- •1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.
- •2 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар
- •3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •1Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар
- •2Пеш-ванналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3Шахталық пештер.
- •1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.
- •2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.
- •3Азоттауға арналған шахталық пештер.
- •1 Вакуумды пештер.
- •2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.
- •3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.
- •1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.
- •3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.
- •1Периодтық қимылмен пештер.
- •2 Қайнымалы қабаттарымен агрегаттар.
- •3 Түзетуге арналған жабдықтар
1 Вакуумды пештер.
Вакуумды пештер- вакуумда немесе қышқылсыз атмоферада термиялық өңдеу жүргізуге арналған пештер. Вакуумды пеш кез-келген термиялық өңдеу: цементация, босату, жасыту,газдық шынықтыру,карбонитраттау, нитроцементация, құю кезіндегі дегазация, керамиканы дәнекерлеу, вакуумдік пайка, металл ұнтақтарын дәнекерлеу сияқты барлық процесстерді өткізуге болатын универсалды құрылғы. Вакуумда термиялық өңдеу жүргізудің ең басты ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ең төменгі тот басу мен өлшемдернің өзгерісі,
- Термиялық өңдеудің тұрақты сапасын алу,
- бөлімдері бойынша қасиеттердің біртектілігі,
- нәтижелердің бақылауы және алдын ала анықталуы
- оптимальды қаттылықтың алынуы
- бұйымның таза және жылтыр беткі қабатының алынуы.
Вакуумды пештер турбиналық курек заводтарында ,аспаптық-құрылыс, радиотехникалық, электртехникалық өндрісте қолданылады.
Вакуумды пештер элеваторлық(СЭВ), камералық (СНВ), табаны жылжымалы камералық ,шахталық (СШВ) болып бөлінеді.
СЭВ типті элеваторлы электр пеші қыздыру пешімен ,салқындату камерасынан, салындыны пешке тиеуге арналған көтеру арбасынан, вакуумды жүйеден және электр жабдықтарынан тұрады.
Вакуумды пештің маңызды элементі ретінде қыздыру камерасы болып табылады. Вакуумды пештер конструкциялық тұрғыдан ретортты болуы мүмкін, онда қыздыру элементтері мен термоизоляция камераның сыртында орналасады ; және де классикалық вакуумды камералық пеш болуы мүмкін, онда қыздыру элементтері мен термоизоляция және басқа барлық механизмдер қыздыру камерасының ішінде қос сумен суытатын қабырғалармен орналасқан. Мұндай вакуумды пештің классикалық компонентінде 2500 С және одан жоғары кезде ең жоғары температура мен терең вакуумға жетеді.
Ең көп тараған вакуумды пештерге : камералық вакуумды пештер, шахталық ваккумды пештер, қоңыраулы вакуумды пештер типі жатады.
Шахталық вакуумды пештер тігінен бағытталған камерага ие, онда отыру жүктемесі үстінен орындалады. Қоныраулы вакуумды пештер де тігінен бағытталған камераға ие, оның астыңғы қақпағы үстелше болады және отыру жүктемесі астынан жүргізіледі.
Вакуумды пештерді авиакосмостық салады, медицинада, машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібінде, электронды өнеркәсіпте, металдық ұнтақтарды және керамиканы дәнекерлеу үшін пайдаланады. Жоғары температурадағы майда шынықтырылған вакуумды пештер - В5-ТН, В6-ТН; төменгі температурадағы вакуумды пеш- ВА5,; жоғары температурадағы газбен суытылған вакуумды пеш- В8-Т, В5-Т.
2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.
Газды өнеркәсірте көміртектіндіру үшін Ц сериялы муфельді пештер кеңінен тараған. ОЛардың қуаты 25 кВт-105кВт , жұмыс температурасы 950С: Ц-25, Ц-35, Ц-60, Ц-75, Ц-105, Ц-35-б пештері жатады.
Газдық цементация мен нитроцементация үшін көптеген итермелі агрегаттар жасалып шықты. Бұл агрегаттар массалық және көп сериялы өндіріс үшін арналған. Ең маңызды қолданысын олар машина жасауда, автомобильді, тракторлық, мойынтіректік және бас қа салаларда тапты. Барлық агрегаттарды жылулық энергияны жұмсауына байланысты классификациялауға болады - газдық және электрлік, констукциясы бойынша пештер - муфельді және муфельсіз. Итермелі агрегаттардың ең алғашқы констукциясы газдық жанармайдағы муфелдьі пештер болатын. Агрегат муфельді цементациялық пештен, шынықтыру багынан, жуу машинасынан және босату пешінен тұрады. ТЦПА-160 типті муфельді агрерат бар ,бірақ электропештері бар. Агрегат өлшемдері 300х300х800 мм максимал болатын болаттың бөлшектерін химия-термиялық өңдеуге арналған. Кейінгі газдық цементацияға арналған агрегаттардың дамуы муфельсіз тікелей агрегаттардың пайда болуына алып келді. Бұл агрегатта муфель болмайды, және газдың жануы процесті тездететін радиационды құбырларда жүреді. Агрегат муфельсіз пештен, механизацияланған цилиндрлік шынықтыру багынан, жуу машинасынан, ауаны қадағалайтын бостау пешінен, суыту камерасынан тұрады. Агрегаттың өндірілуі 240-700 кг/сағ жетеді. Цементациялық пештің қызуы қыздыру құбырлары арқылы жүргізіледі. Химия- термиялық өңдеудің ең жоғарғы сапасын газдық цементация немесе нитроцементация процесі кезінде эндотермиялық атмосфераны, табиғи гады және аммиактық пайдаланғанда алуға болады. Газдық цементация мен нитроцементация үшін массалық өндірісте үздіксіз қозғалатын муфельсіз агрегаттар пайдаланылады.
Пештер:
- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш -ПШЦ 6.12/9,5
- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- ПЩЦ 6,9/9,5
- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.13/9,5
- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.18/9,5
-950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.25/9,5
- цементация үшін СШЦМ 6.6/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- цементация үшін СШЦМ 6.12/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- цементация үшін СШЦМ 10.25/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
- цементация үшін СШЦМ 20.20/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші
