- •1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.
- •2 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар
- •3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •1Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар
- •2Пеш-ванналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3Шахталық пештер.
- •1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.
- •2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.
- •3Азоттауға арналған шахталық пештер.
- •1 Вакуумды пештер.
- •2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.
- •3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.
- •1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.
- •3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.
- •1Периодтық қимылмен пештер.
- •2 Қайнымалы қабаттарымен агрегаттар.
- •3 Түзетуге арналған жабдықтар
1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.
Термиялық цехтардың қосымша құрал –жабдықтарына бақыланатын атмосфера өндірісне арналған қондырғы немесе станция жатады.Болаттар мен қорытпаларды сериялық өндірісте термиялық өңдеу үшін гелий,аргон,азот сияқты инертті атмосфералар сирек қолданылады,сондықтан өңдірісте кеңінен қолданылатын азот сутекті атмосфераға ,сондай- ақ көміртекті легірленген болаттарды тотықтындырмай,көміртекті кемітпей және көміртектендіріп қыздыруға арналған экзо және эндотермиялық атмосфераларға тоқталуға болады.
Экзо және эндотермиялық атмосфералар диссоциаланған аммиак,техникалық азотты оттегі мен ылғалды тазарту жолымен азот сутекті атмосфера,сондай –ақ
Көтеру-көлік құралдары
Бұйымды бір операциядан екіншісіне беру үшін цех ішінде бөлімшелер,қоймалар,агрегаттар мен жұмыс орындары арасында көтеру көлік және аласа механизмдер пайдаланылады.
Көпірлі крандарды ірі бұйымдарды өңдегенде,газды көміртектіндіру кезінде қақпақты және муфельді пештерге қызмет көрсеткен кезде,жөндеу және монтаждау операциялары кезінде қолданылады.Бір көпірлі кран ұзындығы 60 м дейін жететін аралыққа қызмет көрсетеді.Жүк көтергіштігі 5,10,15,20,30,50 т,аралағы 12-ден 30 м болатын крандар неғұрлым көп қолдпнылады.
Арқалық кран (бірарқалықты крандар)салмағы 0,25-тен 3 тоннаға дейінгі бұйымды көтеріп,ауыстырғанға арналған.Арқалық кранның ұзындығы 3 метрден 12метрге дейін болады.Арқалық кран қолмен немесе төменнен түймелі құрылғымен басқарылатын электр двигательмен қозғалысқа келтіріледі.Жүкті қол немесе жүк көтергіштің көмегімен көтеріп түсіреді.
Монорельстерді шахталық пештерге қызмет көрсетуге,детальдар мен табандықты бір пештен келесі пешке,пештен шынықтыру багіне беруге қолданады.Монорельс дегеніміз екі таңбалы арқалық,оның төменгі аралағында электр тельфер жылжып жүреді.Жүк көтеру жылдамдығы 6-8 м\мин,қозғалу жылдамдығы 60-120 м\мин,ең аз дөңгелену радиусы-3м.
Консальды крандар пештер тобына оқшау қызмет көрсетуге,деталбдарды көрші аралыққа беруге арналған.Консальды қол крандары жүк көтергіштігі 1 т дейін жіне 360 градус айналатын болуы мүмкін.
Майды салқындатуға арналған құралдар
Қазіргі кезде майдың температурасын салқындататын және реттейтін автономды жүйеде жылу алмастырғыш су толтырылған ашық ыдыс түрінде кезедеседі.Суға қырлы радиаторлар пакеті салынады,сол арқылы май С шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Майдың температурасын реттейтін мұндай жүйе ВАЗ да бар.Цехтың барлық шынықтыру бактарын маймен жабдықтаудың және ағызудың орталық цехтық жүйесіне қосады.
2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.
3Азоттауға арналған шахталық пештер.
Азоттауға арналған США типті муфельді шахталық пештер - анағұрлым кең тараған пеш түріне жатады. Олар бір стационарлы немесе екі ауыспалы муфельден дайындалады. Азоттаудың құны салқындату жылдамдығына байланысты болғандықтан , ауыспалы муфелі бар пештер неғұрлым үнемді болып табылады. (әдетте қыздыру уақыты салқындату уақытына қарағанда 5-8 есе кем болады)
Ауыспалы муфелі бар пештерде жартылай үздіксіз цикл жүзеге асырылады- бір муфель қызғаннан кейін және ұстап болғаннан кейін муфельді алады, суыту камерасына ауыстырады немесе цехта ауада суытады, ал шахтаға бұйымның жаңа салындысы бар дайындалған басқа муфельді салады.
Егер пештің Бір стационарлы муфелі болатын болса, онда ол беруші коллектордан пеш арқылы өтіп, жиынтықты коллектор арқылы шығатын жылдамдатып сығылған ауамен салқындатылады. США-8.24/6-Л3 пештерінің жаңа конструкциясында салқындату үшін ауа желдеткішпен шибер мен канал арқылы пешке беріледі де , бұрылма құбыр арқылы шығады. Шахтаның мойын тұсында төрт құбыр жалпы бір коллекторға біріктірілген, одан қызған ауа пештен шығарылады.
ОКБ-3174 пешінде жылдамдатып салқындату үшін ауаны беріп және жіберіп отыруға арналған құрылғыдан басқа екі қақпақ көзделген. сыртқы жылу оқшаулағыш қақпақ пештің шахтасына қыздыру және ұстау кезеңінде орнатылады. Металл табақша тәрізді ішкі қақпақ муфелдьің саңылаусыз болуын қамтамасыз етеді және детальдарды іліп қою үшін керек. Ол ілулі тұрған детальдарды көтеруге және аустыруға арналған бейімдегіштермен жабдықталған. салқындату кезінде жоғарғы қақпағын алып, пешті ауамен үрлейді. Екі қақпағы бар конструкция неғұрлым тезірек салқындатылуын қамтамасыз етеді.
13-билет
