тазарту және эксплуатациялық тазарту

- Металлизацияның алдында беткі тазарту

- флюстерді жою

- трафераттарды тазалау

- гидрогенераторлардың бөлігін эксплуатационды тазалау

- металдық пневмоклапандардың тораптарын тазалау

- комьютерлік қатты дисктің тораптарын тазалау .

Мына өндіріс салаларында ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды пайдаланады: машинажасау, медицина, оптика, офтальмология, авиация,космос, электроника.

Ультра дыбыстық ванналардың жұмыс істеу принципі сұйық және қатты денелерде таралатын және серпімді толқындарға ие ультрадыбыстық тербелістерге негізделген. Замануи ультрадыбыстық ванналар былай конструкцияланған: мұндағы бастапқы механикалық тербелістер ваннада емес, керісінше шөміштің жиектеріне қатты бекітілген, осыған байланысты ваннаның өзі резонансты дене болып, ал ондағы сұйықтық бірдей қарқынды тербеліске ие болады. Сұйықтық ретінде көбінесе техникалық жуғыш құрал ерітіндісі пайдаланылады.

Ультрадыбыстық ванналардың модельдері: ПСБ -1335-05, ПСБ-22035-05,ПСБ- 4035-05 т.б және ультрадыбыстық генератор УЗГ-50-05 жатқызуға болады.

Ультрадыбыс (УД) тазартуды тездетеді және детальдардың беткі жағын жарқыратын тазартып, бұйымның сапасын жақсартады. Сонымен қатар, ультрадыбыспен тазарту термиялық өңдеудің тасқынды желісіне жеңіл қосылады.

Тазарту кезінде ультрадыбыс кавитациясы құбылысы пайдаланылады. Сұйықтыққа ультрадыбысты жіберген кезде кавитациялық көпіршіктің пайда болуы, өсуі және жабылуы жүреді. Кавитация кезінде көпіршіктің екі типі пайда болады – бүлкілдейтін және жабылып қалатын. Жабылып қалатын көпіршіктер отқабыршақты, майды және т.б. алып тастауға мүмкіндік тудыратын қатты импульсті генерациялайды

УЗА-1 және УЗА-2 агрегаттары. Бұлардағы тазарту кәдімгі ерітінділерде магнитострикациялық өзгерткіштердің көмегімен өтеді, олар қоректі УЗГ-30 немесе УЗГ-10 генераторларынан алады.

УЗА-1 агрегатының бес ваннасы бар, жұмыс циклі автоматты. Детальдар пневматикалық механизмнің көмегімен торға салынып, агрегаттың ішіне орналастырылады да, шетінен тазартылады, шайқалады және кептіріледі. Өзгерткіштер ваннаның түбіне орнатылады. Агрегаттың тиеу механизмі және насос станциясы бар.

Ванналарға УЗГ-10Ц және УЗГ 2-1016 генераторлары және ПМС-6м72 магнитострикациялық өзгерткіштер қызмет көрсетеді. УД есебінен тазару кезінде ваттық шағын 0,59-дан 0,57 Вт/кг дейін кеміді., бұл трансформаторлар көлемін азайтуға және тиісінше болатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ультрадыбыстың әсерімен отқабыршақты түсірудің жыламдығы 2-3 есе артады. Мұны былайша түсіндіруге болады: кәдімгі ерітіндімен өңдеу кезінде сутегінің көпіршіктері отқабыршақтың тесіктерін тығыздап жауып тастайды да, ерітіндінің енуіне кедергі жасайды. УД әсерімен сутегінің бұл көпіршіктері жарылады да, тесікті тазалайды.

14-билет